//

Бангидегі қандасымыз: Африкада карантин болғанымен, халық көшеде өріп жүр. Себебі, кедей елдің тұрмыстық тауқыметі үйде отыруға мүмкіндік бермейді

2384 рет қаралды

“Қазақстандағы өзге ел студенті: біз ата-анамызбен тезірек қауышқымыз келеді” атты мақаламызда Африкадағы қандасымызлың сұхбат беруден бас тартқаны туралы жазғанбыз. Сол себепті біз Африка елінен өзге қандастарымызды іздестірдік. Нәтижесінде Орталық Африка Республикасының астанасы Банги қаласындағы қазақ отбасын тауып сұхбаттастық. Мамедалиева Айман Илясқызы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бақалы ауылында 1984 жылы дүниеге келген. Қазір жұбайы, 2 ұл, 2 қызымен Банги қаласында тұрады.

– Орталық Африка Республикасына баруларыңызға не себеп болды?

 – Қазіргі уақытта шет елде жұмыс істеп, білім алу, тәжірибе жинау, ел көру, жер көру кеңінен етек жайды. Бізге де сондай ұсыныс түсті. Мүмкіндікті жіберіп алмайық деп бірден қабылдадық. Жолдасым бұрыннан шет елге шығып, тәжірибе алмассам деп тілейтін. Сол арманымыз бүгін орындалды. Қазір Орта Африканың Банги каласында тұрамыз.

– Африка еліне қашан жол тарттыңыздар?

 – 2019 жылдың күзінде кеткен болатынбыз. Бұйырса жақында 1 жыл толады. Пандемияға байланысты мемлекет аралық шекаралар жабық болғандықтан біз Қазақстанға бара алмадық. Елге оралып, демалып жатқанға не жетсін. Әзірге ол мүмкін болмай тұр. Жол ашылғанда бірден Қазақстанға барамыз деген сенімдеміз.

– Карантин кезінде қандай іспен шұғылдандыңыздар?

 – Біз карантин кезінде құр жатпайық деп кітап жазумен айналыстық. Жолдасым СЕО болып жұмыс аткарады. Өзім тілден сабақ беремін. Карантин кезінде менің “Бізге беймәлім Банги” атты кітабым жазылды. Ол кітап қазір сатылымда бар. Кітап оқуға жеңіл. Барша оқырманға арналады. Кітапты оқу арқылы алыстағы Африка еліне саяхат жасайсыз. Жат елдің тұрмыс-тіршілігімен жақыннан танысып, қолда бардың қадірін түсінуге шақырады. Еңбекті оқи отыра туған жер мен тілдің құндылығын сезіне түседі деп ойлаймын. Қалғанын оқырман көзқарасы мен бағалауына қалдырайық. Одан бөлек көп кітап оқыдық. Өз балаларымызды жақыннан тануға мүмкіндік берді.

– Африкада коронавирус инфекциясымен күрес қалай болып жатыр? Вирус жұқтырғандар көп пе?

– Бұл ауыр індет әлемді дүр сілкіндіруде. Қазақ елінің басына түскен ауыртпалыққа жүрегім ауырды. Соңғы аптадағы толассыз қаза тапқан адамдардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Жұбан Молдағалиевтің:

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен, –  дегендей ел басына түскен нәубеттен құтылып, шуақты күндер қайта келеріне сенемін. Ал осындағы халықтың жағдайына келер болсақ, мұнда да жағдай жақсы емес. Халық дүрлігіп жатқан жоқ. Карантин деп айтылғанымен, бүкіл халық көшеде жүр. Себебі, жағдайы төмен мемлекет болғандықтан, күнделікті күнкөрістің қамын жасайды. Бұрынғымен салыстырғанда, көшеде екі есе адам көп. Жұқтыру, өлім саны да аз көрсетілген. 4000 адам жұқтырып, 47 өлім тіркелді. Мектептер ақырын жұмысын бастады. Оқушылардың дене қызуы өлшеніп, маскамен жүр. Әзірше індет жайлап және онымен күресіп жатыр деп айта алмас едім. Азық-түлік те айтарлықтай қымбаттамады.

Сұхбат бергеніңізге рақмет, Айман ханым. Аман-есен елге оралуларыңызға тілектеспіз!

Парақшамызға жазылыңыз

Жадыра Жанарбек

Minber.kz сайтының маусым айынан бастап авторы. Сулейман Демирел Университетінің 4-курс студенті. 2020 қаңтардан бастап “Halyqnews” сайтының Алматы қалалық тілшісі қызметін атқарған. Журналистерге арналған “Media CAMP Edyuton -2020” инновациялық курсының қатысушысы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар