Тренинг

Ақылы тренингтер туралы ақпарат

Құрметті қазақ журналистері, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы заманауи журналиске қажетті машықтарды үйретумен айналысатыны мәлім. Жақында ғана «Журналистиканың негізгі машықтары. Тереңдетілген деңгей» атты екі күндік тренинг өткіздік. Қатысушылардың берген бағасы жоғары.

Алайда, ескерілмеген бір жайт уақыттың тар болуы. Қатысушылардың көбі тренингтің жалғасын тапқанын қалайтынын айтты. Біз осыны ескере отырып, Алматы қаласының журналистеріне арнап бір күндік ақылы тренинг өткізуді жоспарлап отырмыз. Тренингтің тақырыбы: “Контентті әлеуметтік желіге сай бейімдеу”

Тренерлер: Асхат Еркімбай, Есенгүл Кәпқызы және Баубек Сағындықов.

Орын саны шектеулі. Тренинг бағасы небәрі 15 мың теңге. Алғашқы тіркелген бес қатысушыға 20% жеңілдігіміз бар. Ендеше тіркелуге асығыңыздар.

Тренинг ақысын  87077055799 нөміріне жолдаңыз.

Тренинг 12 Мамырда өткізіледі. Өтетін орны қосымша хабарланады.

Тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз.