НАМЫС АЯҚҚА ТАПТАЛДЫ

706 рет қаралды
3

Бұл сотта қазақ тiлi қағажу көрдi

 Естерiңiзде болса, бiз бұған дейiн газетiмiзде “ЭФЕС-Қарағанды” сыра зауытының Алматы филиалында супервайзерлiк қызмет атқарған (бүгiнде бұл қызметiнен босатылған) Надежда Бендзьдiң қазақ жұмысшыларына зауыт iшiнде қазақ тiлiнде сөйлеуге тыйым салып, қоқан-лоққы көрсеткенiн ашып жазған едiк. “Қазақ тiлiнде тек еден жуатын шүберекпен ғана сөйлесесiңдер” деген өктем сөздi естiп, намыстан өзегi өртенген қазақ жұмысшылары мұны сол күйiнде қалдырмауға тырысып, Қарасай аудандық сотына шағым түсiрген. Жетi талапкердiң арызы бойынша Надежда Бендзьге қатысты азаматтық сот процесi бiрнеше отырысқа созылып, апта басында нүкте қойылды. Алайда, аудандық сот моральдық зиян шегiп, құқығы бұзылған жұмысшылар талап еткен 7 млн. теңгенi қанағаттандырған жоқ. Турасын айтқанда, тiл үшiн күресте қазақ жұмысшыларының тауы шағылып, қазақ тiлi жетiм баланың күйiн кештi. Соңғы сот отырысы ұзаққа созылды. Бұл жолы Надежда Бендзь өзiмен бұрын жұмыс iстегендерден мiнездеме алып келiптi. Тiптi, куәгер ретiнде екi-үш қазақ әрiптестерiне сөз беруiн өтiндi. Онысы түсiнiктi де. Өйткенi, олар Надежданың қазақ жұмысшыларымен ара-қатынасы жақсы болғандығын, мұндай сөздi бетке басуға дәтi бармайтындығын айтудан танбады. Ал, ананың ақ сүтiмен дарыған туған тiлiн қорғаған жұмысшылар “Қазақ тiлiнде еден жуатын шүберекпен ғана сөйлесесiңдер” деп сес көрсеткен Надежда Бендзьдiң айтқан сөзiн диктофонға жазып алса да, сот төрағасы айыпталушы тараптың “үнтаспаны журналистер алдында тыңдамағанымыз жөн болар едi” деген ұсынысын қабыл алғанын түсiнбедiк. Неге десеңiз, сот процесiнде ең негiзгi айғақ ретiнде ұсынылып отырған – осы аудиожазба болатын. Соған қарамастан, сот соңғы отырыста талапкерлердiң өкiлi Әдiлбек Тұрғымбаевтың “Сот шешiмi барысында басты дәлелдеме – аудиожазбаны есепке аласыздар ма?” деген сұрағына Қарасай аудандық сотының төрағасы Жантөре Ғалиев “есепке алынады” деп басын изеген едi. Бiрақ та, сот шешiмiн оқыған төраға: “Iс барысында заңсыз жолмен жазып алынған аудиожазбаның нақты айғақ бола алмайтындығын” айтты. Бiр айта кетерлiгi, Надежданы бұрын танымайтындар да аудиожазбаны тыңдаған кезде оның дауысын бiрден ажыратқаны сөзсiз. Сол дауыс, сол екпiн, сол тембр. Тiптi, арғы жағындағы қарсылық танытқан жұмысшылардың “Неге өз тiлiмiзде сөйлей алмаймыз?” деп ашынған әңгiмесi де анық естiледi. Сөйтсе де, Надежда Бендзь тiл үшiн шырылдаған азаматтарды ақша табуды көздеп жүрген қараниеттiлерге теңеп, өтiрiк жала жауып отыр деп азар да безер болды. Ол аздай, “мен бұл сөздердi күнде емес, бiр-ақ рет айттым ғой” дегенi жанға батар сөз. Оның ойынша, “қазақ тiлiмен тек шүберекпен ғана сөйлесесiңдер” деген сөздi бiрнеше рет айтқанда ғана адамның намысына тиюi керек пе? Бұл ауыр сөздi жаны мен жүрегi қазақ деп соғатын азамат бiр рет естiгеннiң өзiнде, адами құқының қорланып, қазақ тiлiнiң аяққа тапталғанын iштей сезiнедi емес пе? Талапкер Данияр Ахметов өз сөзiнде: “Надежда бiздi осындай жолмен құқымызды қорғауға итермеледi. Ол бiзге айтпағанды айтты, тiлiмiздi аяққа таптады. Қазақ тiлiне қарсы айтқан сөздерiнiң бәрi намысымызға тидi. Бiздiң көкейiмiздi тесiп тұрған ақша емес, намыс күйдiрiп барады. Айтыңызшы, неге бiз өз тiлiмiзде сөйлемеуiмiз керек?” деп қыстығып, көзiне жас алғанда олардың нағыз тiл үшiн шайқасып жүргенiне көзiмiз жеттi. Ал, Надежданы қорғауға келген зауыт өкiлi Сейдолла Уайсовтың айтқан уәжi тiптен қызық. “Талапкерлер Алмас Жұбанышев пен Асхат Баймұсанов Надежданың алдында жұмыс кестесiн өзара қазақ тiлiнде талқылайды. Бiрақ Надежда қанша рет “Өндiрiс мәселесiн қазақша емес, орысша айтыңдар” деп өтiнгенде, олар керiсiнше iстеген. Надежда бастық болғандықтан, барлық ақпаратты бiлiп, қадағалап отыруы керек. Ал, бұлар болса Надежданы ашындырып, әлгiндей сөздер айтуға итермеледi” деп қазақ тiлiн өндiрiстiң тiлiнен аластатқысы келген сыңай танытты. Шынында да, Надежда Бендзь супервайзер екен деп бiр топ жұмысшы соның ығына жығылып, бiр ұлт өкiлiнiң ғана қамын ойлауы керек пе едi?! Тiптi, осыған дейiн астамсыған Надежда мемлекеттiк тiлдi неге игермеген? Басқа басқа, бұл оның кәсiби қызметiне керек болғаны көрiнiп тұр ғой… Мұны қалай түсiнуге болады? Соның өзiнде Надеждаға тиiмдi жолды таңдап берген талапкерлер сот отырысын орыс тiлiнде өтуiн сұраған. Себебi, Надежданың “қазақ тiлiн түсiнбеймiн деп сот отырысын созбалаңға салып жiберуi мүмкiн” екенiне күмәнданбайтын жұмысшылар оның ойын емiн-еркiн жеткiзуiне мүмкiндiк бердi. Алайда, қайығы судан өткеннен кейiн доқ көрсеткен Надежда Бендзь “Егер қазақ тiлiн қорғаймын десеңдер, неге сот отырысының қазақ тiлiнде өтуiн талап етпедiңдер?!” деп күстаналай сөйлегенде, қашан да жа

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Қазақтың соты сот болмай, сор болды ғой… Ана тіліміздің арын таптаған ,ақымақтардан қоғалы қоғамымыз қашан азат болады? Күйесін жүрек, күйесің, күйгеніңнен не пайда? Дүниені көңлім кезерсің, досың қайда, қой тоқта. (Абай)

  2. Мына Надежда деген хайуанды тәртіпке келтіретін біәр намысы бар қазақтың табылмағаны ма? Ондай итті өлімші ету керек қой! Сонда қысатын жерін қысып тыныш жүреді.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері