Әз-Ағаң да өтті өмірден

685 рет қаралды
4

Әзілхан2011 жылы ақпанның 12 күні 89 жасқа қараған шағында жазушы-журналист, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов дүниеден озды.

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы Жарма ауданының Ақбұзау ауылында дүниеге келген. Ауылдағы орталау мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы Тау-кен институтының жұмысшы факультетінде, Семейдегі Абай атындағы қазақ педагогикалық училищесінде, одан кейін педагогикалық институтында оқыды.

ІІ дүниежүзілік соғысына қатысқан. Соғыс кезінде жазушымайдангердің өлеңдері, әскери әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық және облыстық газет беттерінде жиі басылып тұрды.

Әзілхан Нұршайықов еңбек жолын мұғалім болып бастаған. 1947-48 жылдары Семей обл. “Екпінді” газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары, 1948-49 жылдары “Қазақстан пионері” газетінде бөлім меңгерушісі, 1949-53 жылдары “Социалистік Қазақстан” газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1953-56 жылдары Павлодар обл. “Қызыл Ту” газетінің редакторы, 1956-61 жылдары “Социалистік Қазақстан” газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі, редактордың орынбасары, 1961-63 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, “Социалістік Қазақстан” газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1968-73 жылдары Қазақ совет энциклопедиясы бас редакциясында бөлім меңгерушісі, 1973-79 жылдары ҚР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып істеген.

Көп жылдар Қазақстан Жазушылар одағы проза кеңесінің, жас әдебиетшілер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Әзілхан Нұршайықов шығармашылық жолын ақын және публицист ретінде бастаған.

Тың игерушілер өміріне арналған алғашқы очерктер жинағы “Алыстағы ауданда” 1956 жылы жарық көрген. Оның осы тақырыпқа арналған очерктер мен әңгімелер жинақтары “Тың астығы” 1958 жылы, “Ертіс жағасында” 1959 жылы, “Махаббат жыры” (1964), “Әсем» ( 1966), “Жомарт өлке” (1967), “Махмет Қайырбаев” (1967), “Батырдың өмірі” (1969), “Тоғыз толғау”( 1977), “Невель түбінде” (1977), “Автопортрет” (1977), “Екі естелік” (1985) жарияланды.

“Махаббат қызық, мол жылдар” романы (1970) мен “Ақиқат пен аңыз” романдилогиясы (1973) жазушы шығармашылығының шырқау биігі . “Ақиқат пен аңыз” романдилогиясы ү<span style=”mso-bidi-font-family: Calibri;”>шін Әзілхан Нұршайықовқа 1980 жылы Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.

Бірқатар шығармалары қырғыз, өзбек, тәжік, молдован, татар, якут тілдеріне тәржімаланған. Халыққа өлмес туындылар сыйлаған жазушының мол мұрасы халық жадында мәңгілік қалары сөзсіз. Бақұл бол, Әз-Аға, жаның жанатта болсын! «Мінбер.кз»

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. жазушысы ағмыздің қазасна қаиғра өтыріп төпрағің төрқа бөлсін аитамыз, жаніңыз жанатта бөлғай қадырлі аға!

  2. Иманы жолдас болсын! Әз атаның тілеу, ниеті түзу адам екен….

  3. Бүгін міне Әзекеңді шығарып салып қайтып келе жатқанда Қажекеңді естідік. Жалған дүние-ай!

  4. Әз ағаң өмірден өтсе де өлді деуге болмайды! Өзінің артына қалдырған еңбектерімен шығармаларын оқырман жұрт өте сүйіп оқыды. Әсіресе “Мазаббат қызық мол жылдар”- ды оқымаған студент жоқ деп айтуға да болатын шығар. Әз ағаң қазақ жастарына махаббаттың қандай құдіретті күш екенін Ерболды кейіпкер ретінде ала отырып тағы да бір танытып кетті. Жазушыны әр қазақ баласы ғана емес, шығармаларын оқыған өзге ұлт өкілдері де ұмытпайды. Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді деген осы емес пе?!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі