//

Батырхан Төлеуғали – әлемдік Гран-при финалының күміс жүлдегері!

75 рет қаралды
Батырхан Төлеуғали – әлемдік Гран-при финалының күміс жүлдегері!

Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Астанада өтіп жатқан таеквондодан әлемдік Гран-при сериясының финалында күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз – 80 кг салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті.

Тек ақтық белдесуде Батырхан ирандық Радин Зейналиге есе жіберді. Осылайша, ол Қазақстан таеквондо тарихында әлемдік Гран-при сериясының қорытынды турнирінде финалға шыққан алғашқы спортшы атанды.

Батырхан Төлеуғали – әлемдік Гран-при финалының күміс жүлдегері!

Астанадағы жарысқа өз салмағындағы 16 спортшы қатысты. Батырхан Төлеуғали турнирге 16-нөмірлі рейтингпен тіркелгеніне қарамастан, бірқатар мықты қарсыластарын жолдан тайдырып, финалға дейін жетті.

Алғашқы айналымда 2025 жылғы әлем чемпионы, бразилиялық Энрике Маркес Родригес Фернандесті 2:1 есебімен жеңді. Алғашқы екі раундта қарсыластар бір-бірден басымдық алғанымен, шешуші раундта Батырхан 11:5 есебімен жеңіске жетті.

Ширек финалда 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, ресейлік Артём Мытаревтен басым түссе, жартылай финалда Грузия өкілі, 2026 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Зураб Кинцурашвилиді 2:1 есебімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.

Батырхан Төлеуғали – әлемдік Гран-при финалының күміс жүлдегері!

Батырхан Төлеуғали мен Радин Зейнали бұған дейін де әлемдік аренада топ жарған. 2025 жылы Найробиде өткен U21 әлем чемпионатында қос спортшы өз салмақ дәрежелерінде алтын медаль иеленген. Радин Зейнали -74 келіде, ал Батырхан Төлеуғали -87 келіде әлем чемпионы атанған еді.

Астанадағы G-10 санатындағы турнирде күміс жүлде иеленген Батырхан Олимпиадалық рейтинг қоржынына 60 ұпай қосып, 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына жолдама алу жолындағы маңызды қадам жасады.

Әлемдік Гран-при сериясының финалына 38 елден 128 спортшы қатысуда. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр.

29 қараша күні Қазақстан құрамасы сапында -58 келі салмақта Тамирлан Тілеулес татами төріне шығады.

Түгелбай Бисен

Фото: Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметі

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар