Алматыда танымал кинофильмдердің әуені ұлттық аспаптарда орындалады

60 рет қаралды

12 қазанда Алматыдағы Almaty Theatre концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің «Cinema Hits» атты концерті өтеді. Кеште қазақ және шетел кинотуындыларының көрерменге таныс әуендері ұлттық аспаптармен орындалады, деп хабарлайды Minber.kz оркестрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концерт бағдарламасы үш бөлімге бөлінген. Алғашқы бөлім қазақ киносының классикалық туындыларына арналады. Көрермендер «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа» және өзге де белгілі фильмдердің музыкалық шығармаларын оркестр орындауында тыңдай алады.

Биыл «Менің атым Қожа» фильмінің режиссері Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толды. Сондай-ақ «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешова 75 жасқа толды. Осыған орай концертте қазақ киносының қос тұлғасына ерекше көңіл бөлінеді.

Бағдарламаның екінші бөлімінде Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген фильмдер мен телехикаялардың музыкасы ұсынылады. Олардың қатарында «Көшпенділер», «Мұстафа Шоқай», «Перекрёсток» туындыларының әуендері бар.

Ал үшінші бөлім анимациялық фильмдер мен шетелдік кинематографияға арналады. Оркестр «Спрут», «Королёк – птичка певчая» телехикаяларының және басқа да танымал экран туындыларының музыкалық шығармаларын орындайды.

Концертке арнайы шақырылған өнерпаздар қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Карина Абдуллина, әнші әрі сазгер Ұшқын Жамалбек, гармоникашы Мейірман Абрахманұлы және «Овощи и фрукты» музыкалық тобы бар.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жобаның мақсаты – түрлі кезеңде түсірілген фильмдердің музыкасын ұлттық аспаптар арқылы жаңаша таныстыру. Осылайша бір концертте қазақ киносының классикалық шығармаларынан бастап қазіргі отандық және шетелдік туындыларға дейінгі әуендер қамтылады.

Концерт 12 қазанда сағат 19:30-да Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 30 мекенжайындағы Almaty Theatre концерт залында басталады.

Парақшамызға жазылыңыз

Бегім Көктүрік

Бегім Көктүрік — журналист. 2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдады.

Маманданатын салалары: тіл, мәдениет, әлеуметтік мәселелер, зерттеу журналистикасы, медиасауат.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар