«Маған 18. Мен сайлаймын»

676 рет қаралды
3

Фото0370Елімізде болып өткен басты саяси дода – сайлауға арналған әлеуметтік жарнама плакаттарында осындай ұран жазылған.  Біздің айтпағымыз сайлау мәселесі емес, осы плакаттардағы қазақ тілінің стилистикасы мен грамматикасының өрескел бұзылуы.

Орталық сайлау комиссиясы мен Президент әкімшілігі маңайындағы қазақ тілінің мамандары мен аудармашылардың тілдің қарапайым ережелерін білмейтіндігі осыдан-ақ көрініп тұр. Әйтпесе, о заманда, бұ заман «маған 18» деген тіркесті қайдан естідіңіз. Қазақ тілінің заңдылығы бойынша, түркі тілдері секілді қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына жатады. Ол ешуақытта ішкі флекция заңына бағынбайды. Сол себепті де «маған 18» деген тіркестің ешуақытта ақылға сыйымсыз екендігін айтқымыз келеді. Қазақ тілінің қарапайым заңдылықтарына сүйенетін болсақ, дұрысы «Мен он сегіздемін, менің жасым 18-де» болуы керек. Сол секілді, «мен сайлаймын» деген тіркес те  дұрыс емес. «Мен дауыс беремін» деу ақылға қонымды болар еді.

 Сондай-ақ, бүкіл сайлау кампаниясы барысында, «Елбасыға дауыс беріңіз» деген үлкен билбордтар ілініп тұрды, газеттерде, телеарналарда да осы жарнамалық модуль пайдаланылды. Жарнама берушілер бұл мәтінді өзгертуге рұхсат бермегендіктен, барлық жерде мәтін солай қолданылды. Бірақ, бұл тіркестің де қазақ тілінің стилистикасын әжептәуір бұзып тұрғандығын ескерген ешкім болмады.  Дұрысы «Елбасына дауыс бер!» болар еді.

ӨЗІҢНЕН АРЫ, ӨЗІҢНЕН БЕРІ

Фото0374Фото0375

Сол секілді, кез келген мекеменің есігінде “на себя”, “от себя” дегеннің тікелей аудармасы “өзіңнен ары, өзіңнен бері” деп тұрады. Осы аударманы көрген сайын, езуіңе ащы да ызалы күлкі үйіріліп, еріксіз бас шайқайсың. Аударманың маңайындағы көзсіз аудармашыларға күйінесің. Бірақ, біздің тілді жасаушыларға қазір айтып сөз, ұрып таяқ өтпейтін болды. Оларға қазақ тілінің табиғаты мен құрылысының өрескел бұзылып жатқаны бес тиын. Әйтеуір жоғарыға есеп беру үшін қасаң аударманы беттері бүлк етпей жазып қояды да отыра береді.

Осы сөздерді көрген сайын қазақтың қарапайым ғана “итер”, “тарт” сөздері тілімнің ұшына орала беретін. Осы жолы Астанаға сапарым кезінде Астана әуежайының кіре берісінде ғана осы бір дұрыс аудармаға көзім түсті.

КІММЕН БЕРІЛДІ?

посадочный 002Жақында 2010 жылдан бері беріліп келе жатқан биометрикалық төлқұжатқа қолымыз жетті. Осы паспорттағы басты жаңалық – “туған жылы” дегенді “туған кезі” сөзімен алмастырған екен. “Туған кезі” дегеннен гөрі, “туған жылы” деген сөз жүрекке жақын естілетін сынды.

посадочный 001Ал, Ішкі істер басқармасы берген уақытша көлік жүргізу куәлігінде “қай мекеме берді?” немесе “берген мекеме” дегеннің орнына “кіммен берілді” деен тағы да ақылға сыйымсыз аударманы еріксіз көзіміз шалды. “Кем выдан” дегеннің кембағал аудармасы.

Мұндай мысалдарды теретін болсақ, тым көп. Біз әзірге бір-екеуін ұсынып отырмыз. Алдағы уақытта тағы да ой бөлісетін боламыз. Сіз не дейсіз, оқушым?

Есен Байнұр.  

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Ең қызығы сайлауға шақыруды оқысаңыз: “…. президентінің сайлауына қатысыңыз” – деп қасақана жазып, халықты мазаққа айналдырды. Ол мәтін қазіргі президентті сайла деген сөз емес пе! Дұрысы “…..президентін сайлау” еді ғой! Соқыр тауыққа бәрі бидай…
    Ал, сорақының көкесін қазақ ұшақтарының авариялық есігінен көресіз: “во время посадки просим застегнуть ремни” дегенді “жерленер кезде….” деп “қазақшалаған”. Соны көрген соң ұшу кезінде қандай ой келетіні түсінікті болар.

  2. Тамаша, сауатты жазылған мақала екен. Бұл өрескел қателіктің барлығы білместіктен кетіп жатқан жоқ, әдейі жасалынып жатқан арандатулар. Мына биліктегі маргиналдардың істеп отырған ісі. Ендігі келетін жаңа үкіметтен үміт күтейік. солардың мыйы ми болсын дейік!

  3. Өте дұрыс көтерілген мәселе. Қазақтың өзі жетімсіреп тұрған тілін осындай өте үлкен назарда ұстауға тиісті, әрі, шешуші сәтте қорлап, бұрмалау деген үлкен масқара ғой.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі