Қоғамды құрсаған қымбатшылық

707 рет қаралды
1

 69CNGCA83U7NXCA11DUYNCA6W1A8LCA8USP6JCA53X0V4CAJI9UKOCAK0TQW2CA79O2P8CAHZYL7OCAHW1GZNCA2S3GHICA68OQKTCAYFFT0XCAV2TRPGCAW668BTCAN6GQNACA9QUM92CAACHIJICAREDTQDЕлбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты биылғы жолдауында « Былтыр біз зейнетақы мен стипендия көлемін, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақыларын 30 пайызға өсіреміз», – деп мәлімдеді. Қымбатшылық етек жайған бүгінгі қоғамда бұл халқымыздың әлеуметтік жағдайын  жақсартуға қаншалықты септігін тигізеді?  Сәбилі болған жас отбасылардың, тұрмыс құрған студенттердің жағдайы қандай болмақ?

Бүгінгі таңда, қарапайым халық қара базардағы Қытайдың өнімін қолданады. Ал, қалтасы қалың, ауқаттылары супермаркеттерді аралап, Италия, Германия, Түркияның өнімін тұтынады. Ондай сауда орындарында кез келген заттың бағасы шарықтап тұрары сөзсіз.

D5FYKCAKXJB6RCAY5TG5DCALANKI3CAFO235MCAUK9JP7CA4F7XS2CAQNMAR1CAK3E6PXCAU4RX1BCATIVIT5CAALJLWZCABK4U4XCASO7PZ1CAA2ODR2CAC36NZGCA9RIQSICARB76TRCA7CYMS2CAFK0IJK  Жаңа туған сәбидің керек-жарағы үшін Үкімет бала басына 70 000 теңге қаржылай көмек береді.  Алайда, қалтасының қалыңдығын көздеген өнім өндірушінің де, базардағы саудашының  да қарнын қанағат тойдыра алмай келеді. Арзан бағадағы қытайдың шайнап берген асын «Түркиянікі» деп беті бүлк етпей қымбатқа сатып  мол асайтындар халықты таза қанап жатырмыз-ау дегенді мүлде ойламаса керек.

M465TCAGB52S1CACTS8LKCAK2Y6N7CAUS7W5OCAW3KKM9CAI9MNJACA1T449PCAWYAXNFCAADHECUCA12ACS2CAQ19NZACAQ7DNMOCA1J6VW9CAQGIZ5VCAU9B903CAIS5Z85CAF237C7CAFDWRXUCA217A2IӘуелі, жаңа туған нәрестеге қажетті заттар мен киімдердің қара базардағы құны мен супермаркеттегі бағасын сараптап, таразыға қойып өлшеп көрелік. Қаламыздағы базарларда нәрестенің  иткөйлегі – 300-800 тг аралығында болса, жейдесі мен шалбары қосылып – 1500-ден басталып,  3800-ден асып түседі. Сәбидің бесікке жатқанда астына салынатын биттің қабындай жұп-жұқа жаялықтарының өзі – 350-400 теңгенің айналасын құраса, көрпешелері – 2000 теңгенің ар жағын сығалайды. Ал, нәресте жөргегінің өзі ұзын саны 3000-5000 теңгеге дейін жетіп артылады. Анасының «Әлдиін» тыңдап, тәтті әуенмен ұйқы құшағына кететін сәби бесігінің бағасы 7000 теңгенің ары жақ бері жағы екен. Ал, орыс кереуеті базарда 15000 болса,  «Балалар әлемінде» ол 25000-38000 тг-ні алқымдайды. 3-4 айға толған балаға тербеткіш арба қажет болады, оның да бағасы басқаларын шаң қаптырып тұр. Ең төменгі құны  – 9000-ды жарқыратып, 20000-ға жетіп үлгерген бұл арбаны  алмауға да болмайды. Өйткені, бұл сәбиге таза ауа сыйлап, қыдырту, ойнату үшін сізге көмекке келетін таптырмайтын құрал. Нәрестенің киім-кешегінің базардағы бағасы осы. Енді, супермаркеттегі құнын есепке алайық. Алматыдағы «Балалар әлемінде»  сәби жөргегі 5000-нан 20000 – ның аралығын қамтыса, аяқ киімі 4000-8000 теңгені,  жемпір – 6800 тг, жейдесі мен шалбары –  6500-ден 9000-ды, иткөйлегі – 600-1000 тг-ні құрайды. Жас баланың сыртқы киімдері 16000 –нан басталып, 23000-ды жер қаптырады.

          – Бұл сауда орнына әл-ауқаты  жақсы отбасылар ғана келеді. Өйткені біздегі тауарлардың құны өте жоғары, себебі бізде шетелдің өнеркәсіптері өндірген сапалы өнімдер сатылады, – дейді сол сауда орнындағы сатушы.

Алматы қаласының тұрғыны Жүнісова Жанар айлығы шайлығына жетпейтінін айтады:

–         Мен үш баланың анасымын. Ең кішкентайымды босанғаныма жеті ай болды. Жөргекақы 70000 тг алғанмын, бұл үшінші бала болғандықтан оған қосымша бала бір жасқа толғанша ай сайын 10995 тг беріп жатыр. Бірақ, бұл қаржы нәрестенің керек-жарағына  жетпейді, мүлде жетпейді. Себебі, тұтынатын заттар өте қымбат. «Памперстің» бір қорабының өзі 1050-1200 тг тұрады.

Студент  Мәдина Жарқынбаева болашақ сәбиі үшін алаңдайды:

–         Мен былтыр тұрмыс құрдым. Құрсағымда сегіз айлық балам бар, өзім студентпін. Жарым да студент. Қазіргі таңда жұбайымыз екеуіміз Алматы қаласында пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Күнделікті тұрмыста шығатын  шығын көп болғандықтан, көтерілген шәкіртақы оған жетпейді. Соның салдарынан қиналып қалатын кездеріміз жоқ емес.

Қара халықтың супермаркеттерді аралауға қалтасы көтермей, дәрменсіз күйдің дәруішін іздеп, қара базардағы арзанқол дүниелерді алуға мәжбүр болады. Қытайдың бір-екі киістен кейін қолаңсыз иіс шығып кететін аяқкиімдері, бірнеше рет жуылғаннан кейін өңі түсіп қалатын киімдері қара халықтың  материалдық қажеттіліктерін сапалы түрде қамтамасыз ете алмай отыр. Елімізде балалардың киімін өндіретін кәсіпорындар саусақпен санарлық. Қарағандының шұлығы мен трикосы, Алматының базардан орын ала алмаған бала киімі, Семейдегі киім фабрикасының өнімдері халықтың сұранысын қанағаттандырмайды, сондай-ақ, қалтасын да көтермейді. 

 

 

 

 

 Шынаргүл Оңашыбайқызы

ҚазҰУ-дің студенті

                                                                  

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Жарайсың,Шынар. Сандық мәліметтерің бірден мен мұндалап көзге ұрып тұр ғой. Қоғамдағы өзекті ахуалды көксеп, көтерген екенсің.Рахмет. Сенің мақалаңнан кейін мен басқаша ойлай бастадым. Камал Смайлов атаңның аузынан түсіп қалғандай екенсің. Өткенге көз жібере қарайтын болсақ бұл ретте Римма апайдың да өзіндік үлесі бар деп айта аламын. Себебі Смайлов атамыздың мақаласын жаттаты емес пе?! Ендеше Римма апайға да рахмет дейміз. Жазар көбейсін деймін.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі