Қазақ тілді жаңа медия неге дамымай жатыр?

4616 рет қаралды
3

Күн ертең батыстан шығады дегенге әрине сенбейсіз. Бірақ, жаңа медияның құдыреті халықты осыған иландыруға жетеді. Бүкіл әлем қызығын көріп отырған жаңа медияны қазақ қоғамы әлі түсіне алар емес. Алайда, дер кезінде бұл саланы халыққа ұғындырсақ, нәтиже де жаман болмауы мүмкін.

Қазақ тілді Жаңа медия елімізде айтарлықтай дамып жатқан жоқ. Себебі, дәстүрлі медияның салмағы әлі күнге дейін басым біздің қоғамда. Халық жаңалықты кешіктіріп жеткізсе де газет журналдардың жазбаларына көбірек сенеді. Еліміздің кез-келген азаматы республикалық және облыстық басылымдар арқылы ақпараттанатынын жоққа шығармаймыз.

Екіншіден, ғаламторды тиімсіз пайдалану қазақ тіліндегі жаңа медияның көлеңкеде қалуына себепкер. Қазір кез-келген үйдің төрінде әлемдік торға жалғанған компьютер бар. Бірақ, интернетті ойын ойнап, құр уақыт алатын арзан сайттарды ақтаруға пайдаланатындар көп. Мысалы, ауылдағы оқушы үшін ғаламтор дегенміз – “Мэйл агент” және “мой мир”.

Қазақ тілді жаңа медияның қыр-сырын халыққа ұғындыратын мамандардың аздығы – үшінші мәселе. Ат төбеліндей азғантай адамның қазақ қоғамына бұл саланы түсіндіруге күші жетпейді. Біздегі қазақ тілді жаңа медия туралы түсініктің тарлығы да – мамандардың тапшылығынан.

Қазақ тілді жаңа медияның қоғамда жан-жақты дамуына аталған проблемалар кесірін тигізуде. Бірақ, “қалауын тапса, қар жанады”. Қазір әлемдегі таралымы көп , күн сайын оқырманға жол тартатын алып газеттердің тиражы күн санап кеміп жатыр. Оқырман көбіне басылымның ғаламтордағы нұсқасын ғана оқып алады. Бұл – дәстүрлі медияның орнын жаңа медия алмастырып жатыр деген сөз. Яғни, түбіңнде барлық басылымдар интернетке көшетінін халыққа түсіндірсек, қазақ тілді жаңа медияға қызығушылық артатыны рас.

Қазіргі қазақ қоғамының “бас ауруына” айналған “Мой мир”, “Мэйл агент” , “Интернет ойындардан” адамдарды алшақтатып, тартып алу үшін туған тіліміздегі әлеуметтік желілерді көптеп ашып, “Facebook”, “Тwitter”-лерді қазақшалау да мәселені шешуге көмектеседі.

Қазақ тіліндегі жаңа медияның ауқымын кеңейту – күн тәртібіндегі басты проблема. Жаңа медияны дамытатын мамандарды шетелдерге арнайы курсқа жіберіп, білімдерін арттырған дұрыс. Сонсоң, төл тіліміздегі жаңа медия туралы түсінікті тезірек тарату – оң шешім болар еді.  Қазақ тіліндегі жаңа медияның дамыту үшін осы мәселереді шешіп алсақ, іс оңға басатын сыңайлы.

Жаңа медия қазақ тілінде керемет дамып жатқан жоқ, бірақ көштен қалып та қоймады. Меніңше, жастардың ғана емес, қарттардың да назарын қазақ тілді жаңа медияға аудару қажет. Яғни, қазақ қоғамының кез-келген мүшесі хабардар болса жаңа медия сөз жоқ, дамиды.

Ақырыс Сейтқазы,

ҚазҰУ студенті

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Шынымен солай біраз фейсбук туиттерлердді қолданатын қазақтар саны аз емес көрінеді бірақ негізінде сол қолданушылардың көбі шетелде білім алған студеттер немесе басқа елді мекенде өмір сүретін қазақтар ал қазақстаннан саусақпен санарлықтайған адамдар қоғамдық желіде отыратынын кім кімде біледі. Мүмкін ҚЗ.тар инетті көп қолданатын шығар бірақ олардың қолданатындары жоғарыда айтып өткендей мейл.ру кәне ал мейл.руды менде сынап көрдім қалың қазақтан қай жерім артық деп маған ұнамады себептерін айта кетейін 1-спам көп келеді, 2-пошта жәшігіне келген қазақ әріптері танымайды 3-еріксіз сұраусыз жалаңаш суреттерді сізге қосыл сүйт бүйт деп келіп тұрып алады жәнеде қалаған адам контактіңізге қосыла береді. т.б айтса өте көп

  2. Тура айттың, Бөкен. Қай елдің ресурсы болса да бірінші кезекті өзінің мақсатын көздейді ғой.

  3. мен мақаланың мағынасын, мақсатын, не үшін жазылғандығын түсінбедім, шыны керек. Не мақсатпен жазылған. Қарапайым дәйектерді жалаң, құрғақ стильмен жеткізе салған. Мен жексұрын болып көрінгім келмейд, бірақ бұндай насихаттық үлгіден арылу керек сияқты.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі