«Қаһарлы Алтай» қай Алтай?

1040 рет қаралды
1

altay 1Кеше, 2011 жылдың  27 сәуір күні Қазақстан Жазушылар Одағы үйінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қытай мемлекеттік сыйлығының иегері Жақсылық Сәмит- ұлының «Қаһарлы Алтай» атты үш томдық романының тұсаукесері болып өтті.  

Жақсылық Сәмитұлы ҚХР-ның Жеменей ауданы, Ласты мекенінде туған, филолог-жазушы.  1959-1979 жылдары солшыл саясат кезінде «ұлтшыл» атанып жиырма жыл айдауда түрмеде болған. 1993 жыл Қытайдан алғашқылардың бірі болып атажұртқа оралған қарымды қаламгер.

 

Ж.Сәмитұлы 1957 жылдан бастап көркем әдебиетпен айналысып, 1985 жылы ҚХР-ның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алады.  Ал жазушының «Қаһарлы Алтай» трилогиясының алғашқы басылымдары 1996-2000 жылдары «Сергелдең» деген атпен әр жылдары жарық көрген еді. Кітапта ХХ ғасырдың қырқыншы жылдарындағы Алтай қазақтының жан беріп, жан алысқан өмірі аса тартымды, һәм шұрайлы, һәм шынайы көркем суреттеледі. «Қаһарлы Алтайдың»  бұл жолғы екінші басылымы – қазақ руханиятына бейжай қарай алмайтын қолы ашық, қормал азаматтардың демеушілігімен тамаша безендірілумен жарық көріп отыр.

 

altay 2Тұсаукесерді ашып сөйлеген Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, онан кейін сөз алған Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, ҚХР-ның мемлекеттік сыйлық иегері Серік Қапшықбайұлы, Тұрсынәлі Рыскелдиев, «Қаламгер Медиа» орталығының атқарушы директоры Жанарбек Әшімжан, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы қатарлы қаламгерлер жазушының қыры мен сыры туралы тебірене толғанып, жаңа кітап жайлы құнды пікірлерін ортаға салды. Қ.Жұмаділов «Ж.Сәмитұлы ұлтшылдық деңгейге көтерілген азамат» десе, С.Қапшықбайұлы «Бұл шығарма әлем әдебиетімен үзеңгілес тұрған туынды» деген қорытындыға келді. Оқырман қауым, бұрын бізде Өр Алтай, Асқар Алтай, Жан Алтай, Бурыл Алтайлар бар еді, міне, өзіңе енді «Қаһарлы Алтайың» оралды қабыл айлағайсың!

Б.Бақытбек

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Керемет кітап. Бір дәуірдің тынысын ішіне сиғызған. Қазақ әдебиетіндегі соңғы 20 жылда мұндай шығарма өмірге келген жоқ деп сеніммен айта аламыз. Жақсылық ағамыздың повестері қандай керемет.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар