Қазақтың қазысы Гиннестер кітабына енді

1041 рет қаралды
2

 

казы2011 жылы қаңтардың 23-інде Шынжаңның Құлжа қаласында Мақтал, Рахат есімді қазақ азаматтары бастаған бес ағайынды жігіт ұзындығы 213,2 метр, салмағы 1256 кг. келетін қазақтың қазысын жасап шықты. Сөйтіп, Дүниежүзі Гиннес рекордтарын бағалау комиссиясы «Дүние жүзіндегі ең ұзын қазақтың ұлттық дәмдегі қазысы» деген арнаулы атақ берді. Аталған жаңалыққа қуана да, жұбана да қараған жұртшылықтың пікір ауаны мен мөрлі парақты иеленген азаматтардың өздеріне тілдесіп көрген едік.

 

Рахат Қасенұлы, ұлттық тағам қазыны гиннестер кітабына кіргізген азамат

казы3Екі жүз метрден астам ұзындықтағы қазыны жасауда, әрине, көптеген қиыншылықтар болды. Қазы жасап жүрген кісілер біледі, ішек деген нәрсе өте жұқа болады, ол үнемі жарылып кете береді дегендей. Оның үстіне ұзарған сайын қазы бір-біріне бастырылып бұзылып кету қаупі де болды және жасап болғаннан кейін орынын ауыстырып тасымалдау жағынан де үлкен қиыншылықтар болды. Күн көріс үшін базардан нәпәқа тауып, жеке кәсіппен шұғылданып жүрген біздер үшін бұл қиындықтар ауырлау тигені рас, бірақ, алға қойған мақсатымызды орындап шықтық.

Қазақтың атпал азаматы болғасын осы бір ұлттық тағамымыздың қадыр-қасиетін, оның өзгеше дәмін басқа халықтарға, дүниеге таныту мақсатында осы істі қолға алған едік. Бұл істі аяғына алып шығуға бір үлкен шаңырақ астындағы барлық жанұя мүшелері атсалысты. Үлкен ағам Махатәлі Кәдірбекұлы екеуміз басы-қасында болып, ұйымдастырып дегендей шаруаларымен жүгірдік. Құдай оңдап бәрі сәтті болды, қуанып жатырмыз.

 

 

 

Құрметолла Мұхаметханұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУстуденті

казы5Қазақтың қазысы да, тазысы да (иті де) әлем алдында әлі де болса өз деңгейіне көтеріле алмай келеді. Бұл жолғы «Қазының» атын аспанға шығаруды –  қазақтың атын заңғарға шығару деп бағалаған жөн. Тіптен, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың бұдан да басқа тәсілдерін ойластырып, жалғастырып, дамытып, қазақ жастарының бойына дарыта білу керек. Егер қазақты әлем енді ғана біліп келе жатқанын ескерсек, онда осынау тұста қарманып қалу керектігі айдан айқын. Нақтырақ айтқанда, жат елге жарқын жақтарымыз бен озық өркениет,  ұтқыр мәлениетімізбен танылып үлгермесек кеш қаламыз деген сөз. Яғни, біз – қазақтар дәл қазір әлемнің көзіне қалай түсеміз, әлем бізді болашақта дәл солай қабылдап қалатын болады. Мінеки, осы тұрғыдан алғанда және жат босағада жанын шүберекке түйіп жүрген шетел қазағы екендігін ескергенде бұл тірліктің қазақ болашағы, бет-беделі үшін үлесі ерекше екендігіне мойындамасқа болмас. Қазақтың атын алыста жатып-ақ шартарапқа пәш етіп жатыр деген сөз.

Қазақ жерінде, қазақ топырағында жүрген қазақтың қайсысы осындай ерлік етті? Ешкімнің қолынан келмеді. Жоқ, қолынан келмеді емес, мұндағы қазақтардың құлқы болмады. Қазақтың атын шығарып, қазақтың рухын оятсам деген жігері болмады. Сондықтан, бұл жай ғана мақтаныш, жай ғана абырой әперген жоқ. Қайта ұлттық рухты, қазақ деген кім екендігін дәлелдейтін тың серрпінді сыйлады. Ал, оны кім қалай бағалайды ол болашақтың еншісінде… 

         Мәселе мақтанышта ма? Жоқ, осынау мақтаныштың астарында мақтамен бауыздау жатқаны жоқ па??? Бұл қысық көз көршілеріміздің шырғасы болмаса игі еді-ау сірә. Неге, өйткені – қытайда қазы түйетін қазақ осы жылы ғана өмірге келмегені шындық. Тіптен, бұдан бұрын да осы Гиннестер кітабына дәл осы қазы-қартасымен кірмеп пе еді Қытай қазақтары. Демек, пайдасы мен айласын асырған қысық көздер басқаша қам қылғаны да. Меніңше, қытайдағы қазақтардың дүркірей көшуіне тосқауыл болу. Яғни, лап беріп бері көшкен қазақ баласын қан сөлін сорып біткенше шырғада ұстай тұру. Сондай-ақ, Қазақстан мен арадағы байланысты жақсарту, Қазақстанды өзіне тартудың жаңа тәсілі болуы әбден мүмкін. Сондықтанда, Қытайда қылт еткенді оң қабылдай бергенімізде жөн болмас. Астары мен жапсарына үңілмей түрып үлгі тұтудың да қажеті шамалы шығар. Бұл менің жеке көзқарасым ғана…

 

Венера Қайырғалиқызы, ҚХР Тарбағатай аймағы Толы ауданының тұрғыны

казы2Әуелі, қытайдағы қазақ ұлытының басым көпшілігі малшы. Олар жылқы түлігімен ғасырлар бойы бірге жасасып келеді. Қазақ ұлты қазы жасауға ұста халық. Қазы – қазақ ұлтының дәстүрлі тағамдарының жауһары. Ұзындығы 213,2 метр, салмағы бір тоннадан асатын «Құлагер» маркалы жылқы қазысын жасап дүние рекордын жарату қазаққа бір марапат болды. Бұл рекорд қазаққа әбден керек.  Дәмі тіл үйірер, қоректік қуаты жоғары тағамды ұнатып жейтін ұлт тек қазақ қана емес, қазақ ұлтымен бірге өмір кешетін өзге ұлт өкілдері де қазыны өте ұнатады. Жылқы түлігі, әрине, өзге ұлттың да қолында бар. Демек, біз өзіміздің қолда бар дәстүрлі ұлттық тағамымызды осындай баспалдақтармен әлемге танытпасақ қазының дәмін татып көрген өзге ұлт оған бір күндері ие болып шыға келуі әбден мүмкін. Аталған жаңалық тек қазыны ғана емес, қазақ ұлтының атын да әлемге тағы бір мәрте әйгіледі.

 

 

Шұғыла Сәйденқызы

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Бәрекелді! Алдымен өзгеге өзімізді танытатын, ерекшелентетін ұлттық құндылықтарымыз. Қара Жорғадан басталған рекордтың бұл бір жалғасындай болды. Енді тек қана шекараның ар жағындағы қандастарымыз емес, бер жағындаы ағайындар да жұдырықтай жұмылып осындай игі бастамалардың басында жүрсе жақсы болар еді.

  2. Бұл бір ғажап дүние болды ғой. Қазақ брендін дүние жүзіне паш етіп таныту әрине оңай шаруа емес, құтты болсын. Бірақ, қазақ рекордтары неге қытайдағы қандастарымыздан шығып отыр, бір емес, бірнеше рет. Бұл, шынымен қысық көздердің саяси ойыны емес пе?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі