/

Әскерилердің өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша былтыр 16 қылмыс тіркелсе, биылғы 4 айда 4 қылмыстық іс қозғалған

696 рет қаралды
закон кз

Сенатор Дана Нұржігіт елдегі жастар саясаты мәселелеріне арналған Сенаттағы парламенттік тыңдау кезінде погонды жастардың проблемалары туралы айтып берді.

«Әскерде болып жатқан төтенше жағдайлар, жас курсанттардың құпия жағдайдағы өлімі, әскердегі әлімжеттік оқиғалары бозбала бойында бүр жарып келе жатқан отаншылдық сезімді аяздай қарып, санасына ауыр соққы болып тиеді. Осындай оқиғаларды естіген қай ана баласын әскерге жібергісі келеді?! 2021 жылы әскери қызметшілердің өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша 16 қылмыс тіркелсе, биылғы жылдың 4 айында 4 қылмыстық іс қозғалған. Әскери училищелердің курсанттары мен мерзімді қызметтегі сарбаздар бейбіт уақытта қазаға ұшырамауы тиіс», – деді  Дана Нұржігіт.

Парламент мүшесі қоғамның бір бөлігі болып табылатын армия қоғамның өзінде орын алған проблемалардың айнасы екенін атап өтті. Депутат осыған байланысты болашақ әскери қызметкерлермен жұмыс істеу тәсілдері мен әдістерін қайта қарауға шақырды. Дана Нұржігіт сонымен қатар жас ғалымдарды, ауыл шаруашылығы қызметкерлерін, сирек мамандықтарды таңдаған адамдарды, яғни трендтік қана емес, қоғамға қажетті мамандықтарды да меңгеретіндерді белсенді қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері