ЕҚЫҰ Саммиті Орта Азия мемлекеттері арасындағы кикілжіңді айқындап берді

839 рет қаралды

каримовАстанада өткен ЕҚЫҰ Саммитіне Өзбекстан президенті Каримов келмей қойды. Кейбір өлкелік сарапшылардың пікіріне сүйенсек, ол ортаазиялық көршісінің сағын сындыру мақсатында осылай  жасап отыр делінеді.

Желтоқсан айының басында Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінде басты назар Ресей мен АҚШ арасында тұтана бастаған геосаяси қырғи қабақтыққа аударылды. Саммитте аса ден қойылмаған, бірақ, аса маңызды тағы бір мәселе бой көтерді. Ол Орта Азия елдері арасындағы аса күрделі өзара шиеленіс. 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы бір-бірін мойындағысы келмейтін осы аймақ елдерінің өзара жақындасуына себепкер болады деген үмітке су құйылған секілді. Ортаазиялық мемлекеттер арасындағы араздық әсіресе су-энергия саласында өршіп келеді. Бұған дейін өріс алған проблема 2010 жылғы Қырғызстандағы саяси дағдарыстан кейін тіпті беймәлім сипат алып барады.

назарбаевҚазақстанмен аймақтағы көшбасшылық үшін ертеден бәсекелесіп келе жатқан Өзбекстан аталған Саммитте жағымсыз дипломатиялық рөл ойнады. Өзбек билігі үш әрекетімен қарсылық танытты: олар ЕҚЫҰ-ның қырғыз саяси дағдарысын реттеудегі іс-шараларын сынады, Қазақстанның ЕҚЫҰ құрылымын реформалау жайындағы ұсынысын қабылдамады және көрші Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға байланысты ұжымдық іс-шараларға Ташкенттің қосылмайтындығын мәлім етті. 

эмомалиПрезидент Ислам Каримов аймақтағы маңызды проблемаларды шешу үшін Саммитке атбасын бұрған президенттер арасында болмаған жалғыз ортаазиялық президент. Ол өз орнына елдің Сыртқы істер министрі Владимир Норовты аттандырды. Ал Норов Қырғызстанның оңтүстігінде маусым айында орын алған жаппай бұзақылық шараларына ЕҚЫҰ-ның реакциясын сынға алды.  Бұл бұзақылықта 400-ден астам адам көз жұмды. «Өкінішке қарай, ЕҚЫҰ және оның құрылымдары биыл маусымда Қырғызстанның оңтүстігінде орын алған қан төгісті тоқтатуда, оның алдын алуда  ешқандай оң нәтижеге қол жеткізе алмады», – деген еді Норов.

Керісінше, Қырғыз президенті Роза Отунбаева және Саммитке орта азия президенттеркелген көптеген елдің өкілдері осы мәселеге орай, Қазақстанды мақтап, көтермелеп тастаған еді. (Қырғызстанның өтпелі кезеңінің президенті Қырғызстандағы жаппай толқулар салдарынан туған үйін тастап, босқан жүздеген мың этникалық өзбектерге уақытша баспана ұсынған  Каримовке де алғыс айтқан еді).  Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, Өзбекстанның сынында да негіз бар. Қазақстан осы жылдың сәуір айында тақтан тайдырылған Құрманбек Бакиевтің әкімшілігі құлағаннан кейін, онымен келіссөз жүргізіп, Қырғызстаннан кетуіне көмек қолын созды, бірақ, бұдан өзге Бішкек үшін пайдалы ештеңе істей алмады.

«Онсыз да, басынан бағы тайған Қырғызстан үшін Қазақстанмен арадағы шекараның жабылуы – оның экономикасына әжептәуір зардап әкелді. Жалпы, маусым оқиғасы кезінде Қазақстан оншалықты пайдалы бола қоймады. Бұған қарамастан, ЕҚЫҰ Қазақстанның Саммитті өткізуіне мүмкіндік берді. Маусым оқиғаларына Астананың реакциясы тым белсенді бола қойған жоқ. Ақылды, дана әрі Орта Азия президенттері ішінде көшбасшы ретінде көрінетін президент Нұрсұлтан Назарбаев ұлт араздық сипат алған толқуларды басу үшін ештеңе істемеді. Қырғызстанның оңтүстігіне ЕҚЫҰ-ның полицейлік миссиясын аттандыру жайлы жоспар да орындалмады», – дейді EurasiaNet.org сайтына арнайы сұхбат берген Халықаралық дағдарыс тобының ОрталықАзия жобасының директоры Пол Квинн-Джадж (Paul Quinn-Judge).

Пол Квин-Джадж ЕҚЫҰ-ның полицейлік миссиясының проблемасын ЕҚЫҰ-да шешім қабылдау процесінің күрделі болғандығымен түсіндіреді. Бұл нақты мәселеде төраға тарапынан басшылықтың болмауы өз рөлін ойнады. «Мәселе, төраға да ғана емес: ЕҚЫҰ-ның Қырғызстан талаптарына жауап бере алмауы, полицейлік миссияны мұндай деңгейге дейін төмендету – бұл ұйымның инерциямен келе жатқандығының көрінісі. Жыл бойына ЕҚЫҰ өз репутациясын аса әлсіз халықаралық ұйым ретінде танытты. Онда бір мақсатқа жұмылдыру күші жоқ», – дейді ол.

Норовтың ЕҚЫҰ тарапына айтылған сыны басқа мақсатты көздеді дейді шолушылар. «Өзбек билігі ЕҚЫҰ-ны сынай отырып, ЕҚЫҰ төрағалығын атқарып отырған Қазақстанның имиджіне нұқсан келтіруді көздеді», – дейді  EurasiaNet.org сайтына сұхбат берген британдық Оксфорд университетінің халықаралық зерттеулер бөлімінің оқытушысы Брукс Рико Айзекс (Rico Isaacs).

«Әрине, бұл айтылғандардың өзіндік шындығы басым. Дегенмен, ЕҚЫҰ мен аймақтық күштік құрылымдардың ұжымдық жауапкершілігін бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы, өзбек билігі Қазақстанның төрағалығының мәнін төмендетуді мақсат етіп отыр. Сол арқылы Қазақстанның Ортазаиялық ірі держава ретінде аймақты біріктіретін позициясына дақ түсіруді көздеді», – дейді ол.

Рико Айзекс сонымен қатар Каримов пен Назарбаев арасындағы кикілжің туралы да айтып өтті. «Назарбаев пен Каримовтың өзара қарым-қатынасы аса ауыр және қарама-қайшы сипат алады. Каримов өзінің аймақтық бақталасын жарға жығу мүмкіндіктерін жіберіп алмауға тырысады. ЕҚЫҰ-ны сынау арқылы ол Қазақстанның төрағалығын, Назарбаевты сынап отыр».

Сондай-ақ, Саммит мінберін пайдаланған  Норов Қырғызстандағы ұлтараздығына халықаралық тәуелсіз зерттеу жүргізуге шақырды. Ташкент бұған дейін жүргізілген екі зерттеу қорытындыларына күмәнмен қарайды: бірі – өз жұмысын аяқтауға жақын Қырғыз зерттеуі болса, екіншісі – ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының Орталық Азия өкілі    Киммо Кильюненаның төрағалығымен (Kimmo Kiljunen) өтіп жатқан арнайы комиссияның зерттеуі. Бұл зерттеу – Қырғызстан президенті ұсынған мандат бойынша жұмыс істеуде, әрі өз қорытындыларын алдағы қаңтар айының соңында жария етпек.

Ал, жан-жақты зерттеуді талап етуге келетін болсақ, Ташкент екіжүзді стандарттарды қолданады: Осыдан бес жыл бұрын Өзбекстан Андижан қаласында өткен қарсылық акциясына қатысушыларға қарсы өзбек арнайы құрылымдары оқ атқаны мәлім. Содан бері Өзбекстан бұл шиеленісті зерттеуге ниеттенген халықаралық қауымдастыққа рұқсат етпей отыр.

ЕҚЫҰ жиынында Өзбекстан мен Тәжікстан ара қатынасында да сызат бары байқалды.  Тәжістан президенті Эмомали Рахмон Тәжікстанға жеткізілетін тауарлар мен жүктерге Өзбекстан тарапынан жасанды кедергілер мен тосқауылдар қойылатынын өкінішпен мәлімдеді. «Әсіресе, Өзбекстан темір жол тасымалын қиындатып жіберген, бұл Душанбенің экономикасына кәдімгідей зардабын тигізіп отыр» дейді Эмомали Рахмон.

Өзбек-тәжік ара-қатынасындағы кикілжіңнің бастауы – су ресурстарына қатысты. Өзбекстан Душанбе мен Бішкектің аймақаралық өзендердің жанынан ГЭС салу жайлы жоспарына үзілді-кесілді қарсы. Ташкент бұның соңы төмендегі елдерге баратын судың көлемін азайтады деген уәж айтады. Тәжікстан мен Қырғызстан электр тапшылығын шешу үшін қосымша энергия көздерін табу қажеттігін ол үшін, гидроэлектр станциясын салу маңызды екендігін айтып бағуда.

Рахмон ЕҚЫҰ-ны Орталық Азиядағы су энергетика және экология проблемаларын реттеуге арналған диалогқа нүкте қоюға көмектесуге шақырды.Алайда, Қазақстанның төрағалығы аймақтағыгидроэнергетикалық проблемаларды шешуге ешқандай қадам жасаған жоқ.  Кейбір сарапшылар ЕҚЫҰ-ға төрағалық аймақтағы жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін деген де болжам айтты.

«Жоғарыда айтылған ортақ аймақаралық проблемаларды шешуге деген дайындықтың болмауының себебі – мемлекеттер мен көшбасшыларының қарама-қайшы мүдделерінен болуы мүмкін. ЕҚЫҰ-ға төрағалық осы мәселедегі қол жеткізген келіссөздерді бекітуге ғана көмектесті», – дейді Рико Айзекс.

Джоанна Лиллис

Eurasianet.org cайтынан аударылды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар