Көш-керуен тоқтамасын десек

5934 рет қаралды
2

орал1Парламентте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1-қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында, Парламенттің кезекті сессиясын ашып тұрып, көші-қон туралы заң жобасын тездетіп қабылдау қажеттігін ескерткен еді. Демек, аталған заң жобасының қабылдану уақыты таяу. Алайда, бір жылдай уақыт көпшілік талқысына түскен бұл жобаға айтылған ұсыныстар мен тілектердің қаншасы ескерілді, қаншасы назардан тыс қалды? Бұл жағы беймәлім. Дегенмен, Парламенттің құлағына жете берсін деген мақсатпен ұсыныс-пікірлерімізді айтуды жөн көріп отырмыз.
Еліміз егемендік алғалы алыс-жуық шетелдердегі қандастарымыз өзінің тарихи отаны – Қазақстанға орала бастады. Қазірге дейін сырттан келген қандастарымыздың саны бір миллионға жақындады десіп жүрміз. Десе де шетелде әлі де болса бес миллион қазақ отыр. Олай болса олардың бұдан кейінгі отанына оралу мәселесі қалай болады? Орала алмаған қандастарымызға Қазақ мемлекеті қай деңгейде рухани көмек көрсете алады? Көші-қон ісіне және шеттен оралған ағайындардың атажұртында өмір сүруіне қандай кедергілер жасалып отыр?
Бүгінде қазақ көшінің тоқырай бастағаны туралы ақпарат құралдар жиі дабыл қағуда. Ендеше көшті қайта қозғау үшін саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер және жекелер бұл істі шешудің жолын қалай қарастыру керек?
орал2Осы және басқа да өзекті мәселелер төңірегінде қордаланған мәселелердің шешімін қарастыру мақсатында төмендегі ұсыныс-пікірлерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Бірінші, Халықтың көші-қоны туралы заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізіу керек. Балама заң жасау, бағдарлама жасау ісін де қолға алған жөн(кейбір нақты ұсыныстар қосымша тіркелді).
Екінші, шеттегі ағайындар қоныстанған елдермен көші-қон, білім алмасу, еңбек келісімі секілді нақтылы келісім шарттар жасалу керек. Мысалы: Қытай мен Қазақстан арасында қазірге дейін ешқандай көші-қон, білім алмасу, еңбек келісім шарты жоқ.
Келісім-шарттардың жоқтығынан ондағы ағайындар Қазақстанға нақтылы көші-қон жолымен келе алмайды. Тек жекесапар жолымен келіп, квотаға немесе «Нұрлы көшке» құжаттар тапсырады. Азаматтық немесе ықтиярхат алып осында тұрып қалудың жолын қарастырады.
Білім алмасу келісім шартының жоқтығынан қазақстанға келіп оқуға ниет білдіретін этникалық қазақтардың ұл-қыз талапкерлерімен нақтылы байланыстар жоқ(әсіресе Қытайдағы, Еуропадағы қазақтармен тіптен солай). Тек қана келіп өтініш тапсырған үміткерге ғана ие болу дәстүрге айналған.
Қытаймен Еңбек келісім-шартының жоқтығынан қытайдан келіп азаматтық алған зейнетақы жасындағы қарттарға Қазақстан жағы зейнетақы тағайындамай отыр.(Қытай мен Корея арасындағы еңбек келісім-шартына орай жылына бірнеше жүз мың корей азаматы шетелге шығып жұмыс істейді. Бір жағынан өз бауырларының жұмыссыздығын шешсе, екінші жағынан ұлттық болмысын сақтауына немесе отанына оралуына сыртқы ықпал жасайды).
Шетелдік еңбек күшін тартуда ұлты қазақ өзге елдегі этникалық қазақтар ерекше ескерілуі керек.
Үшінші, Сыртқы істер министрлігінің Қытайдағы консулдығының Үрімжі қаласындағы виза және төлқұжат бөлімінің құзырлығын бекемдеп, жұмыс істеу көлемін кеңейту керек. Қазір ондағы 2-3 айлық кезек және делдалдық мәселесі әлі шешілмей отыр.
Төртінші, тұрақты тіркеуге тұру, тіркелу, азаматтық алу, ықтиярхат алу сияқты мәселелерде Ішкі істер органы ұлты қазақ азаматтарға ерекше жеңілдік қарастыру керек. Кейде туристк, оқу және жұмысқа келу жолымен келген қандастарымыздың тіркелуінде қиындық көп. Және де үй кітапшасын таба алмағандар тіркеуге тұра алмай жатады. Қытайдан келгендерде туу туралы куәлік және әскери билет болмайтындықтан оның да әуресі аз емес.
Бесінші, Бос қалған елді мекендер мен аудан-қала орталықтарында қаңырап қалған құрылыстарды оралмандардың жөндеп-пайдалануына тегін ұсынуды қарастыру керек.
Оралмандарға тұрғын үй және егістік-шаппалық жерлер беру заңда қарастырылғанмен жергілікті әкімдер жердің сатылып кеткенін, қорда артық жердің жоғын айтады. Немесе өмір сүру ортасы қиын – шөл, суық, татыр жерлерді көрсетеді. Әкімдер мен Көші-қон мекемелерінің арасында оралмандарға жеңілдіктер жасау және жер телімдерін шартсыз беру жайында белгілі қызметтік қарым-қатынас болуы керек.
орал1< Алтыншы, Көші-қон және оралмандарға қатысты құзырлы органдарда Оралмандардан шыққан зиялы қауым өкілдерінен алынған арнайы қызметкерлер болуы керек. Мысалы Көші-қон комитетінде, парламент депутаттығында, Дүниежүзі қазақтары қауымдастында оралман өкілдері болу керек. Кем дегенде орынбасарлық орындарды қарастырған жөн. Және де белгілі мерзім ішінде президент немесе құзырлы минстріліктер оралман өкілдерін қабылдап, олардың нақты жағдайын өз аузынан естіп, сақталған мәселелерге дер кезінде шешім жасап отыруы керек.
Жетінші, шеттен келген ағайынның құқықтық мәртебесін өсіріп, бұрынғы «Оралман куәлігінің» құқықтық аясын барынша кеңейтіп, жарамдылық мерзімін 3-5 жылға ұзарту керек. Айталық, бүгінде шет¬елден келген этникалық қа¬зақ азаматтық алған жағдайда оралман мәртебесін иелене алмайды. Сондықтан, көптеген қан¬дастарымыз квотоға ену мақ¬са¬тында азаматтық алмайды. Қа¬зақ¬станға келіп шетел аза¬маты ретінде тіркеліп жүреді. Оның нәтижесінде көптеген құ¬қық¬тық және құжаттық кедер¬гілерге жолығады. Олай болса «Оралман куәлігінің» құқығы негізінде мемлекет тарапы¬нан салықтық жеңілдіктер жасалуы тиіс. Мысалы, оралман жұ¬мысқа ор¬наласқан жағдайда еңбек¬ақы¬сынан, шағын кәсіпкерлігінен, моторлы көліктерінен 3-5 жылға дейін салық алмау немесе азайтуды қарастыру керек.
Сегізінші, балалардың мектепке, университетке түсуі, жастардың жұмысқа ораналасуы қайта қарастырылуы керек. Этникалық қазақтар мен оралмандарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квотаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру, ортадан кейінгі және жоғары білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін білім гранттарын бұрынғы жылдардағыдан 3 есе көбейту керек.
Тоғызыншы, Көші қон комитетін минстрлік дәрежесіне көтеру керек. Және де Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мемлекеттік мекеме етіп құру немесе Мәдениет минстрінің құзырлығындағы шеттегі ағайынмен жұмыс істейтін орган етіп қайта жасақтау керек.
Оныншы, квотаның сандық шектемесін алып тастап, шеттен келген қазақ болса болды оған кезексіз және өте қысқа мерзім ішінде квота беру және кезексіз «Нұрлы Көш» бағдарламасына кіргізуді қолға алу керек. «Нұрлы Көш» бағдарламасының атқарылуында толып жатқан кемшіліктер бар. Бағдарлама кемелденіп, халыққа шынайы жұмыс істеу аясы кеңейсе, елдің көшін қозғауға септігі тиер еді.
Шетелден көшіп келетін этникалық қазақтардың мемлекеттік квотаға қара¬май, өз бе¬тімен көшіп келуіне барынша жағдай жасау қажет. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қолында оралман куәлігі болмаса да мүлікті шекара арқылы кеден төлемдерін алмай өткізуі керек.
Он бірінші, шетелде жалпы білім беру мекемелерінде оқып жүрген этникалық қазақтарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен тегін қамтамасыз етіп қана қалмай, оларға ән-күй, кино-театр таспалары мен газет-журналдарды тегін жеткізіп беруді іске асыру керек. Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі құзырлы органдары этникалық қазақтармен барыс-келіс жасау жағында дәрменсіздік танытып келгендіктен оларға мәдени жақтан көмек көрсетіп, көшіп келгісі келетін немесе көшіп келгісі келмейтін ағайынмен жұмыс жұмыс істейтін Мәдениет орталықтарын құрған жөн. Әсіресе Қытайдағы қазақтардың арасында міндетті түрде арнайы Мәдени орталықтар жұмыс істеуі керек. (Кеңес Одағының 1956-1957 жылдардағы және 1962 жылғы Қытайдағы қазақтарды көшіріп алудағы ішінара тәжірибе-сабақтарын пайдаланған жөн)
Он екінші, оралмандарға қатысты құқықтың бұызылғандығын арнайы қадағалайтын заңдық мекеме болуы керек. Немесе Бейімделу орталықтарының жұмыс аясын барынша кеңейтіп, заңнамалық істерді қадағалауды да атқарғаны жөн. Қазақтар көп көшіп келіп жатқан Алматы, Шығыс Қазақстан Облыстарна мұндай орталық тіптен қажет.

Қосымша: «Халықтың көші-қоны заңына» ішінара өзгерістер енгізу жобасы да ұсынылды.

(Бүгінгі қазақ көші және қандастар туралы сақталған мәселелер мен ұсыныс-пікірлерді «Қазақ Елі» халықтық бейнелі энциклопедиясы /www.internetTV.kz/ сайтындағы «Қазақ көші және қандастар» тақырыбынан да көруге болады).

Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» заңының жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс-жоба:

р/с
№ Мазмұ
ны Қолданыстағы НҚА редакциясы Ұсынылатын редакция Негіздеме

1. 21-бап Білім алу мақсатымен келетін көшіп келіушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері
1.шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурыстық негізде техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі жоғарғы және жоғары білімнен кейінгі тегін білім алу құқығы Қазақстан республикасының ратификацияланған халқаралық шарттармен айқындалады.
Қазақстан Республикасына білім алу мақсатымен келген көшіп келіушілер оқуын аяқтағаннан кейін, олардың жұмысқа орналасуға рұхсаты немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар жұмыс берушініңжалдау туралы кепілхаты бар болса, білім алу мақсатымен келу рұқсатын еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатындағы рұқсатқа аустыру туралы өтініш беруге құқылы.
Өазақстан Республикасына білім алу мақсатымен келген этникалық қазақтардың қатарындағы көшіп келушілер оқуын аяқтағаннан кейін тұрақтытұруға рұқсат алу туралы өтініш беруге құқылы. Білім алу мақсатымен келетін көшіп келіушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері
1.шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурыстық негізде техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі жоғарғы және жоғары білімнен кейінгі тегін білім алу құқығы Қазақстан республикасының ратификацияланған халқаралық шарттармен айқындалады.
Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары туратын этникалық қазақтардың балалары кезкелген уақытта Қазақстан Республикасына білім алу мақсатымен көшіп келуге құқылы.
Қазақстан Республикасына білім алу мақсатымен келген этникалық қазақтардың қатарындағы көшіп келушілер оқудағы кезінде, қалаған уақытында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтініш беруге құқылы.

Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары туратын этникалық қазақтардың балалары көп жағдайда тарихи отаны ҚР-на біржола қоныстанып қалу мақсатымен келетіндіктен, олардың «оқуын аяқтағаннан кейін» ғана тұрақты тұруға рұқсат берудің еш қисыны жоқ.

2. 39-бап 3.Көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттардың оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге келісетні туралы қотынды дайындау үшін келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, үміткерлер тұруға таңдап алынған өңірлердегі өздерінің аумақтық бөлімшелеріне жібереді.
орал3 Көші-қон мәселлері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері аумақтық этникалық қазақтың оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге өтініші мен құжаттарын қарау үшін және қабылдауға келісу не қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жергілкті атқарушы органдар мен ішкі істер органдарына жібереді.
Екі айдың ішінде жергілікті атқарушы органдар мен ішкі істер органдары қабылдаған, қабылдауға келісу туралы шешімдердің негізінде, көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде, этникалық қазақты қабылдауға келісу туралы қортынды дайындайды және оралмандардың көшіп келіу квотасынаегізу жөніндегі комиисяның қарауына ұсынады. 3.Көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттардың оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге келісетіні туралы қорытынды дайындау үшін келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, үміткерлер тұруға таңдап алынған өңірлердегі өздерінің аумақтық бөлімшелеріне жібереді.
Көші-қон мәселлері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері екі айдың ішінде этникалық қазақты қабылдауға келісу туралы немесе қабылдаудан бас тарту туралы қортынды дайындау үшін оралмандарды көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиисяның қарауына ұсынады.
Оралмандарды көшіп келіу квотасына енгізу жөніндегі комиися үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде этникалық қазақты қабылдау туралы немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
1997 жылы 13 желтоқсанда қыбылданған «Халықтың көші – қоны туралы» заңның 35 бабында: «Уәкілетті органның квота шегінде қабылданған репатрианттар(оралмандар), мәжбүрлі қоныс аударушылар, эмигранттар мен босқындар мәселелері жөніндегі, оларды орналастыру мен жайластыру туралы шешімдерінің мәндетті күші бар. Және оны барлық атқарушы органдар, меншік нысанына қарамастан ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға тиіс» деп көрсетілген болатын. Қолданыстағы заң мәтінінен осы баптың алып тасталуы көші – қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзіретін шектеп, көші – қон үрдістеріне кері әсер етіп отыр. Заң жобасы осы жағдайды одан бетер қиындатып жіберген. Егер заң жобасының осы бабы үкімет ұсынған мәтін бойынша қабылданар болса, елге келетін қандастарымыз бұрынғыдай уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің есігін тоздырмайды. Енді жергілікті атқарушы органдар мен ішкі істер органдарының табалдырығын тоздыруға мәжбүр.
3 42-бап Оралмандарға берілетін жеңілдіктер, өтемақылар мен әлеуметтік көмектің басқада түрлері
1. Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері ҚР аумағына келген кезде өзінің төлем қабілетінің растамасын ұсынудан босатылады.

8.оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайда, бір жолғы жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға қаражат есептелмейді және /немесе төленбейді
Оралмандарға берілетін жеңілдіктер, өтемақылар мен әлеуметтік көмектің басқада түрлері
1. Қазақстан Республикасына қоныс аударуға өтініш білдірген этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері ҚР аумағына келген кезде өзінің төлем қабілетінің растамасын ұсынудан босатылады. Оралмандарға берілетін
жеңілдіктер, өтемақылар мен әлеуметтік көмектің басқада түрлері оралман тек ҚР азаматтығына қабылдаған жағдайда ғана оған тиеселі болады.
8.Қазқстан Республикасының азаматтығын қабылдаған оралман ауыл шаруашылығы, орта және шағын бизнеспен айналысқан жағдайда 5 жыл мерзімге салықтың барлық түрлерінен(кедендік баж салығын қоспағанда)босатылады.

Өз қандастарын тарихи отанына қабылдауда Израиль мен Германияның тәжірибесі бізге үлгі бола алады. 1950 жылы қабылданған Израильдің «Қайта оралушылар туралы» заңы мен Германияның 1993 жылы қабылданған «Көшіп келушілер және босқындар туралы» заңдарына сәйкес көшіп келуші еврейлер мен немістер тек сол елдердің азаматтығын қабылдағаннан кейін ғана барлық жеңілдіктер мен атаулы әлеуметтік көмектерге қол жеткізе алады. Біздегі заң жобасында бұл жағы қайшылықтар мен керағарлыққа толы. Біз елге оралған өз қандастарымызды ҚР-ның азаматтығын қабылдауға ынталандырумен бір уақытта жәрдем ақыларын алып, кері көшіп кету жағдайын болдырмауға тиіспіз. Сондай-ақ 1950 жылдары Түркияға бас сауғалап барған біздің қандастарымызға Түркия үкіметі қамқорлық көрсетіп, оған қоса 5 жылға дейін салықтың барлық түрінен босатқан болатын. Қазақстан үкіметінің де өз қандастарына кемінде 5 жылға дейін қамқорлық көрсетіп, жеңілдіктер беруге мүмкіндігі жетіп, артылады. Және бұл шара қандастарымыздың бейімделуі мен кірігуіне және тұрмысын түзеп, ел қатарына қосылуына қолайлы мүмкіндіктер береді.
4 44-бап Оралман мәтртебесінің тоқтатылуы
Оралман мәртебесі оралман Қапзақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін тоқтатылады.
Оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жылдың ішінде қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініш бермеген оралман, оны ұзарту және қайталап алу құқығынан айырлады. Оралман мәтртебесінің тоқтатылуы
Оралман мәртебесі оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін 5 жылдан кейін тоқтатылады.
Орадман мәртебесінің 5 жыл мерзімге дейін сақталуы . Оралмандарға берілетін жеңілдіктер, өтемақылар мен әлеуметтік көмектің сақталуына кепілдік береді. Және осы заң жобасында көрсетілген орынсыз жазадан қорғайды.
5 45-бап Оралмандардың құқықтары мен міндеттері
1. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің:
1) Ішкі істер органдарында тіркелу жолымен, жеңілдетілген тәртіппен ҚР-ның азаматтығын алуға;
2) Жеңілдіктерді, өтемақылар мен ҚР-ның заңнамасында белгіленген басқа да әлеуметтік көмек түрлерін алуға;
Оралмандардың құқықтары мен міндеттері
1.Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің:
1)Ішкі істер органдарында тіркелу жолымен, жеңілдетілген тәртіппен ҚР-ның азаматтығын алуға;
2)Жеңілдіктерді, өтемақылар мен ҚР-ның заңнамасында белгіленген басқа да әлеуметтік көмек түрлерін алуға;
3)Туыс – туған, дос – жарандарының қалауымен олардың тұрақты мекен жайына тұрғын үй аумағының қалай болуына қарамастан, тұрақты тіркеуге тұруға;

4)Өз қалауымен өз атын, әкесінің
атын және тегін қазақша дұрыстап
жазуға құқылы;

Оралман қандастарымыз елге оралған соң бірінші кезекте тұрақты тіркелетін мекен-жайдың жоқтығынан қатты зардап шегеді. Бұл бап олардың тұрақты тіркелуіне қолайлы мүмкіндіктер береді.

Қандастарымыз әлемнің 40-тан астам елінде қоныстанғандықтан олардың аты-жөндері өздері өмір сүрген елдің тіл-жазуына және аты-жөндеріне көбірек бейімделген. Сол себепті олар елімізге келген соң өз аттарын қазақша дұрыстап жазуда көптеген қиындақтарға душар болып отыр. Бұл бап олардың өз аттарын, әкесінің атын және тегін дұрыстап жазуға мүмкіндің береді.

Халық тілегін қағазға түсіріп, хат жолдаушы
Жәди Шәкенұлы

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. ақсарганнын орнына керісіншеоралман маселесі қиындасып бара жатпай ма?

  2. баяғы жартас, сол жартас. айғайлаймыз, айтамыз. еститін құлақ болса ғой шіркін.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі