/

«ОВ» пен «ЕВ»-тің санаға әсері

715 рет қаралды
3

Тәуелсіз Қазақ мемлекеті атанғанымызға да аттай жиырма жылдың жүзі болды. «Осы уақыт аралығында қазақ деген халықтың рухын көтерер, бар тіршілігіне нәр берген, ұлттың бүкіл болмысымен біте қайнасқан асыл мұраларымыздың қаншасын тірілтіп, қаншалықты ұлықтай алдық?»- деген сауал көкейімізде кес-кестеп тұратыны анық.

Орыстардың отарлау саясатының кесірінен атамыздың есіміне –ов, -ев, -ин жұрнақтары жылжымастай болып жалғанды. Осы ұлт болмысын айғақтайтын ерекшеліктің бірі – фамилия мәселесі әлі де болса бір жөнге салынбай келеді. Осы мәселе жөнінде тәуелсіздіктің төл баласы студент – жастарға сұрақ қойған едік:

– Тәуелсіз елде тудың. Ендеше фамилияңдағы орыстан енген тіркес намысыңа тимей ме? Неге қазақтың ұлы мен қызы болғың келмейді. Алып тастауыңа не бөгет?

Дарханбаева Мөлдір: Алғаш жеке куәлік алатын кезде қазақша жаздыртуға тырысқанмын. Алайда құжат жөніндегі іс жүргізушілер қандай себеппен екенін білмеймін ауыстыртпады. Болашақта ауыстырғым келмейді, осылай жазылған соң қала берсе деймін. Әрине өкінемін, бірақ қазақ болу жүректегі дүние деп ойлаймын.

Молдахметова Мөлдір: Әрине намысыма тиеді. Бұл жөнінде біраз талаптанып, жөндетуге тырысқанмын. Ол үшін туу туралы куәлік, РНН, СИК, банкомат карточкасы сияқты құжаттарды бастан-аяқ ауыстырып, қайтадан жасату керек екен. Әр қағаздың артынан жүгіріп жүруге мына заманда уақыт та жоқ. Жаңа жүйе орнату керек.

Қалқабаева Маржан: Бұл көкейімде жүрген түйткілдердің бірі. Тәуелсіз Қазақстанның азаматы болғаннан кейін әр қазақтың міндеті деп ойлаймын. Бұдан бұрын да тыраштанып көргенмін, бірақ онымнан ештеңе шықпады және уақыт тапшылығы деген мәселе де бар.

Мондыбаева Арайлым: Ешқандай да намысыма тимейді. Менің ойымша, бұл айтып отырғаныңыз түріктерге еліктеуден шыққан. Қазақ болу үшін фамилиядан келіп-кетер ешқандай зиян жоқ. Мен ауыстырмаймын.

Мукиева Әсем: Маған бәрібір. Менің ойымша алып тастаудың ешқандай қажеттілігі жоқ.

Оспан Альмира Мақсұтқызы: Өзіңнің ұлттық ерекшелігің қай жағынан болсын көрініп тұруы тиіс. Бұл фамилия мәселесінің бір жолға қойылмауы мені қатты алаңдатады. Менің фамилиямнан жұрнақты алып тастауыма Бауыржан Момышұлының сөзі себеп болған еді. Қазақ болғанымды мақтан тұтамын.

Міне, өздеріңіз оқып отырғандарыңыздай жастардың бір парасының пікірі осындай. Көпшілігінің пікірінше, зырылдаған уақыт мойын бұруға жар бермейді дейді.

Батпандап кірген аурудан құтылудың қандай дауасы бар екен?- деп Медеу аудандық әділет басқармасына бас сұққан едік.

Медеу ауданының АХАЖ бөлімінің төрайымы Аида Боранбаева: «Түк қиындығы жоқ. Ешқандай құжат жинамайды, тек арыз жазса болғаны. Халыққа қызмет көрсету орталығы бар болғаны бес күннің ішінде жасап, бітіріп береді»

Медеу аудандық Әділет басқармасының іс жүргізушісі Серікболов Мұрат Қайыпрахманұлы:

Кәмелеттік жасқа толып алғаш рет құжат алып отырса, жұрнағын алып тастау үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығына» келіп өтініш жазу керек. Қазақтың ұлттық ерекшеліктеріне сай емес фамилиялар болады. Мысалға: «Джамбулов» деген сияқты. Біз оның туу туралы куәлігіндегі –ов, -ев, -ин жұрнақтарын алып тастап, өзгертіп бере аламыз. Егер кәмелеттік жастан асып кеткен азамат болса, ондай кезде жеке куәлігінің және еңбек кітапшасының, тіркеу қағазының көшірмесін өзі тіркелген ауданға жазады, содан кейін біз қорытынды шығарып, белгілі бір уақыт ішінде бекітеміз. ҚР-ның 1996 жылы 2 сәуірдегі жарлығы бар. Біз соған сәйкес жұмыс істеп жатырмыз. Және тағы бір қиын мәселетіркеуге тұру. Уақытша тіркеуде тұрған азамат жеке куәлік ала алмайды. Себебі тұрақты тіркеуде тұру керек. Жалпы менің өз ойым, ұлты қазақ болса жеке куәлігінің барлығын қазақша толтыруы керек және ерікті түрде емес міндетті қылып, заңға өзгеріс енгізсе деймін.

Ая Өміртайқызы,

ҚазҰУ-дің студенті

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Бұл “қазахстандық ұлт” болып жатқанымыздың белгісі. Онсыз да тіліміз, дініміз, дәстүр салтымыз жойылып болды емес пе! Енді кері қайту жоқ. Бәрі қорошо болады. Давай мұндай теманы дәлше қозғамау керек. Дәс-дәс қазақ ұлты!

  2. Жақсы екен, Ая! Қоғамдағы өте маңызды мәселені қозғапсың! Қаламың ұштала берсін!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері