Ғаламтордағы қазақ блогтарының бастамалары

537 рет қаралды
1

Блогтар дәстүрлі журналистиканы жаңа деңгейге шығарып, технология мүмкіндіктерін пайдалануға шақырады. Қазіргі күні әлемдік деңгейдегі ақпарат құралдары жаңадан жұмысқа тұрған қызметкердің блогының бар-жоғына мән бере бастады. Бұл да болса блогингтің қоғамда танылып, дами бастағанын білдірсе керек.

Елімізде бүгінгі қалыптасып отырған ақпараттық технология саласының дамуы белгілі дәрежеге жеткенімен, мемлекеттік тілде берілетін мәліметтер қоғамның сұранысын өтей алмай отыр.

Бейресми мәліметтер бойынша Қазақстан азаматтарының 50,4%-ы ғана қазақ тілінде еркін сөйлеп, оқып, жазады. Ал, жалпы қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың жер бетіндегі саны 14 млн.-нан аспайды. Керісінше, 140 млн. адам француз тілінде, 120 млн. адам неміс тілінде сөйлейді. Интернетте 270 млн. жанашыры бар орыс тілі мен 40 млн.-ға жуық украин тілінің қолданушысы ғаламторда тілдің мәртебесін үшін күресуде. Осы орайда қазақтілді интернет жоғарыда аталған тілдермен бәсекелесуі керек.

Бірақ қазақ тілінің ұтатын тұстары да баршылық. Себебі қазақ тілінде жазылған ақпаратты өзге тілді ресурстар діл болмысымен жеткізе алмайды. «Интернеттегі мазмұнды жергілікті тілге бейімдеу – салыстырмалы түрде сөйлеушісі аз тілдердегі ақпаратқа сұраныстың кемімейтіндігін көрсетіп отыр. Ғаламдық деңгейде дамып жатқан тілдер бұл тілдерде мәлімет таратып, жасауға құлықсыз» деген пікірлер де бар.

Мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлініп, интернетте қазақ тілінде мәліметтерді дамытуға көңіл бөлінгенімен әзірге нәтижесі көрінбейді. Есесіне ақпараттық кеңістікте қазақ тілінде блогтар үлкен қарқынмен дамып, қазақ тілінде мәліметтердің көбеюіне мүмкіндік жасауға септесуде. Мәселен, блог әлемінде қазақ блогшылары өз еріктерімен «WordPress.com» блогтұғырын қазақ тіліне аудару арқылы интернетте қазақ тілінде мәлімет бөлісетін алаңдардың көбеюіне түрткі болды.

Қазақ тілді блогшылары интернеттегі қазақ тілінің жағдайын ғана жақсартып жатқан жоқ, сонымен қатар, ақпараттық технология саласында қазақ тілінің кең қанат жаюына, тілдік өзгерістер мен оның дамуына өз үлесін қосуда. Қазақ тілінің де әлемдік үдеріс бойынша, заманнан қалмай терезесі тең болуына жағдай жасауға да титтей де болса әсері бар.

Батыс журналистикасында қалыптасқан жағдай ірі деген ақпараттық холдингтер, телекорпорациялар жұмысқа жеке блогы бар қызметкерлерді алу үрдісі. Себебі блог арқылы, ондағы сөздер мен стилі арқылы автордың нақты дәрежесін, сөз саптасын анық бақылауға болады. Оның журналистік шеберлігін де аңғаруға болады, шығармашылық деңгейін барлауға болады.
Блог ең алдымен жекелеген адамдардың көз қарасын білдіруде, ішкі ойларымен бөлісуде таптырмас құрал әрі «дос» деуге болады. Бірақ, қазақ тілді блогтардың қазіргі күні саны көп болғанымен сапа жағынан ақсап тұрғанын айтуымыз керек. Жаңадан ашылған блогтар екі-үш жазбадан кейін сол беті қалады. Үнемі жаңартылып отыратын бұрыннан келе жатқан блогтар екенін айтқан болатынбыз. Уақыт өте келе блогерлер тұтастай аудиторияның қажеттіліктерін өтейтін ауқымды медианарыққа айналады деп сенеміз.

Жансая Омарбекова,
Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың студенті
Қарағанды қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Бірақ қазақ тілінің ұтатын тұстары да баршылық.
    …………………………………………
    Меніңше, ұтатын тұстары месе, өзіне тән ерекшелігі болып саналады. Кез-келген тілдебар ерекшелік деп білемін.

    бұл тілдерде мәлімет таратып, жасауға құлықсыз
    ………………………………………………………………………….
    Әрине, егер оқырманыаз болса, ондай салаға бет бұру өзін-өзі ақтамайды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар