Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жыл басынан бері картоп бағасы 48,6%-ға өскен. Бұл өсім маусымдық сипатқа ие. Мысалы, 2020 жылы дәл осы күні статистика органдары 46%-ға жуық өскенін тіркеген.

Осыған байланысты, Алматы қаласы тұрғындарының көбі азық-түлік алатын, әсіресе қаппен картоп алатын  Алтын орда базары, Барлық базарына барған едік.  Бұл жердегі халыққа әлеуметтік маңызы бар көкөністердің бағасына шағымданған жұртшылықпен, күн сайын бағасы өсіп, қымбаттап жатқан картоп, сәбіздің бағасының шарықтаған деңгейіне куә болдық. Алтын ордадағы Қазақстаннан шығатын Жетісай, Павлодар картобының бағасы – 450 теңге болса, сәбіздің бағасы- 500 теңге, қызылшаның бағасы  – 400 (Сарыағаш) теңге.

Ал, Тұрақтандыру қоры бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының төмендетілген 30% – 40%-ы бойынша Түрксіб жәрмеңкесіндегі Ташкент картобының бағасы – 130 теңге болса, сәбіздің бағасы -130 теңге, қызылшаның бағасы –370 теңге.


Барлық базарындағы тұтынушы Доскемпіров Бекболсын:

– Үкіметтің бұлай бағаны көтеруі дұрыс емес. Алдымен халықты ойлауы керек. Біз күнделікті пайдаланатын көкөністер Қазақстаннан шықпайды емес, шығады. Неге қымбат алуы керек? – деп шағымданды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің ресми мәліметінше:

Қазақстанда картоп жеткілікті: өңірлердің жедел деректеріне сәйкес, 11 маусымдағы жағдай бойынша республикада 70 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры бар. Белгіленген тұтыну нормаларына сәйкес, елдегі картоп қоры жарты айдан астам уақытқа жетеді (халықтың жан басына шаққанда жылына 95 кг норма болғанда, еліміздегі тұрғындар күніне 4,9 мың тонна картоп тұтынады) Айта кету керек, бұл елдегі картоп қорын есептегенде шағын фермерлердегі және халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарындағы сақталған картоп қорының негізгі көлемін (шамамен 80%) есептемегендегі көрсеткіш деп хабарлады.

Назерке Сексенбайқызы. 

Алматы қаласы

суреттерді түсірген автор

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі