Неліктен Қазақстан Ядролық қауіпсіздік саммитінің «маңдай алды жұлдызына» айналды?

700 рет қаралды
1

Huffington Post басылымының тілшісі Ал Ейсел осы сұраққа жауап іздеген. Өзінің мақаласын ол Семей қаласында тұратын 85 жастағы Прасковья Колоскованың хикаясынан бастайды.

Қарт апа осыдан 57 жыл бұрын тамыздың 12-сінде жасалған ядролық сынақтың куәгері. «Әдетте сынақ жасамас бұрын біздерге есік-терезелеріңді ашып қойып, үйдің сыртына шығыңдар деп кеңес беретін. Бірақ бұл жолы басқаша болды. Мен ауа ағымының қатты қысымын сездім. Бұдан соң лаулаған от жалп етті де жоғары көтеріліп, саңырауқұлақ тәрізді қалыпта қалың түтін пайда болды. Айналаның бәрін күл орап алды. Ал әлгі саңырауқұлақ қол созым жерде тұрғандай анық көрінді» дейді.

Дәл осы мысал арқылы америка журналисті кеңес одағы адамдарға ядролық сынақтарды қалай жүргізгенін ашып көрсетуге тырысқан. «Апаның және сол тектес мыңдаған жанның оқиғасы көптеген америкалықтар үшін беймәлім Орталық Азиядағы Қазақстанда орын алды. Аталған ел дүйсенбіде Вашингтонда өткен ядролық қарусыздандыру саммитіне жиналған 47 елдің бел ортасында жүр» деп журналист Қазақстанның не себепті саммитте маңызға ие екеніне дәлел келтірген.

«1991 жылдың Тамыздың 29-ы күні Нұрсұлтан Назарбаев Семейдегі ядролық сынақтарды тоқтатты. Кейін 1995 жылы Қазақстан әлемдегі қуаты жөнінен төртінші болып саналатын ядролық қаруды мұрагерліктен бас тартып, Қазақстанды ядролық қаруы жоқ ел деп жариялады» деген Ал Ейселдің сөйлемдерінен мақалада Қазақстанның жағымды келбетін танытуға күш салғаны аңғарылады.

«Бәлкім кейбір америкалықтар бұл ел туралы естіген шығар, тіпті оның қай жерде орналасқанын да дөп басып тауып бере алар, бірақ Қазақстан Орталық Азиядағы ұйқысынан оянған алып екенін біле бермеуі мүмкін» деп қорытындылайды өзінің сөзін америка тілшісі.
Тұтастай алғанда бұған дейін сайқымазақтың кесірінен имиджі мансұқталып келген елдің кенеттен «қаһарман» атануы күтпеген жағдай. Аталған мақалаға пікір қалдырған оқырманның бірі: «Қазақстан нәтижесінде үлкен жетістіктерге қол жеткізеді деп ойлаймын. Назарбаев посткеңестік елде тұрақтылықың орнауы үшін үлкен жұмыс атқарды. Реформалар баяу және күрелі жүргізілгенімен өз нәтиежесін бермек» депті.

Мақсат АЯН

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. “Жақсы сөз жарым рыс” – дегенді де біз айтақанбыз. Міне, ағылшындар қазақтың мемлекетінің ұстанымына, қазақтың ақ жүрек адалдығына назар аудара бастады. Енді, кино саласын ретке келтіру керек! Мәдениетімізді жалпыға жария етуіміз керек. Ұлттық рухымызды өзгелерге көрсетуіміз керек.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар