Алаштың алтын ғасыры

776 рет қаралды
2

naz12jpgҚазақ баласы атам заманнан бері дүниені – адамзат баласының тірлігін парық көзімен пайымдап, оған әр уақытта пәлсапалық қисынмен жауап беріп келген. Онысы басқа жұрттың қарудың күшімен тықпалап, таңын айыра таңатын дүниетаным ілімінен әлдеқайда озық болса да біраз уақыт сол бір баға жеткісіз байлықтан, рухани мұрадан көз жазып қалғанымыз рас. Тәңірінің қайта жарылқауымен Тәуелсіздік атты, өз тізгініміз өз қолымызға тиіп, өзімізді өзіміз билейтін бақытқа кенелгенімізге де бар жоғы жиырма жылдай ғана уақыт болды. Бұл аз ба, көп пе? Мынау жарық дүниені – бес күндік жалған атаған алаштың ақыл-ой санасымен өлшер болсақ бұл өзі қанша уақыт? Есеп беріп, есеп алысуға, өткенің мен кеткеніңді тұжырымдауға жететін мөлшер ме? Осы тұрғыдан келгенде, әрине біз, дүние тірліктің заман атты ұлы жібек жолының бір нүктесін ғана жүріп өткен болуымыз бек мүмкін. Алайда, адамзат баласының дүниеге келіп, кетуі қас пен көздің арасындай, қамшының сабындай ғана екеніне салмақ сала, екпін түсіре, пенделік дүниеауани көзқараспен бажайлайтын болсақ, онда бұл уақыт жоғарыдағы сауалымызға толық жауап аларға боларлық бір кезең болса керек. Ол кезеңнің тарихи құндылықтары сол қоғам өмір сүрген уақыт пен кеңістік аймағында адам баласының ақыл-ойларының жанкештілікен тапқан идеялар мен оны жүзеге асырған көшбасшының қарым-қабылетінінің күш-қуатына тура тәуелді екенін аңғару қиын емес.
Адамзат тарихы өз тарихында адам баласының дүниеге келіп, кету барысында «түгел жүрмей, түгесіліп қалмай» ұрпақтар жалғастығы арқылы мәңгілік ғұмыр кешуі сол заманы тудырған Көшбасшына тікелей байланысты екенін көреміз. Көсемі мықты елдің көсегесі көгеріп, көсемі кері баққан елдің көзінен жас кетпейтініне, тіпті оның мәңгіліктік мәселесі де көмескі тартып, күмән тудыратынын бүгінгі жер бетіндегі саяси ахуалдар айқындап отыр. Жіліктей тарататын болсақ, ұлттардың пайда болуы мен жойылуы өсіп-өшудің эволюциялық, табиғи жолдарын кесіп тұтқиылдан шапқан идеялардың нәтижесі болса керек. Сондай алапаттарды бастан кешкен Қазақ Елі нық тұрды. naz13

Бұл күнде ХХІ ғасырдың алғашқы он жылында тарлан тарихтың шаң басқан шытырман сүрлеуін, сан мың қашықтықтарға кеткен сансыз жолдарын аман-есен басып өткен, адам айтса нанғысыз ертегідей Астанасын Азияның төріне тікен Қазақ Елінің аты әлем кеңістік көгінен түспей тұр. Алаш атты атамзаманғы бір Ел, жұмыр жер жұмырына жұқ болмайын деген алпауыттардың қара найзасының күші қарыштап тұрған ұстараның жүзіндей аударылған заманда Жері үшін, Ұлты үшін, Діні үшінгі әділетті күресін адал жалғастырып өзінің Алтын ғасырына аяқ басты!

Демек, бұл – адамзат баласының қысқа ғұмырындағы Ұлы құбылыс. Үлгі тұтарлық үлкен іс. Дамудың бұндай сапалы жолына қалай, қайтіп, кімнің қолбасшылығында жеткендігіміз ақтарыла айтылатын ақиқат. Ол – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы туралы Ақиқат болса керек!

Біз Тұңғыш Президент-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлын кемелденген 70 жасымен шын жүректен құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр жас, мықты денсаулық тілейміз!

Б.Бурылалтай, “Minber.kz” ұжымы

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Бәрекелді, жақсы айтылыпты, тек елбасы ретінде ғана емес қазақтың бір мықты ақсақалына мәнді де, сәнді ұзақ ғұмыр тілейік!

  2. Талайдың тілін қышытатын мақала екен, қорыққаннан үндемей отыр да жұртшылық.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері