ҚЫРҒЫЗСТАНДА УАҚЫТША ҮКІМЕТ ОРНАДЫ

603 рет қаралды
1

KMO_114610_00001_1_t207ГЕОСАЯСИ ОЙЫНДАРДЫҢ ҚҰРБАНЫ?

Әлемдік баспасөздің жазуы мен сарапшылардың пікіріне сүйенсек, Қырғыз бұл жолы геосаяси ойындардың құрбаны болып отыр. Ресейдің Қырғыз билігіне деген тоңторыстығы екінші «қызғалдақ» революциясының туындауына әкеліп соқса керек.
Таласта басталған наразылық акциясының негізгі себебі жақында ғана аспандап кеткен коммуналдық қызметтің бағасы дейді сарапшылар. Өйткені, Ресей Қырғызстанға тасымалданатын мұнай өнімдеріне салынатын кедендік баж салығын қымбаттатып жіберген. Бұл ішкі нарыққа кәдімгідей әсерін тигізіп отыр. Аяқасты қымбаттаған баж салығы елдегі электр тогы мен жылу жүйесінің 30 пайызға қымбаттауына әкеліп соққан. Қырғызстанның Ресеймен арадағы салқындығы, Ресейдің соңғы кезде Қырғыз президентін оңдырмай сынауы – мәселенің ушығуына бастама болып отыр. Биылғы 1-сәуірге дейін Қырғызстанға ЕурАЗЭҚ-қа мүше ел ретінде Ресейден тасымалданатын жанар-жағар май жеңілдетілген баж салығымен жеткізілетін. Бірақ, ЕурАзЭҚ жаңа одақпен, Кеден одағымен алмастырылды. Оған Ресей, Беларусь және Қазақстан еніп отыр. Жақында Ресейдің Қырғызстанға осы одаққа ену жайындағы ұсынысы аяқасты болғаны белгілі. Бәлкім, соған жауап ретінде жасалған алғашқы қадам болар, Ресей елдегі экономикалық-әлеуметтік жағдайды шиеленістіретін шешім қабылдады. Ресей мен Қырғыз арасындағы салқынқандылық былтырдан бері жалғасып келеді. 2009 жылдың ақпан айында Мәскеу Бишкекке 2,15 млрд доллар көлемінде көмек көрсетуге уәде берген еді. Ал, Бакиев бұл көмектің ақысына «Манас» әуебазасынан американ жауынгерлерін шығаруды мойнына алған. Бірақ, америкалықтар «Манастан» кетпеді.
Ал, Ресей мен Қырғыз байланысы соңғы айларда тым күрленеіп кеткен еді. Қырғыз билігін бөлінген көмектің алғашқы бөлігін дұрыс пайдаланбады деп айыптаған Ресей «Қамбарата-1» ГЭС құрылысын салуға бағышталған 1,7 млрд долларды бөлуді тоқтатты. EurasiaNet сайты «Ресейдің экспорттық баж салығын енгізуі кездейсоқ мәселе емес. Бұл Қырғызстанның геосаяси аренада Ресейге құлақ аспауына алған жазасы. Бұған дейін Ресей уәде еткен қарызын беруден бас тартқан болатын. Бұл – екінші қадам» деген бішкек журналисі Замир Өсеровтің пікірін беріп отыр. Дәл осындай ойларды немістің Frankfurter Allgemeine Zeitung, ағылшындық BBC, американдық The Wall Street Journal секілді басылымдар да жазған. Демек, келтірілген мәліметтерге сүйенсек, Қырғыз геосаяси ойындардың құрбанына айналып отырғанын байқауға болады.
Ресей Федерациясының премьер-министрі Владимир Путин Қырғызстандағы жағдайға Ресейдің ешқандай қатысы жоқ екенін айта отырып, Бакиевтің жүргізіп отырған саясатын сынай кетуді ұмытпайды. Бұның өзі қорыққан бұрын жұдырықтайдының кері болса керек.14005-large

ОТБАСЫЛЫҚ БИЛІК?

Кезінде Ақаев билігін жеріне жете сынаған Бакиев елдегі ауыр экономикалық-әлеуметтік жағдайды түзету үшін не істеді? Бес жылдың ішінде ортаазиялық авторитарлық басшыға айналып үлгерген Бакиев қырғыз билігіне жақындары мен бірге туғандарын тарта бастаған. Демек, бұған дейінгі ортаазиялық әріптестерінің дәстүрін қайталап, демократиялық билік құрғанның орнына, отбасылық топ құрып алған деген айыптаулар Бакиев адресіне жиі айтылып жатыр. Елдегі жаппай наразылық шеруіне Бакиевтің соңғы бірнеше күн ішінде бірнеше оппозициялық басылымдарды жауып тастағаны да себеп болған. Онда отбасылық биліктің жемқорлығын әшкерелейтін мақалалар басылған екен. Әрі, Бакиев алдындағы ізбасары Ақаев секілді оппозиция өкілдерін тұтқындауда да алдына жан салмаған. Ереуілшілердің басым көпшілігі оппозиция өкілінің бостандыққа шығуын талап еткен екен. Оның үстіне елдегі экономикалық-әлеуметтік жағдай тым нашарлап кеткен. Қырғыздардың басым көпшілігі кедейшілік шегінен де төмен деңгейде өмір сүреді. Бұл да елдегі саяси тұрақсыздыққа әкеліп соғып отырған жайы бар.

БАКИЕВ БИЛІКТЕН КЕТЕ МЕ?

Қырғыз Ақ ордасын 15 мың ереуілшінің қоршап алғанына, елдегі жағдайдың оппозиция құрған Уақытша үкіметтің қолына өткеніне қарамастан, Бакиев өзінің биліктен әлі кетпегендігін мәлімдеген. Ал, ел премьер-министрі Данияр Үсенов оставкаға кеткен. Қырғызстанда халық сенімі үкіметі құрылды. Уақытша үкімет жарты жылға сайланған. Осы уақыт аралығында олар Конституцияның жаңа редакциясын, Сайлау туралы жаңа Кодекс, бейбіт жиындар туралы заң қабылдауды көздеп отыр. Оның құрамына 13 адам енді. Уақытша үкіметтің басшысы ретінде Роза Отынбаева сайланған. Қазір елдегі тәртіпсіздіктерді тоқтатып, қалпына келтіру істері қолға алынбақ. Дегенмен, Бішкек әлі тыныштала қойған жоқ. «24.kg» ақпараттық агенттігі Бакиевтің оңтүстіктегі Ош қаласындағы резиденциясында екендігі жайында ақпарат таратқан. Қазір қырғыз оппозициясы елдің солтүстігін тұтастай бақылауға алса, оңтүстіктегі Жалалабад облысының Аксый ауданына ғана бақылау жүргізе алған. Ал, оңтүстіктің қалған бөлігі Бакиевтің қожалығында дейді «Коммерсант» газетіндегі «Секир-Бишкек» атты мақалада.

Есен Байнұр.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі