//

Филиппиниде өткен бес күн: Азия ғалымдары өз теорияларын жасауды көздейді

29 рет қаралды
Филиппиниде өткен бес күн: Азия ғалымдары өз теорияларын жасауды көздейді
конференция барысынан

Филиппин аралдарының астанасы Манила қаласында Қарашаның 5-7 күндері Азияның Медиа ақпарат және коммуникация орталығының ұйымдастыруымен (Asian Media Information and Communication Centre – AMIC) “Қоғамдық сенім, қоғамның үні: Қоғамдық басқарудағы коммуникацияның рөлі” (Public Trust, Public Voice:The Role of Communication in Public Governance) тақырыбында Азиядағы медиа саласында еңбек етіп жүрген ғалымдардың басын қосқан халықаралық конференция болып өтті.

Осы конференцияның “Азаматтық журналистика, Тергеу журналистикасы, қоғамдық қызмет медиасы және басқару” (Citizen Journalism, Investigative Journalism, Public Service Media, and Governance) сессиясына қатысып, зерттеуімізді таныстырудың сәті түсті.

Оңтүстік-Шығыс Азияға түңғыш рет саяхаттаудың сәті түскендіктен Филиппин аралдары туралы азды-көпті көргенімді “Мінбер” оқырманына бөліскім келіп отыр. Бұған дейін Филиппин аралдарына жасаған саяхатым туралы екі мақала жарияланды. Бірінші және екінші  және үшінші бөлімді көрсетілген сілтемелер бойынша оқи аласыз.

Ал бөлімде негізгі барған жұмысым, AMIC конференциясынан алған әсерім мен Маниладағы дүкендер, Филиппиниге бару мен қайту жолындағы әуежайлар туралы баяндамақпын.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ МЕДИАНЫҢ РӨЛІ

Филиппиндегі Әйелдер университетінде (Philippine Women’s University (PWU) конференцияға қатысу үшін азиялық Медиа коммуникация саласында тер төгіп жүрген ғалымдар мен мамандар жиналды. Азияның Медиа ақпарат және коммуникация орталығы (Asian Media Information and Communication Centre – AMIC) — Азия-Тынық мұхиты аймағындағы медиа мен коммуникацияны зерттеуге, білім беруді дамытуға және кәсіби стандарттарды ілгерілетуге бағытталған халықаралық үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым.

Филиппиниде өткен бес күн: Азия ғалымдары өз теорияларын жасауды көздейді
Қазақстандық делегация

Филиппиниде өткен бес күн: Азия ғалымдары өз теорияларын жасауды көздейдіФилиппиниде өткен бес күн: Азия ғалымдары өз теорияларын жасауды көздейді

Ұйым 1971 жылдың ақпанында Сингапур үкіметі мен Германияның Фридрих Эберт қорының (Friedrich Ebert Foundation) бірлескен бастамасымен негізі қаланды. Алғашында «Азиялық бұқаралық коммуникацияны зерттеу және ақпарат орталығы» деп аталған. Ұзақ жылдар бойы Сингапурда жұмыс істеген орталық 2015 жылы өз қызметін Филиппиннің Манила қаласына көшірді. Қазіргі таңда бас кеңсесі Маниладағы Филиппин әйелдер университетінде (Philippine Women’s University) орналасқан.

Орталық Азия-Тынық мұхиты аймағындағы медиа теориялары мен тәжірибелеріне арналған беделді Asian Journal of Communication және Media Asia ғылыми журналдары (Taylor & Francis баспасымен бірлесіп) бар.

Филиппиниде өткен бес күн: Азия ғалымдары өз теорияларын жасауды көздейді
Media Asia журналының редакторы доктор Danilo Araña Arao, (University of the Philippines Diliman, Philippines) мырзамен

Конференцияның негізгі тақырыбы – «Қоғамдық сенім, қоғамдық үн: мемлекеттік басқарудағы коммуникацияның рөлі» (Public Trust, Public Voice: The Role of Communication in Public Governance). Төрт панельдік сессия барысында көтерілген негізгі ой – алгоритмдер, жасанды интеллект, ал жасанды интеллект дәуіріндегі медианың рөлі. Көптеген мәселелерде қоғамның медиаға деген сенімі, медиа мен билік арасындағы көпір, адамдардың үнін жоғарыға жеткізудегі үні секілді мәселелер талқыланды. Әсіресе, алгоритмдер басқарған замандағы манипуляция мен пропаганданың рөлі күн тәртібіне шықты.

Әлемнің 22 елінен 400-ден астам медиа зерттеушілері мен мамандар қатысқан конференцияда Қазақстан ғалымдары атынан бес адам қатысты. Олар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен, SDU, MNU және Астана IT университетінен келді. Ғалымдар Қазақстан контексіндегі түрлі мәселелерді күн тәртібіне шығарды.

ФИЛИППИНДЕ КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІ АРЗАН. АЛАЙДА БІР ПЕСО 7 ТЕҢГЕ

Біз жатқан Kimberly қонақ үйінің жанында Robinson атты үлкен сауда үйі бар екен. Біздің супермаркеттер секілді түнгі 10.00-ға дейін жұмыс істейді. Конференция аяқталғаннан кейін, сол дүкенді шарлап сауда жасадық. Бастысы – филиппиндіктер көптеген батыс елдерінің жеңіл өнеркәсібін өз елдерінде орналастырғандықтан, тоқыма бұйымдары арзан екен.

– Арзан болатын жөні де бар. Біздегі адамдардың өмір сүру деңгейі аса жоғары емес. Филиппиндегі ресми орташа жалақы айына шамамен ₱21 544 (шамамен 155 000 ₸ немесе $380), ал ең төменгі жалақы өңірге қарай күніне ₱386-дан ₱755-ке дейін (айына шамамен 72 000 – 141 000 ₸) белгіленген, – дейді біздің гид.

Елде бірыңғай ұлттық ең төменгі жалақы жоқ — оны 17 аймақтық кеңес бөлек бекітеді, сондай-ақ жұмыс аптасы көбіне 6 күндік (48 сағат) екен.

Жергілікті валюта песо деп аталады. Оны қазақ теңгесіне шаққанда шамамен бір песо 7 теңге тұрады екен. Ақша айырбастау кез келген нүктеде жүзеге аспайды. Арнайы орталықтандырылған бөлімшелерде айырбастау көзделеді.

Сіз міндетті түрде паспортыңызды көрсетесіз әрі арнайы анкета толтырасыз. Анкетада не мақсатпен, қандай  табысыңызды айырбастап жатқаныңызды көрсетуге міндеттісіз. Елу долларды айырбастау жарты сағат уақытымызды алды.

Дегенмен аз уақытта байқағанымыз, Филиппин астанасы Манилада өмір сүру, Алматымен салыстырғанда әлдеқайда арзан көрінді.

ФИЛИППИНГЕ КЕЛУ-КЕТУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ӘУЕЖАЙЛАР

Филиппин аралдарына сапарым туралы жазбам  аяқталуға жақын. Саяхатнаманың соңғы бөлігінде Филиппинге қазақстандықтардың сапарлау тәртібі мен жолдағы транзит әуежайлар туралы баяндамақпын.

Филиппиниде өткен бес күн: Азия ғалымдары өз теорияларын жасауды көздейді
Қазақстандық ғалымдар

Филиппин мен Қазақстан арасында 30 күндік визасыз келісім бар. Демек, қысқа саяхат үшін сізге виза рәсімдеудің қажеті жоқ. Бірақ, Филиппинге барардан бұрын 72 сағаттың ішінде кіру анкетасын толтыруыңыз керек. Ол үшін мына сілтеме арқылы өтіп, сапарыңыз туралы мәліметтерді енгізіңіз.

Олай болмаған күнде әуежайда біраз кедергіге тап болуыңыз мүмкін.

Филиппин мен Алматы немесе Астана арасында тікелей рейс жоқ. Мен Алматыдан Қытайдын Гуанджоу қаласы арқылы ұштым. Билетті Оңтүстік Қытай әуежолдары (Southern Chinese Airlines) алдым. Бара жатқан жолда бір ғана ауысым болғандықтан, әуежайдан шығудың да, кеден тексерісінен өтудің де қажеті болмады. Гуанджоу  әуежайы өте үлкен, алайда терминалдан терминалға ауысудың қажеті жоқ.

Филиппиниде өткен бес күн: Азия ғалымдары өз теорияларын жасауды көздейді
Бейжің әуежайында

Қайтарда жолда жиыны 18 сағат өтті. Бұл жолы Гуанджоу, Бейжің әуежайлары арқылы ұштым. Қытайдың екі әуежайын басып өтетіндіктен, Гуанджоудан түскеннен кейін Қытайға кіру картасын толтырып, кеден бақылауынан өтіп, паспортыңызға Қытайға келгендігіңіз туралы белгі соқтырасыз. Гуанджоу мен Бейжің арасындағы рейс ішкі рейс секілді орындалады. Сосын Бейжің әуежайында Кеден бақылауынан өтіп, қайтадан паспортыңызға шығу белгісін соқтырасыз. Сол себепті де рейстер арасындағы уақытты кем дегенде екі сағаттай арақашықпен алған жөн.

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар