//

Ақысыз оқу ұсынатын 10 шетел университеті (2)

967 рет қаралды
1

Жалғасы. Басы мына жерде

6. Freie Universität Berlin (2010 жылғы университеттердің дүниежүзілік рейтингі бойынша 70 орында) –  зерттеу университеті. Сіз бірнеше магистрлық бағдарламаларда оқи аласыз. Мысалы, М.А. in North American Studies немесе M.A. in Public History. Неміс тілін білуіңіз керек.

7. The Cooper Union –  архитектура, өнер және инженериядан бағдарламалар ұсынатын жеке американ университеті. Нью-Йоркте орналасқан, бірақ ол жерде өмір сүру қымбат болғандықтан сізге жылына  шамамен $20000 қажет болады.

8. University of Turku  – Финляндияда көлемі жағынан екінші орында тұрған университет. Бағдарламалардың басым көпшілігі ағылшын тілінде ұсынылады. Студенттер жылына 90 еуро жарна төлейді.

9. University of Jyväskylä – Финляндияда  орналасқан. Негізгі оқыту тілі – фин тілі, соған қарамастан емтихандарды ағылшын тілінде де тапсыруға болады. Университет техникалық, қаржы және гуманитарлық бағыттағы  бірнеше магистрлық бағдарламаларды ағылшын тілінде де ұсынады.

10. Berea College — Кентукки штатында орналасқан жеке американ университеті. Бұл оқу орны тек қана бакалавр бағдарламаларын ұсынады. Екінші курстан бастап шетел студенттері жылына $1000 төлеуі тиіс, дегенмен университет студенттерге жазғы уақытта жұмыс істеп осы ақшаны табуға мүмкіндік жасайды.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова  baqytgul@gmail.com

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі