//

Атырауда екі жасөспірім 15-ші қабаттан лифт шахтасына құлап, қаза болды

1 мин. оқу

 

21 мамыр күні Атырауда екі жасөспірім абайсызда 15-қабаттан шахтаның жүк тасымалдайтын лифтіне құлап кеткен.

Зардап шеккендердің бірі оқиға орнында дүние салса, екінші жасөспірім облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Алмагүл ықшамауданында болған қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, барлық лифт шаруашылықтары тексерілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау қалалық ТЖ және жұмылдырылған жұмыс бөлімінің басшысы Талғар Хайруллин мәлімдеді.

Оның айтуынша, екі жасөспірім қаза тапқан жазатайым оқиғаның себебін анықтайтын комиссия құрылған.

– Барлық лифт шаруашылықтарына тексеру жүргізіледі. 94  көп қатарлы тұрғын үйде 266  лифт орнатылған. Оның 32-сі жұмыс істемейді, жетеуі жүк лифті, – дейді Талғар Хайруллин.

Трагедия болған үйдегі жүк лифті 2012 жылы демонтаждалған, есіктері дәнекерленген. – Жасөспірімдердің лифт шахтасына қалай кіргендерін тергеу жұмыстары мен құрылған комиссия анықтайды, –  дейді Т.Хайруллин.

Жазатайым оқиға болған тұрғын үй 2007 жылы салынған, 2010  жылы 16 қатарлы үй күрделі жөндеуден өтті,  сол кезде лифтілер де жөнделген. Лифтілерді іске қосумен  «Каспий лифт» ЖШС айналысады, ПИК, пәтер иелері мен аталған мекеме арасында үшжақты келісім жасалған

 

ult.kz

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Latest from Blog

eGov.kz порталынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Егер тегіңіз өзгерсе, жоғалтып алсаңыз, уақыты аяқталса жүргізуші куәлігін eGov.kz порталынан рәсімдеуге болады деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі.  Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және