«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры өткен жылды қорытындылады

4523 рет қаралды

kairat1.thumbnail22-қаңтарда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Келімбетов Қордың атқарған шаруасы туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында есеп берді. ҰӘҚ негізгі қызметі есеп берген жыл тұрғысынан қарастырсақ, қаржы секторын тұрақтандыру, орта және шағын кәсіпті қолдау, құрылыс саласын күйреуден аман сақтау секілді дағдарысқа қарсы шаруаларды шешуге бағытталды.
Банк саласы қаржы дағдарысы кезінде экономикадағы ең бір қиналып қалған сала болды. Сондықтан, мемлекет «Самұрық-Қазына» Қоры механизмдері арқылы осы салаға қолдау білдірді. Нәтижесінде, 332 млрд.теңге рекапитализация жасаған Қор елдегі жүйе құраушы төрт банктің ірі акционеріне айналды. 2009-2010 жылдардағы реструктуризация есебінен банк саласындағы 10 млрд.АҚШ доллары көлеміндегі қаржы кешірілді (БТА, Альянс банк, Темірбанк). 2009 жылы қолға алынған тұрақтандыру шаралары нәтижесінде банк саласындағы депозиттік базаның өсімі 15 пайызға жетті. (6,9 трлн.теңгеден 7,9 трлн.теңгеге дейін).
2009 жылы орта және шағын бизнестің 2433 субъектісі 132 млрд.теңгеге (Ұлттық Қор қаржысы және екінші дәрежелі банктер қаржысы) қайта қаржыландырылды, соның арқасында 3000 жуық жаңа жұмыс орны ашылды және бұрыннан істеп тұрған жұмыс орындары сақталынып қалды.
«Даму –Қолдау» бағдарламасы бойынша қайта өңдеу саласындағы 12 жоба 3,25 млрд.теңгеге қайта несиелендірілді. Қайта өңдеу саласын қолдау бағдарламасы бойынша ФСА арқылы 155 жоба 8 пайыздық сыйақы мөлшерімен 18 млрд.теңгеге қайта қаржыландырылды. Бағдарлама 2010 жылы да жұмыс істейді. Екінші дәрежелі банктер арқылы орта және шағын кәсіп несиелерін кепілдендіру бағдарламасы іске қосылды. Бұл олардың міндеттерінің орындауына байланысты кепілдендіріледі. 2010 жылы осы мақсатқа 4 млрд.теңге бөлінбек.
Жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыру үшін Біріккен іс-қимылдар жоспары аясында 240 млрд.теңге бөлінген. Ол мынадай механизмдер арқылы жұмыс істейді:
1) Екінші дәрежелі банктер арқылы құрылыс нысандарын аяқтау, кейін оны «еркін немесе бекітілген баға бойынша» саудаға салу;
2) «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік Қоры арқылы тұрғын үйлерді сатып алып, аяқтау;
Алғашқы механизм бойынша 17,2 млрд.теңгеге 8 объект қаржыландырылады. Оның 6-уы қазірдің өзінде аяқталды. Осы тұрғын үйлер арқылы 5 мыңнан астам үлескерлердің мәселесі шешіледі деген сенім бар.
Екінші механизм бойынша Жылжымайтын Мүлік Қоры 93,1 млрд.теңгеге 22 объектіні қаржыландыруға міндеттеме алды. Нәтижесінде жылжымайтын мүлік нарығындағы баға тұрақтанып, құрылыс секторы күйреуден аман қалды.
Құрылыс материалдарын және құрылғы өндірушілермен арада 24 меморандумға қол қойылды. Бұл үшін 2010 жылдың аяғына дейін бағаның ең үлкен бағаны белгіленді (орта нарықтық бағадан 5-15 пайызға төмен). Материалдар мен құрылғыларды жабдықтау үшін 1,9 млрд.теңгеге 79 келісімге қол қойылды. Оның нәтижесінде, құрылыс объектілері құнының алғашқы есебінен 9,3 пайыз көлемінде қаржы үнемделді. Жылжымайтын мүлік Қоры қаржыландыратын объектілердегі сатып алу шаралары кезіндегі қазақстандық үлес 69 пайызға жетті.
2010 жылы 295 мың шаршы.метрге сай 12 объекті аяқталады. Онда 2 493 пәтер болады, 1 322 үлескердің үй мәселесі шешіледі. 2009-2010 жылдары Жылжымайтын Мүлік Қоры 208,3 млрд.теңгеге сай 47 объектіні қаржыландыру міндеттемесін мойнына алады. Бұл шараның арқасында 14 797 үлескер үйлі болады.
2010 жылы ФСА қаржысының есебінен Алматыдағы «Сайран», «ҮшТөбе», Астанадағы «Гранд Алатау» тұрғын үй кешендеріндегі құрылыс жалғасады. Бұл кешендердегі үлескерлер саны 1 894 адам. ФСА Казкоммерцбанкке 20 млрд.теңге қаржы салып, бұл кешендерді қаржыландырып бастады. «Тау Самалы» кешенінің құрылысы аяқталады (алғашқы кезегінде 600-ден астам үлескер бар).
Қ.Келімбетов Елбасына Ұлттық Қордан «Самұрық-Қазынаға» бөлінген қаржының тиімділігін қамтамасыз етудегі механизмдер жөнінде айтты. Қаржының тиімді жұмсалуын бүкіл құқық қорғау және қадағалау мемлекеттік органдарынан құралған ( Бас прокуратура, Есеп комитеті, мемлекеттік қаржылық қадағалау және т.б) Жұмысшы тобы қадағалайды. Мұнан өзге, Директорлар Кеңесіндегі арнайы комитет пен «Нұр Отан» партиясы жанындағы Комиссия мониторинг жасайды.
Прокуратура, құқық қорғау және өзге де тексеруші органдардың тексерісі қаржының тиімді бағытқа жұмсалғанын көрсетті. Бөлінген қаржының 0,17 пайызы көлемінде екінші дәрежелі банктер тарапынан (орта және шағын кәсіп және ипотеканы қайта қаржыландыру кезінде) қателіктер болған, бірақ, ол тек техникалық жағынан бұрыс болғандықтан, қазіргі күні ол қателіктердің орны толтырылды.
Қордың Басқарма Төрағасы айтқандай, осылайша, Ұлттық Қордан дағдарысқа қарсы бағдарламаны игеру үшін бөлінген 1 трлн.87,5 млрд. теңге ашық, қайтарымды бағытта тиімді әрі тез игерілді.
1-қаңтардан Үкімет ел экономикасын индустриализациялау Бағдарламасын жүзеге асырып бастады. Индустрия министрлігі индустриализация Картасын дайындады, оған Қордың 26 жобасы кірді. Жалпы құны 20 млрд. АҚШ долларынан жоғары.
Оның ішінде 2 жоба 2009 жылы жүзеге асырылды; 109 млн.АҚШ долларына сай 4 жоба 2010 жылы аяқталады, 2010 жылы 18 жобаның құрылысы басталса, 2 жобаның құрылысы 2010 жылдан кейін басталады.
2010 жылы «Қазақстан Даму банкі» («Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниясы) 10 жобаны пайдалануға береді, бұл жобалар стратегиялық инвестициялық жобалар тізіміне енбейді.
Жалпы, «Самұрық-Қазына» Қоры Қазақстан экономикасының мұнай-газ, химия, мұнай-химия, транспорт, энергетика, металлургия, фармацевтика, атом өнеркәсібі секілді стратегиялық салалардағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын оператор.
Қор тобы тауар, жұмыс, қызмет түрлерін қазақстандық жабдықтаушылардан сатып алу арқылы қазақстандық өндірісті қолдау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп отыр. 2010 жылы сатып алу Жоспары 1 трлн. 956 млрд.теңгені құрап отыр. Компаниялар тобымен мынадай келісімдер түзілген:

 580,3 млрд.теңгеге сай тауарларды сатып алу бойынша (қазақстандық үлес 63%),
 450,5 млрд.теңгеге сай жұмыстарды атқаруға (қазақстандық үлес 64%),
 504,3 млрд.теңгеге сай қызмет түрлерін көрсетуге (қазақстандық үлес 94%).
Жалпы, холдинг 1 трлн.535,4 млрд.теңгеге сай сомада келісімдер түзген. (Жоспардың 78 пайызы); Қор тобындағы компаниялардағы қазақстандық үлес 2009 жылы 74 % болды.
2010 жылғы сатып алу Жоспары 2 трлн. 595 млрд. теңге болмақ. Ондағы қазақстандық үлес 72 пайызға жетеді. Отандық кейбір ірі тауар өндірушілермен арада ұзақ мерзімдік келісім-шарт жасалынады деген жоспарлар бар.
2010 жылы «Самұрық-Қазына» Қоры жұмысындағы негізгі бағыт активтерді басқаруға қарай ойысады. Бұл бағыт бойынша негізгі стратегиялық мақсаттардың бірі—Қор тобындағы компаниялардың ұзақ мерзімдік акционерлік құнын арттыру;
Бұл үшін Қор активтер құрылымын оңтайландырып, тиімді корпоративтік басқаруды және коммерциялық емес (әлеуметтік) жобаларды жүзеге асырар кезде ашықтық енгізбек.
Бұл уақыт аралығында Қор компанияларды басқаруда операциялық бақылау жасап, шығындарды қатаң қадағалап, қаржылық дисциплинаны қамтамасыз етпек.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар