Дүние дөңгеленіп мың құбылған

891 рет қаралды

(“Тәуелсіздік – Тәңір сынағы”… – жалғасы)

змеяҚалқыған қай тұстан да зарлап бір ән,

Сол әнді сол дәуірге айғақ қылам.

Салған ән адам түгіл

Аңыратып,

Серісі сахараның сайғақ, құлан.

Күн туып ер басына жауса да қан,

Қазақтың қуат-күші қаусамаған.

Жаланған терістіктен алапаттың,

Ғазабын айтып сірә, тауса ма жан.

Сүйегін сырқыратып,

русские содатыЖон арқасын

Халқымның

Отты жерін,

Оба–тасын

Олжалап,

Мұздай суық сары жылан,

Қылды ойран:

омырауын,

омартасын.

Зәр шашқан ысқырығы ауыр ылаң,

Боратып ажал оғын бауырынан.

Обадай жалмап жатты жазираны,

Қадалған қанды зертең жауырыннан.

Дүние дөңгеленіп мың құбылған,

Даладан заман бар ма, мұң бұрылған?

Қырдағы қысыр қалды қулық бие,

Зіркілі зеңбіректің жынды қылған.

кесилген терекАлды-арты айдаланың алан ашық,

Қаңбақтай домалады қара лашық.

Сүргіні сұм сойқанның

Жолдағысын,

Барады жұла қашып, ала қашып.

Бал шөбі,

Бағыланы бойға қатық,

Балығын бауыздатқан ойбайлатып.

Қайғыдан қара қандай ұйып қалған,

Қаралы Жайық жатыр ойға батып.

басӨр мінез, өткел бермес кеселді кеп,

Қамыққан қайсар қылық, кешегі леп.

Зорланған «Ақ білектей» қызыл ала,

Еңіреп Есіл ақты есеңгіреп.

Өксігін өзек тілген жұтсын халық,

Орнындай теміреткі жұртың қалып.

Көзіндей Әтиләнің әлемге әйгі,

Әнеки, Еділ кетті тұтқындалып.

Өтпеген өзенім ең қарғып ешкім,

Куәсі күрең жалды қанды кештің.

Қара Ертіс,

Кенезесін қандырдың-ау,

Қанқұмар

қайдағы бір қанғылестің.

Қайық сап Қара өткелге қақты қазық,

Алтайды аш қасқырдай жатты қазып.

Ананың ақ жаулығын шұлғау етті,

Алдынан шыққан айран, ақтық алып.

Патшаға жайған сыйлы барын бұрын,

Айтып тұр дар астында зарын-құнын.

Ақтабан болған Бөкей ордасының,

Қуырып елі жеді Нарын құмын.

Ішіне тартып қанын ту бел жатыр,

Кісіне,

бұйырғаны қу жер, тақыр.

Қақырап хандық билік

қоқаңдады,

Омбыдан,

Орынбордан губернатор.

Жаныма жуықтамас көктегі үнің,

Жарасын ашытады бөктерімнің.

Сол замат өңкей мұздай қаруланған,

Тұқымын аулап жатты Көкбөрінің.

Жазықта жер қайысып құлан өрген,

Құланға ажал-тұзақ құра білген.

Иленді табанында шегірлердің,

Көрінер ата зират құла белден.

Тапталып, тарлан ғұмыр құлатылды,

Құлқына құйды сонсоң құр ақылды.

Қорқырап қыл тамақтан кетемісің,

Құрамай сиыр бүйрек қуатыңды?

Зәр ішіп жатты дала құсаланып,

Ұясын ұшты тастап құс-аналық.

Жасыл көз келеді ойнап

Жолындағы

Қойшыны,

Құлпы тасты нысана қып.

Жамылған қаза–

Кебін жасыл, ағы,

Қайғының қалтыраған жапырағы.

Сырғадай сырт үзіліп

Қаңғып барад,

Дала–ана

Жанұшырып шақырады.

Түменге түсініксіз өң, терісі,

Қияңқы оқалы иық төңкерісі.

Көблігіп,

Күбіртке жеп күндіз–түні,

Даланың дірілдеуде жон терісі.

Тағдырдың тасырқатып бұ талқысы,

Беті бар қалай шыдар бұған кісі.

Шаптырып

Киеліме,

Иеліме,

Орманның

Оқшырайған бұралқысы.

Төрімді төстен еніп ұтылады,

Жын қаққан құйындайын құтырады.

Құтылар

Қазақ қашып құмға сіңіп,

Құдай-ау,

Дала қайда құтылады?!

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі