Журналистиканың 6 бас сұрағы

5590 рет қаралды


Әр журналист мақала жазатын болса, мынадай алты сұраққа жауап беруі тиіс:

Кім – Who
Не – What
Қашан
– When
Қайда – Where
Неге
– Why
Қалай
– How

Журналист осы сұрақтарға қысқа да болса ақпарат беруі қажет. Ағылшын тілінде алты сұрақтың бесеуі W әрпінен басталады және біреуі H. Сол себепті кәсіби тілде журналистер оларды «Бес W және бір H» деп атайды. Осы сұрақтарды журналистикаға Редьярд Киплинг енгізген болатын.

I KEEP six honest serving-men
(They taught me all I knew);
Their names are What and Why and When
And How and Where and Who.

Мақала жазар алдында оның құрылымын анықтау қажет, мысалы, оқиға желісінің жоспары сияқты. Алайда, ең бастысы – мақаланы неден басталатынын анықтап алу керек. Басында сіздің қойын дәптеріңізде осы алты сұраққа жауап беретін ақпараттың бар-жоғын тексеріп алайық. Егер бар болса, онда материалға кірісуге болады. Ең бірінші – лид. Содан бастайық.

Лидты құру.
Жаңалықпен таныстыру үшін 6 сұрақтың ішінен ең маңыздысын таңдап, мақалада басты мәселені ерекшелеп аламыз. Осылайша лидтің алты түрін (6 сұраққа жауап беретіндей) жасайық. Лид мақаланың басты сұрағынан басталады.

КІМ?
Осы сұраққа жауап беру үшін бірінші орынға тұлғаны қоямыз. Көбінде бұл танымал адам – мемлекет басшысы, белгілі саяси қайраткер.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессорлар мен студенттерге оқыған дәрісі зор мәнге ие болды».

НЕ?
Бұл лид  тұлғалардан маңыздырақ оқиғаларға арналады. Лидте жасалынған нәрселер бірінші орында тұрады.

«Семей полигонының жабылғанына да 20 жыл өтті».
ҚАШАН?
Посткеңестік журналистикада бұл лид ең көп қолданылатындардың ішінде. Материалды «бүгін» немесе, мысалы, «18 қазанда» деп бастау дәстүрге айналды. Осындай лид ақпараттың жеделдігін көрсетіп тұрады.

«Бүгін Алматыда «IT-2009 – Microsoft инновациялық жобалары» 2-ші форумы басталды».

ҚАЙДА?
Бұл лид оқиғаның орнына назар аудартады.

«Қазығұрт ауданындағы Жіңішке ауылының тұрғындары төрдегі тележәшіктің құмырсқадай жыбырлаған экранына қадалып, дыбысына құлақтарын тосады».


Неге?

Лидтің осы түрі оқиғаның себептерін ашып ұрғандай болады.

«Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен ашылған сайттардың мақсаты — қазақ тілді интернет журналистиканы дамыту мен қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы бәсекені арттыру».

Қалай?
«Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасында құжаттардың басым бөлігі тек орыс тілінде жүргізіліп келген, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жұмыстарына бюджеттен бөлінген қаражат мақсатсыз жұмсалған дейді тексеріс жүргізген прокурорлар».

Қарап отырсаңыз, лид қазақ тілінің қолдану жағдайын көрсетіп тұр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі