///

“Өз азаматтарымыз пәтерсіз жүргенде, біздің Премьер ресейліктерді жарылқамақ па?” ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов нені меңзейді?

1580 рет қаралды
Сурет Премьер министрдің парақшасынан

Әлеуметтік желілерде Премьер-министр Әлихан Смайыловтың  «Елге келіп жатқан ресейліктерге жұмыс тауып беру керек»  деген сөзі «хит» болды.

 

 Әлеуметтік желіде жұрт  назарын аударған, ел наразылығын  тудырған сөзден  соң ертесіне министр ақталып жатыр. Министрдің айтуынша, жиналыстағы мәліметтерге байланысты қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар екен.

“Елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ келіп жатқан ресейліктерге жәрдем көрсету керек: ЕАЭО заңнамасына сәйкес оларды уақытылы тіркеп, еңбекпен қамту мәселелерін қарастыру қажет. Бұл орайда жалға берілетін тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау маңызды”,  –  деген еді кеше  Әлихан Смайылов.

«Кеше Үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиналыстағы мәліметтерге байланысты қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар. Осыған орай айтайын дегенім шетел азаматтарына қызмет заң аясында ғана көрсетіледі. Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік. Сонымен бірге арендалық тұрғын үй бағаларының өсуінен өз азаматтарымыз қиын жағдайға тап болып отыр. Жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет. Оны біз кеше айттық. Еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін приоритет. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны естен шығармау керек.Ал, көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады. Жағдай күнделікті бақылауда», – деп жазды Смайылов facebook парақшасында.

Сол-ақ екен, премьер-министрдің бұл  жазбасынан соң желі қолданушылардың наразы пікірі «жауды». Көпшілік наразылығы үкімет басшысы өз азаматтарын жарылқай алмай жүріп, өзгені жұмыспен қамту керек дегені қалай деген сарында. Смайыловтың отставкасын талап еткендер де аз емес.  «Қазақ жұмыссыз, қазақ баспанасыз, қазақ студенттері далада қалды, ақылға сыймайтын қымбатшылық жағадан алып тұр, теңге құлдырап кетті, сырттан келген қандастарымыз қан жылап жүр. Бұған не дейсіз?», «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды деген атам қазақ», «Жұмысыңыздан бас тартыңыз, халық сізді енді қолдамайды кетіңіз отставкаға!» деген комментерден-ақ бүгінгі хал-ахуалды бағамдау қиын емес…

Эльонора Әмір, Алматы қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар