//

“Мінбер” болашақ медиатренерлерді тренингке шақырады

848 рет қаралды
2
Медиатренерлерге арналған тренинг
Медиатренерлерге арналған тренинг
Медиатренерлерге арналған тренинг
Медиатренерлерге арналған тренинг

Құрметті медиа мамандары, журналистер, жоғары оқу орнының ұстаздары, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Интерньюс-Қазақстан өкілдігінің ұйымдастыруымен MediaCamp бағдарламасы аясында «Медиа ақпараттық сауаттылық» тақырыбында тренерлерге арналған тренинг өткізуді жоспарлап отыр. Жобаны ЮСАИД қоры қолдап отыр.

Тренинг 29-30 маусым күндері Алматыда «Қазжол» қонақүйінде өтетін болады. Орын саны шектеулі болғандықтан, болашақ тренерлер арасында конкурс жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін төмендегі сауалнаманы толтырып, кері жолдасаңыздар болды. Орын саны шектеулі болғандықтан сауалнаманы тиянақты, әрі жақсы толтырғандардың ішінен 15 қатысушы іріктеліп алынады.

«Мінбер» тренингке қатысушылардың жол және қонақ үй шығындарын өз мойнына алады.

Тренингке қатысушыларға қойылатын талап – семинар-тренингтен алған білімдерін өз өңірлерінің медиа белсенділері мен студенттермен, журналистермен бөлісіп, 90 минуттық үш тренинг өткізу.

ЕСКЕРТУ: Төмендегі сауалнаманы толтыра отырып, өзіңіз жайлы ақпаратты тренингке қатысушыны іріктеуде қолдануға келісіміңізді бергеніңізді растайсыз. Сауалнамадағы ақпарат тек қана аталған тренингті ұйымдастыру барысында қолданылып, өзгелерге таратылмайды.

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Сәлеметсіздер ме? Тренингке қатысу үшін толтырылатын онлайн-өтінімде Шымкент қаласы жоқ. Шымкент қаласынан қабылданбай ма әлде қате кеткен бе?

    • Қайырлы күн! Біз Түркістан облысын жаздық. Түркістан облысы деп белгілей берсеңіз болады

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар