Допты хоккейден Қазақстан құрамасы ерледі

863 рет қаралды
1

IMG_0052Елімізде тұңғыш рет өткен VII қысқы Азия ойындары  өз мәресіне жетті. Қазақстан 32 алтын, 21 күміс және 17 қоламен бірінші орынға шықты. Бұл егеменді ел үшін қол жеткен үлкен жетістік. 27 мемлекеттен келген спорт саңлақтары 11 ойын түрінен сынға түсті. Олимпиада ойындарының қатарына кірмесе де, алғаш рет Азия ойындарының құрамына кіріп отырған ерлер арасындағы допты хоккей ойыны бұл жарыста ерекше көзге ілікті.

Допты хоккей дегенде көз алдымызға шайбалы хоккей елестейді.  Дегенмен, екі ойын түрінің бір-бірінен айырмашылығы жер мен көктей. Шайбалы хоккейде ойыншылардың саны алтау болса, допты хоккейде мұз айдында он бір ойыншы қарсыластарымен сынға түседі. Шайбалы хоккейден допты хоккейдің мұз айдынының аумағы да көлемді болып келеді. Қақпасының биіктігі 210 см, ені 360 см. құрайтын ойын 45 минуттық екі бөлімнен тұрады. Допты хоккейді «бенди» деп те атайды.  Оның бұлай аталуы б.з.д. 2000 жыл бұрын, Ніл өзенінің жағасында Бен Хасан әскерлерімен ойлап тапқан ойын дегенге саяды.  Қазақстанда допты хоккей ХХ ғасырдың 30-жылдары дами бастады. Осы жылдар аралығында еліміз 10 рет әлем чемпионатында бақ сынап, екі рет қола жүлдеге ие болды. Жеті рет төртінші орынды иемденіп, 1999 жылы бесінші орынды қанағат тұтқан.  Кенес дәуірінің саясаты жүріп тұрған тұста Алматының «Динамосы» көпшілікке танымал болған. Команданың хоккейшілері бірнеше рет чемпион, күміс және қола жүлдегері атанды. Ең нәтижелі шабуылды Евгений Агуреев 518 доп соғып, КСРО рекордшысы болды. Қазақстан спортының тарихында даңқты бапкер, ұлағатты ұстаз Эдуард Айрихтің сара жолы осылай дамып кетті. Дегенмен, бенди қазақ жерінде қарқынды дами қойған жоқ. Тек Оралдың «Ақжайық» командасын ғана ауыз толтырып айта аламыз. Олардың өзі Ресей чемпионатының бірінші лигасында спорттық шеберліктеріп шындап жүр. Негізінен олардың төрт ойыншысы ғана құрамада да, ал қалған ойыншылар Қазақстан құрамасының атынан Ресей мен Швецария жоғарғы лигасында өнер көрсетеді.

IMG_0017Жақында ғана Татарстан астанасы Қазанда өткен 2011 жылғы әлем чемпионатында бақ сынап келген Қазақстан құрамасы алғашқы екі кездесуін жеңіспен аяқтап, жартылай финалға өтті. Осындай кездесуден келе салып Азия ойындарына қатысу ойыншыларға қиынға соқпаса керек. Медеу мұз айдынында екі-үш күндей дайындалып, алғашқы кездесулерін көршілес Қырғызстан мемлекетімен ойын көрсетіп, 21: 0 есебімен ойсырата жеңді. Бұлай боларын жанкүйерлер күні бұрын болжап та қойған еді.. Себебі, қырғыз ойыншылары бенди ойынымен енді ғана айналыса бастаған болатын. Әлем чемпионаттарынан көрініп жүрген қазақстандық ойыншылармен бақ сынау оларға үлкен жетістік болды.  Қазақстан құрамасының шабуылшысы Рауан Исалиев ойын барысында ерекше көзге түсті. Ол қарсыластар қақпасына 8 доп соқты.  Ескендір Нұғманов 5 рет, Еламан Әліпқалиев үш рет, Антон Ларионов екі рет, ал Сергей Токмаков пен Сұлтан Қадыржанов бір-бір доппен ерекшеленді. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Халықаралық бенди федерациясының техникалық делегаты Валерий Мозгов ойынды 3 тайммен өткізуге және  әр тайм арасында 15 минут үзіліс жариялауға рұқсат етті.

 Келесі күні ойыншыларымыз моңғол құрамасымен мұз айдынына шықты. Бұл кездесу де үлкен жеңіспен аяқталды. Ойыншыларымыз қарсыластарын 17:0 есебімен айқын басымдықта жеңді. Бұл ойында да ең нәтижелі көрсеткішті 10-нөмірдегі Рауан Исалиев көрсетті. Ол моңғолдар қақпасына 10 доп салды. Ал  Ескендір Нұғмановтың есебінде төрт доп болса, Асқар Темірғалиев, Владислав Новожилов және Арыстан Қазыбаев бір-бір доптан соғып, көрермендер көзайымына айналды.

Жалпы VII  қысқы Азия ойындарының «Медеуде» өтетін додасына Моңғолия, Қырғызстан, Корея, Қытай командалары қатысуға тілек білдірген болатын. Дегенмен, белгісіз себептерге байланысты бұл ойынға Қытай мен Корея мемлекеттерінің бенди ойыншылары келмей қалды. Десек те, 2 ақпанда алғаш ойын түрінен сынға түскен Қырғыстан мен Моңғол арасындағы ойын, соңғы сәтте финалдық бәсекеге кімнің кіммен сыңға түсетінің дәлелдесе керек. 6 ақпанда өткен финалдық бәсекеде еліміздің допты хоккейден құрама командасы Моңғол ойыншыларымен бәсекеге түсіп, 16:2 есеппен жарқын жеңіс тұғырынан көрінді. Сәйкесінше, Қырғызстан қола жүлдеге ие болса, моңғолдар күміс жүлдені қанжығаларына байлады. Ойынның 2 таймында командаларды қолдау үшін Елбасы жұбайымен келіп, Қазақстан ойыншылары үшін  үлкен демеу болып, тағы бір серпілтіп тастады. Осы төрт күндік ойында жанкүйерлер жағы жақсы қолдау көрсете білді. Бұл ойындар кезінде жанкүйерлік мықтылықта қыздар жағы басымдылық танытты. Тіптен, олар шетелдегі спорт жанкүйерлері сияқты беттерін Азияданың символдарына бояп алып, ойыншыларымызды қолдаумен болды.

Екі дүркін әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болып, әлем чемпионатының ең мықты төрттік құрамына енген, бендиден Қазақстан құрама командасы  ендігі кезекте 2012 жылы Алматы қаласында өтетін ерлер арасындағы допты хоккейге дайындалады. Біз ойыншыларымызға VII қысқы Азия ойындарындағыдай биік жетістіктегі үлкен  жеңісті тілейміз. Айтпақшы, Азия ойындарында Қазақстан құрамасының туын осы Рауан Исалиев көтеріп шығып, жабылу салтанатында Жапония құрамасына табыстады.  Алға Қазақстан!

 

Мадина Жеңісова,

ҚазҰУ-дың студенті.

  

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Расында да қыздар жағы бұл ойында және де жалпы Азия ойындарында керемет жанкүйер бола білді. Мен солардың қатарында әр бір жеңіс добын салған біздің ойыншыларымызға “Алға Қазақстан!” деп демеу болдым. Жасасын, қазақ елі!!!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар