Алаштың ардагер азаматы

970 рет қаралды
3

satey2010 жылы маусымның 14 күні 11 сағат 17 минутта Алаштың ардагер азаматы, қоғам қайраткері, жазушы Сатей Нұртазаұлы Алматы қаласы, Байбесік ауылында дүние салды.

Сатей Нұртазаұлы 1938 жылдың 28 ақпанда туған. Азан шақырып қойған есімі – Ғабдусаттар. Бес айлық кезінде әкесі Нұртаза мен атасы Шудабайды халық жауы (эсэрхүү) деп атылған.
Үкілі қызыл қарындашын қойнына алып жатып жүріп, газет шетіне, тақтайшаға жазып, мұғалімімі – ағасы Қ.Қабдылдан хат танып, С.Қалиағзамнан сан үйренеді..Он жасында екінші класқа түсіп, үштен төртінші класқа аттап оқып, озат оқушы атанып, Ұланбатырға офицер мектебіне аттанып бара жатып, арттағы ауыл-үйдің жағдайына байланысты жолдан қайтады. 4 класс бітіру сынына дайындық ретінде 40 тақпақ жаттауы да кейінгі ұрпаққа мол тағлым. 1953 жылы Делуінге бесінші класқа барады. Бірде тарихтың мұғалімі Б.Нұрахмет сабаққа дұрыс жауап бергені үшін “Молодец Сәтей!” деп қалғанынан болып, “Молодец Сәтей” деген лақап есімді болып шыға келеді. 6 класта оқып жүрген қыста аймақ орталығы – Өлгейде өтетін сайлау жиынына Делуін жастарының өкілі болып қатысады.
Өлгейдің он жылдық №1 орта мектебін 1959 жылы үздік бітіріп, Ресейдің Ленинград қаласына оқуға жолдама алады. Институтты “қызыл дипломмен” таусады. Мамандығы – инженер-механик.
Өлгейге бас инженерлік қызметке 1964 жылы күзде тағайындалады. 1967 жылы күзде ауыл шаруашылық машина станциясына бастық, 1968 жылы аймақта ұйымдастыру бөлімінің бастығы, 1969 жылдан сұмын, бірлестік бастығы болып бастағаннан 1996 жылға дейін басқару қызмет атқарады. Еңбек жолының ең сүбелі кезеңдері Ногоннұрда, Бұлғында, Ғалтыда (Көбсгөл аймағының сұмыны) және Ұланбатыр құс фабрикасында өтеді. Соңғы үшеуі «мемлекеттік озат шаруашылық» атағын (1973, 80, 87 жылдары) алды, ал біріншісі нығайған ұжымға айналды.
Осы аралықта үш жоғарғы оқу орнын өте жақсымен тәмәмдап, Алтын гадас ордені, “Ауыл шаруашылық озаты”, «онц хилчин» атағымен марапатталып, құлаған төрт шаруашылықты “Озат шаруашылыққа” жеткізудің нәтижесінде 8 рет аймақтық, 1 рет мемлекет депутаты, 4 рет үлкен құрылтай делегаты сияқты т.б мәртебеге жетті.
Н.Сатей еңбегін Үкіметтік дәрежедегі насихат плакатындағы мына бір жолдар дәлелдей түседі. « … Н.Сәтей жолдас қазір аймақтық … пленум мүшесі, аймақтық және сұмындық … депутат; Ол МХРП – ның XVI съезіне делегат болды. … Н.Сәтей тамаша таланты мен қажырлы еңбегімен елге танылған аймағымыздың таңдаулы зиялыларының бірі…
МХР Халық Ұлы Хуралының жетінші реткі сайлауының Халық Ұлы Құрылының депутаттығына Н.Сәтейдің есімін ұсынып отыр.(1973ж.)».
1979 жылы күзде Ұланбатыр қалалық ауыл шаруашылығының орынбасарына тағайындалады.Ал 1982 жылдан Моңғолдың бүкіл құс фабрикалары қарайтын Ұланбатыр құс фабрикасының бастығы болады.
1991 жыл 8-айдың 29-ында Қазақстанға қоныс аударды. Онда «Талдықорған құс фабрикасы» бастығының орынбасары болып 1996 жылға дейін қызмететеді. 2008 жылы қажылық сапарын өтейді.
Сатей Нұртазаұлы Көркем әдебиет саласында да елеулі еңбек еткен қаламгер. Оның әңгіме, повестері моңғол, қазақ баспа сөзінде жарияланды. Б.Моңғолханмен бірлесіп Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романын моңғол тіліне аударды. «Келін» және «Таразы» кітаптары жарық көрді.
Өзінің аманаты бойынша Алматы қаласына іргелес «Жетіген» ауылының зиратына қойылды.
Бақұл бол, Аға! Жаның жаннатта болсын!

«Міnber.kz» ұжымы

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар