Саяси дода ма, сайқымазақтар шеруі ме?

763 рет қаралды
4

НазарБұл жолғы Президент сайлауын саяси дода деуден гөрі, сайқымазақтар шеруі деу жөн секілді. Қазіргі үміткерлікке өтініш бергендерге қарап еріксіз осылай дейсің.

Ақпанның 20-сында алдағы кезектен тыс Президент сайлауына үміткер болуға өтініш беру мерзімі аяқталды. Өтініш ақпанның 5-інен беріле бастаған. Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасының болашақ президенті болуға үміткер ретінде 22 адам өтініш түсірген.

 

Олардың 18-ы өзін-өзі ұсынғандар. Төртеуін –  («Нұр Отан» партиясынан қазіргі Президент Нұрсұлтан КасымовНазарбаев, Қазақстанның коммунистік халық партиясынан Жамбыл Ахметбеков, «Желтоқсан қозғалысы» атынан Құрманғазы Рахметов және Қазақстанның патриоттар партиясы атынан Ғани Қасымов) саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар ұсынды. Олардың бесеуі мемлекеттік тіл сынағынан сүрінсе, өзін өзі ұсынған екі үміткер үміткерліктен бас тартқан. Үміткерлерді тіркеу 3-наурызда аяқталады. Әзірге тіркелген жалғыз үміткер – Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

«ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР»

 

ЖамбыолПрезиденттің саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев президенттіктен үміткерлердің интеллектуальдық деңгейінің тым төмендігін айта отырып, оларды «ергежейлі» кандидаттар» деп айдарлады. «Жас қазақ» апталығына сұхбат берген Мемлекеттік тіл комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков мырза қазіргі президенттікке үміткерлікке өтініш білдірушілердің ешқайсысына көңілі толмайтынын айтқан. Оның ойынша, президенттікке үміткерлерді өзін-өзі ұсыну жайлы Сайлау туралы заңның бабын алып тастау қажет. Әйтпесе, Президент сайлауы еркіккендердің ермегіне айналды дейді. Сондай-ақ, бұған дейін «Сайлау туралы» заңда «ақыл есінің дұрыстығы туралы» анықтама талап етіліп келсе, қазір ол талап та алынып тасталған. Мырзатай Жолдасбеков мырза оны да енгізген жөн дейді.

 

Қалай дегенмен де, қазір президент болудан үміткерлердің ешқайсысы халықтың көңілінен шығып Жаксыбайотырған жоқ. Әрі көбін халық танымайды да, саяси немесе басқа да қоғамдық істерімен көңілде қаларлық ештеңе істемеген. Сол себепті де бұл жолғы сайлаушылар қазіргі Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа балама болар ешкімді көре алмай отыр.

 “Аттанымен ” аты шыққан Амантай қажы мемлекеттік тіл сынағынан өтуден бас тартты. Қазақша тілді енді сындырып жүрген Мэлс Елеусізов пен Ғани Қасымов тіл сынағынан сүрінбей өтті. Қазақстанның коммунистік халық партиясы дүйім жұрт естіп білмеген тараздық бір жігітті тіл білетіндігі үшін додаға әкеп салды. Шынында да сайлау еріккендердің ермегіне айналып бара жатқан сияқты. Шынайы бәсекелестіктің ұшқыны да байқалмайды. Әйтеуір қатысу керек болғаннан кейін қатысып жатқандай әсер қалдырады. Мұсағали Дуамбеков “үлкен кісіге” қарсы келмейтіндігін айтса, Мэлс Елеусізов те өзіне өзі сенімді емес.  Жақсыбай Бәзілбаев “жығылған күреске тоймайдының” керімен тағы да базарға барып бағын сынамақ. 45 пайыз дауыс жинайтынына сенімді. Бірақ қалай, қандай жолмен. Айту қиын.

Ендеше Нұрекең 99,9 пайыз дауыс жинамағанда кім жинайды.

 

САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ «БОЙКОТЫ» НЕ БЕРЕДІ?

 

 

ЕлесизҚазақстандағы саяси күштер атынан «Патриоттар» партиясының жетекшісі Ғани Қасымов пен Қазақстанның коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков ұсынылды. Бұған дейін аты-жөні беймәлім Жамбыл Ахметбековтің де қазір үміткер ретінде тіркелу мүмкіндігі басым. Ал, басқа саяси партиялар «Азат», «Ақ жол», «Коммунистік партия» және «Руханият Жасылдар» партиясы бұл жолғы сайлауға қатысудан бас тартып отыр. «Азат» партиясы өздерінің кезектен тыс съезін өткізіп, партияның тең төрағасы Болат Әбіловті бірыңғай үміткер ретінде танитындығы туралы шешім қабылдай отырып, сайлауға «бойкот» жариялайтындықтарын мәлімдеді. Бұл шешімге Серікболсын Әбділдин басқаратын Коммунистер партиясы да қосылды. Өздерінің әрекеттерін «бойкот» деп сипаттамаса да Руханияттар мен «Ақ жол» партиясы да бұл сайлауға үміткер ұсынбайтын болды.  

 

Олардың барлығы бұның себебін сайлауға дайындық мерзімінің тым аз уақытқа белгіленгендігімен Дуамбековтүсіндіреді. Екі ай ішінде олар өздерін саяси күш ретінде таныта алмайтындықтарын мәлімдеп отыр. Сөйтіп оппозиция халық алдында өздерін көрсету мүмкіндігінен бас тартты. Яғни бұл сайлау оппозициясыз сайлау болайын деп тұр.

Есен Байнұр

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. бұл қоғамдық сананың жетіспешілігі мен мешеулігінін айқын дәлелеі болды. Президенттік тақ екінің бірі отыра салатын орындық емес. әр кімнің сайлауға және сайлануға құқы болғанымен оны орнымен пайдалану керек еді. мұндай демократия болмайды. бұны дала демократиясы бейбастық деп атайды. осы ойынды осы сайлауды ұйымдастырушылардың өзі ойдан құрастырып отырған сыңайлы. Әйтпегенде бір үміткердің осыдан 30 жыл бұрынғы газетті Жолдасбеков мырзаға әкеп беру үшін президентке үміткер болуғв атын ұсынғанны қалай түсінуге болады. көріністің басқа да жымын, ымын, дымын да білдірмейтін түрлері көп қой. Өзін өзі мазақ, сайқымазақ еткен қылықтарына қынжыласың.

  2. не десеңдер де Елбасына шақ келетін көсем де көсеу де жоқ болып тұр ғой. бұндай билікті тартып алады. ана египттер құсап. Өтірік демократия жасап, тыртаңдағаннан не түседі. бізге батыр керек.

  3. Мырзатай Жолдасбеков: Мен сайлауға деңгейі биік, қолынан іс келетін, мемлекет басқара алатын адамдар қатысса деймін. Қазір бізге келіп жатқандардың дені – өзін-өзі ұсынғандар. Мен осыны түсінбеймін!.. Үйінде отырады да, ойына түсіп: «Ойбай, сайлау болып қалыпты! Мен президенттікке түсуім керек!» деп өзін-өзі ұсына салады. Менің ойымша, үміткерді саяси партиялар, қозғалыстар, үлкен бірлестіктер ұсынса деймін. Ал, өзін-өзі ұсыну деген ақылыма сыймайды. Енді… кейбір үміткерлерді көріп отырмыз ғой. Басқаны былай қойғанда, Абайды білмейді. Абай қазақ халқының рухани көсемі емес пе!!! Ұлы Абайды білмеген адамнан не үміт, не қайыр?.. Ол адамнан не сұрауға болады?.. Қысқасын айтсам, мұндай емтихандардан алған әсерім онша болмай тұр.
    Өзінің отбасына ие бола алмай жүрген адамдар, елді қалай басқарады?!. Оларға мемлекеттің тағдырын қалай сеніп тапсырамыз?!. Осы тұрғыдан келгенде, сайлаудың төңірегінде ойланатын мәселе көп. Мысалға, бұған дейін «Сайлауға түсемін!» деген кейбір партиялардың өкілдері қазір үн-түнсіз жатыр. Әрине, түсе ме, түспей ме өздері біледі. Екінші жағынан, «солардың халықпен де, ана тілімізбен де ісі жоқ па?» – деп ойлаймын. «Тілден сынақ тапсыра алмаймын ба?» деп қорқатын болуы керек. Оларда бір үрей бар. Ал тіл дегеніміз – ұлттың жаны ғой. Өз ұлтының жанын түсінбеген адам қалай президент болады?.. «Жасқазақтан»

  4. Болат Әбiлев: Бiздiң қоғам — «Өлi терi» жамылған қоғам:
    Қазiргi президентке балама ретiнде ешкiмге белгiсiз кандидаттар тiркелдi. Тiптi кейбiрiнiң аты-жөнiн бұрын-соңды естiмегенбiз. Бұл — сая¬си жүйенiң азғындағанының белгiсi. Бәсекелестiктi тұн¬шық¬тырған билiктiң жиырма жылғы жемiсi.
    Өз әрекетiнен өзi ұялған болуы керек, Ақорда соңғы сәттерде оқшантайында түк қалмаған «запастағы кандидаттар» Мэлс Елеусiзов пен Ғани Қасымовты саяси аренаға құлағынан сүйреп шығарды. Бұлар — референдум арқылы президенттiң өкiлет¬тiгiн ұзартуды қолдағандар. Осыдан кейiн мұның сайлау емес, жай ғана кабинеттiк ауыс-түйiс екенiне кiм күмән келтiредi?! Мiне, билiктiң шынайы бет-бейнесi осындай! «Жас алаштан»

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар