///

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің трилогиясына нүкте қойылды

1182 рет қаралды

18 қыркүйек. Лас-Вегас. «T-Mobile» спорт кешенінде IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин «GGG» мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі өтті.

Боксшылар бұл кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салды. Жекпе-жек алдында талантты әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның мемлекеттік әнұранын жүрек тебіренте орындады.

Айта кетсек, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес үшінші жекпе-жекке шықты. Бірақ бұл жолы 76 келі салмақ дәрежесінде. Ал, бұған дейін 72 келі, яғни екінші орта салмақта жұдырықтасты. Алғашқысында тең түсті, екінші айқаста жерлесіміз 113-те 115 есебімен есе жіберді. Бұл нәтижемен келіскен-келіспегендер әлі күнге керісумен келген еді.


Осынау көптен күткен бүкіләлемдік бокс кешінде Генаның бабы мен бағы қатар шаба алмады. Бокс кеші толықтай 12 раундқа созылып, әттегенайы Сауль Альварестің пайдасына шешілді.
Осылайша, Сауль Альварес абсолютті әлем чемпионы атағын сақтап қалды.

Дәурен ЕРМЕКБАЙ
Алматы облысы
Кеген ауданы
Тасашы ауылы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі