Біз туралы

Құрметті азат ойлы оқырман!

Сізді ұлтымыздың ертеңі, еліміздің болашағы толғандырады деген сенімдеміз. Бес күндік жалғанда атадан балаға қалар мирас – әу бастан сөз болған. Әлі де солай. Рухани байлық қашанда ескірмейтін байлық.

Кейбір рухани құндылықтар мен ой зердеміздегі қатып қалған қағидалар өзгеріп, нарықтық экономиканың жетегінде кетсек те, 70 жыл бойы езгісіне салған тоталитарлық қоғамның санаға сіңген кейбір таңбаларынан айрыла алмай келеміз. Ең бастысы – сана тәуелсіздігі, рух тәуелсіздігі бізге жеткен жоқ. Азат елдің азат ойшыл тұлғалары қалыптаса алмай жатыр. Неге?

Осы бір классикалық сауалды философтар дүние-ғалам жаралғаннан бері қойып келеді. Алайда жауап жоқ. Қазақ елінің тәубешіл ұрпағы ертеңімен мақтанып, болашағына сенімді көз тастай алмайды. Неге? Тағы да күмілжиміз. Тіл ұшында оған айтылар жауап та кезеніп дайын тұрған секілді… бірақ, тарқатып айта алмаймыз.

Егер, қазақтың мемлекетшілдік тарихын ХҮ ғасырдан бастасақ, ХХ ғасырдағы ұлт ойшылдарының тығырыққа тірелген шарасыз кезеңін ұлттық ойлаудың даму кезеңінің шарықтаған тұсы деуге болады. Дәл сол кездегі ұлт серкелерінің «Қазақтың менін» қалыптастырудағы аласұрған ғарасат майданы, қазақтың ел болып, ұлт болып сақталып қалуы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимеуі, сол жолда өзін құрбан етуі – біздің бүгінгі ұрпаққа үлгі болуы керек еді. Бірақ, бізде бүгінде ұлт тарихына деген немқұрайлылық бар. Жаңа заманның тарихи санасын қалыптастыруға деген ұмтылыстар бар, іс-әрекет жоқ.

Осы тұрғыдан оқырманға ұсынылып отырған «Мінбер» интернет газеті – ұрпақ зердесіне азат ой мен сергек сананы дарыту мақсатында дүние есігін ашты. Бұл сіздің мінберіңіз, бұл сіздің трибунаның азат елдің азат ойлы ұланы. Сондықтан, біздің есігімізді имене қағып, мінбер сұрайтын кез-келген адамға есігіміз ашық болмақ. Ендеше, «Мінбер» сіздерден еркін ойлау мен азат сананы қалыптастыру жолында аз да болса септігін тигізетін жаңа идеялар мен ашық пікір күтеді.

Егер бізбен байланысқыңыз келсе, minbermedia@gmail.com адресіне хат жолдауыңызға болады.

Редакция:

Есенгүл Кәпқызы, бас редактор Назым Дутбаева, журналист
Журналист, ақын, филология ғылымдарының кандидаты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлегі. 1994 жылы еларалық «Шалқар» газетінен бастап, кейіннен «Алтын бесік» журналында, Би-Би-Си радиосының Алматыдағы қазақ бөлімшесінде қызмет атқарған. 2008-2011 жылдары “Азаттық” радиосының “Қазақтар әлемде” хабарының жүргізушісі. 2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жыл магистратурасында білім алды. 2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.
Жадыра Жанарбек, журналист Әуелханұлы Мейіржан, SMM маманы
Жадыра Жанарбек
Minber.kz сайтының маусым айынан бастап авторы. Сулейман Демирел Университетінің 4-курс студенті. 2020 қаңтардан бастап “Halyqnews” сайтының Алматы қалалық тілшісі қызметін атқарған. Журналистерге арналған “Media CAMP Edyuton -2020” инновациялық курсының қатысушысы.
2013 жылы ҚазҰУ журналистика факультетін бітірген. Журнал, сайттарда қызмет атқарған. Әлеуметтік желідегі ауқымды парақшалардың админі.