Қазақ блогшысы қандай заңдарды білуі керек?

1009 рет қаралды
5

47544223_e1a3f53c25_mҚазақ тілінде блог бастап жүрген әрбір блогшының алдынан ерте ме, кеш пе бұл сұрақтар туындайтындықтан төмендегі кеңестерге назар аударғандары орынды.

1. Блог – БАҚ па? БАҚ туралы заңға енгізілген өзгеріске сәйкес барлық веб-ресурстар БАҚ деп танылады. Заңда көрсетілген анықтамаға назар аударайық: Бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны; (Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 ж. 23 шілдедегі № 451-1 Заңы (2009.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). Яғни, блог заң тұрғысында БАҚ туралы заң бойынша да қарастырылады.
2. Блогқа жарияланған әрбір жазба үшін блог авторы жауап береді. Бұл жазба авторлық емес, бір жерден көшіріліп алынған болса да, блог авторы жауапты.
3. Блогта жаряланған пікірлер (комментарийлер) үшін блог авторы жауап береді. Қазақстанда қабылдаған Халықаралық заң нормалары бойынша егер әлдебіреуден блогыңыздағы пікірді алып тастау немесе өзгерту жайлы өтініш келіп түссе бір күннің ішінде орындаған абзал.
4. Блогыңызда жарияланған бейәдеп сөз үшін бұзақылық бабымен әкімшілік жазаға тартылуыңыз мүмкін. Осы айда украиналық интернет қолданушы форумда айтқан әдепсіз сөзі үшін 15 аптаға қамауға алынды.
5. Блогыңызда әлдебір азамат жайлы жазған болсаңыз, әрі ол азаматтың шетелде беделі болса, онда ол шетел соттарына шағым түсіре алады. Мәселен, Лондон қор биржасында акциялар тіркелген қазақтың іскер азаматтары жайлы жазба жарияланса. Қазақ бизнесмені Лондондағы іскерлік беделіме нұқсан келтірді деп Лондон сотына шағымдана алады. Украинаның ең бай адамы Ахметовтың «Обозреватель» сайтымен арадағы дау-дамайы нәтижесінде Лондон соты Ахметовты қорғап шықты.
6. Ресми тіркеуден өткен ақпарат құралдарынан мақаланы көшіргенде сілтемесін көрсету керек. Ең болмаса, гиперсілтеме көрсетілгені жақсы, ал заң бойынша газеттің аты, шыққан күні көрсетілуі керек.
7. Кісі атына жала жабу, ар-намысына, іскерлік беделіне нұқсан келтіру еліміздің заңдары бойынша қылмысқа жатқызылған. Яғни, Қылмыстық кодексте мұндай қылмыс үшін бір жылға бас бостандығынан айырылыуы да мүмкін. Сондықтан интернетте әлдебір кісінің атын атап жазба жазған кезде әрбір сөзіңізге сақ болғаныңыз орынды.
8. Блогыңыздағы жазбаның аворлық құқын қорғау үшін Creative Commons лицензиясының кодын блогқа іліп қоюға кеңес беремін. Creative Commons сайтына кіріп, өз блогыңыздағы (интернеттегі) шығармашылықты коммерциялық немесе тегін пайдалансаңыз болады деп жұртқа жариялауға мүмкіндік береді. Әдетте CC үш түрлі деңгейге (барлық құқықтар қорғалған, жартылай қорғалған, мүлдем қорғалмаған) бөлінеді.

Асхат Еркімбай

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Жақсы жазыпсыз. Қазіргі блоггерлерге ауадай қажет дүние. Тек сіз атап өткен заңдардың 4-ші пунктін кейбір боггерлер ескерей бермейтіні өкінішті.

  2. Өте дұрыс!Рахмет сізге, біраз дүниеден хабардар болып қалдым.Бұл әр бір блогшыға ауадай қажет деп білемін!

  3. Заңды білу қашан да керек. Бірақ қазіргі технология дамыған тұста блок жайлы заңды екінің бірі білмесі анық. Осы тұста бұл өте маңызды ақпарат болып отыр. Рахмет Сізге!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар