Интернеттегі сабақтар

922 рет қаралды


Оқырмандармен ақылдасып, оларға қызықты тақырыпты жазу, оны талқылау әрқашан қызықты, әрі пайдалы. Сонымен қатар, оқырманмен практикалық сабақтармен бөлісу қазір трендке айналуда, мысалы, коммерциялық емес видео-лекциялар (http://www.ted.com/translate/languages/rus, http://theoryandpractice.ru/videos, http://theoryandpractice.ru/ ). Монитордың алдында отырып, би, йога, автомобиль жүргізуден сабақ алып, аспаздық рецептермен танысу, компьютер курстарынан өтуге болады. Жас журналистерге арналған да көптеген сабақтар бар, мысалы, ВВС-дің ашық сабақтары, МГУ-дың журналистика факультетінде оқытылатын аудио-лекциялар (http://kiwi.kz/channels/radio/fmgu). Бүгінгі таңда манимейкерлер мен SEO саласындағылар да блог арқылы ақша табудың жүздеген әдіс-тәсілдерін ұсынуда, соның ішінде копирайтерлер үшін материал дайындаған кезде оны қалай жазу, қандай көлемде, қандай тақырыпта, қандай мақсатпен, т.с.с. сұрақтарға жауап беріледі.

Осындай практикалық сабақтарға ұқсас, қысқа да нұсқа жазудың қыр-сырын біоген жазушы әрі журналист Эрнест Хемингуэйдің материалды жазу жайындағы сабақтың тезистерін жариялаймыз.
1. Қысқа сөйлемдерді қолдануға тырысыңыз.
Хемингуэй қысқа да нұсқа жазатын. Бұл ең ұтымды стиль. Толықтауыш сөздер мен эпитеттерді аямай сызып тастаңыздар, тек негізгісін қалдырыңыз. Керемет нәрселердің барлығы да қарапайым! Хемингуэйдың танымал әңгімесі алты сөзден ғана тұрған: “For sale: baby shoes. Never worn.”(«Сатылады: балаларға арналған аяқ киім, киілмеген»).
2. Қысқа кіріспелерді қолданыңыз.
Бір тақырыпта материал жазам деген кезде, оның алдындағы кіріспені созып жазбаңыз. Оқырманның тақырыпқа қызығушылығын тудыратын 1-2 сөйлем жазсаңыз да жетеді.
3. Тілдің энергетикасын қолданыңыз.
Түсініксіздік пен белгіссіздік тудыратын сын есімдер мен сөз тіркестерін қолданбаңыз. Етістіктерді қолданатын болсаңыз, заттарды нақтылап суреттеуге жеңіл болады, әрі cөйлемде қарқын пайда болады.
4. Өз өзіңізге сенімді болыңыз + позитив
Мысалы
• Негативті реңктегі сөздерді қолданбаңыз: «аурмайтын», «сыздамайтын» деген сөздердегі «жарақат» мағынасы оқырманның көңілін міндетті түрде аудартады.
• «Қымбат емес» деген сөздің орнына «экономды» деп қолданған дұрыс.
• «Бұл бағдарламалық жасақтама қате жібермейді» дегеннен гөрі, оның сапасы жайында жазған дұрыс.
5. Ешқашанда тек 4 ережені қолданбаңыз.

Хемингуэй екі ережені де ұстанып, жүре алады. Ал кез келген журналист, блогшы немесе копирайтер үшін мынау түсінікті болу қажет: сапалы мәтін жазуды үйренген кезде, үш ереже жеткіліксіз. Әрдайым машықтану, іс-тәжірибе, ЖАЗУ қажет!

Қарап отырсаңыз, Әлемторда әлеуметтік желілер мен музыка, кино жүктеп алуға арналған сайттардан басқа да көптеген қызықты, пайдалы сервистер жетеді. Осындай сервистер Интернетте өте танымал және үлкен аудиторияға ие. Егер де сіздің басқаларға айтарыңыз не үйретеріңіз бар болса, оны керемет стартапқа бүгін-ақ айналдыруға болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар