///

Жас авторлардың тың туындылары жарық көрді

1504 рет қаралды

24 қыркүйек күні Алматыдағы “Smart Point” орталығында «Тоғысу» атты әңгімелер жинағының тұсаукесері өтті. Аталмыш жинаққа биылғы Жастар әдебиеті шеберханаларында қазақ және орыс тілдерінде жазылған үздік шығармалар мен әдеби аудармалар енгізілген.

Шеберханада 13-21 жас аралығындағы авторлар тәлім алуда. Жастар әдебиеті шеберханалары Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық Миссиясы және «Шеврон» корпорациясы Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында Ольга Маркова атындағы Алматылық әдебиет мектебінің ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Шеберлік сағаттарына қатысушылар қазақ және орыс тілдеріндегі бірдей бағдарламамен оқытылған. “Мұндағы мақсат – қазақ және орыс тілдерінде жазатын жас авторлардың байланысын нығайту, идеяларды бір арнаға тоғыстыру”,- дейді жоба ұйымдастырушылары.

Тұсаукесер Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін офлайн форматта өтті. Басқа қаладағы қатысушылар үшін Zoom платформасында кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында әдебиет мектебінің білім алушылары жинаққа енген шығармаларынан үзінді оқып, арнайы сертификатпен марапатталды. Кештің басты қонағы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің жұртшылықпен байланыс істері жөніндегі генерал консулы – Рэбекка Эренс.

Ол Қазақстандағы АҚШ миссиясы үшін екі тілді байланыстырып, қарым-қатынасты нығайтудың маңызды екенін жеткізді. Жастар әдебиеті шеберханасында 3 жыл қатарынан білім алған Арман Масабаевтың алға қойған мақсаттары көп. Жас автор шеберханадан жүйелі жазуды, сыни ойлауды және ойындағы сюжет желісін сөзбен үйлесімді зерделеуді үйренгенін айтады.

Алдағы уақытта шеберлігін қысқаметражды фильмдер мен веб-сериалдардың сценарийін жазуда сынап көрмек. “Ольга” әдебиет мектебінде биыл 22 адам білім алған. Нақтылап айтсақ, орыстілді топта 14, қазақтілді топта 8 шәкірт. «Соңғы онжылдықта Қазақстанда қазақтілді және орыстілді әдебиеттер бір-бірімен тоғыспай кетті. Жастардың жазушылық қабілетінен бөлек, тілдерді үйренуі демаңызды. Осы орайда, шеберхананың берері көп”, – дейді шеберхана оқытушысы Дина Махметова.

Жастар әдебиеті шеберханасы 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Соңғы екі жылда елдегі эпидахуалға байланысты қашықтан ұйымдастырылған. Демеушілер қолдау көрсетсе, жоба екі форматта да жұмысын жалғастырады

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері