Осыдан 60 жыл бұрын, 1951 жылғы сәуірдің 29-ында Шығыс Түркістандағы ұлт азаттық көтерілісінің бас қолбасшысы Оспан батыр Сләмұлы Қытайдың Үрімжі қаласының түрмесінде атылды.
Совет өкіметі 1944 жылы Шығыс Түркістан үкіметін құрды. Онының белді адамының бірі Дәлелхан Сүгірбаев болады. Дәлелхан 1941-1943 жылдары Алматы қаласында арнайы саяси оқу оқып, моңғол үкіметінің қолдауымен 1943 жылы Өр Алтайдағы Оспан батырдың қолына барып қосылған болатын. Шығыс Түркістан – Ол республика деңгейіндегі үлкен үкімет еді. Оспан батыр 1945 жылы қыркүйекте осы үкіметтің құрамындағы Алтай аймағының уәлиі болып тағайындалды. Алайда, Шығыс Түркiстан деген атаудың өзінің қаупі Совет Елі үшін аса қауіпті еді. Сондықтан «Үш аймақ» үкiметi деп өзгерттi. Ол үкімет Совет одағының сойылын соқты. Бұл үкіметтен көңілі қалған Оспан батыр 1946 жылы Гоминданшыл қытайлармен одақтасып қызылдардың қызыл тасқынынан сақтануды мақсат етеді.
1946 жылы Дәлелхан мен Оспан екеуінің арасындағы қатынас ушыға түседі.
1946-1948 жылдары Оспан батыр мен Дәлелхан Сүгірбаев бірнеше рет соғысты. «Үш аймақ» әскерiнiң қолбасшылары Совет үкiметiнде әскери оқу орындарында дайындалып, әскери тәжірибеден өткен азаматтар және озық қару-жарақпен қамтамасыз етiлгендiктен, Оспан батырға табанды қарсылық көрсетедi. Бiрде Оспан батыр, бiрде «Үш аймақ» әскерi жеңді. Оспан батыр 1949 жылы өз әскерiн шығыстағы Баркөл-Құмылға қарай шегiндiрдi.
1949 жылы Қытайда Қытай коммунистік партиясының билігін орнады. Оспан батыр енді жаңа үкіметпен соғысуға мәжбүр болды. Ал Дәлелхан Сүгірбаев Шығыс Түркістан Республикасының басқа бірнеше басшысымен бірге 1949 жылғы тамыздың 27-сінде ұшақ апатынан көз жұмды делінеді.
Оспан батыр 1950 жылы өз жұртын Ганьсу аймағындағы Қанамбал тауына көшiрiп, сол жақта қыстап шығуды ойлады. Қытай әскері батырды Қайзы деген жерде 1951 жылы ақпанның 19-ы күні қолға түсіреді. Оспан батырды 1951 жылы сәуірдің 29-ы күні Үрімжіде атты. Оның үлкен ұлы Шердиман әкесінің сүйегін 1953 жылы 12 ақпанда ғана алып, Алтайдың Көктоғай ауданына апарып жерледі.
Қазақстанда соңғы жылдары Оспан батыр туралы әжептәуір насихатталып, ғылыми конференциялар өткізіліп, бірнеше кітап құрастырылып, көркем шығармалар жазылды. Жазушы Сейтхан Әбілқасымұлының «Оспан батыр», Жақсылық Сәмитұлының «Қаһарлы Алтай» романдары мен қатар Бақытбек Бәмішұлының «Оспан батыр» атты дастаны жеке-жеке кітап болып жарық көрді. ( суОспан батыр мен Чойбалсан).
Бүгін Алматы қаласында Оспан батырдың жарық дүниеден мәңгілік бақиға өткен күніне орай батыр рухына бағышталып Ас беріледі. Бұл да Хас Батыр есімінің халық жүрегінде мәңгі сақталғанының бір куәсі!
Бурылалтай
Парақшамызға жазылыңыз
Марқұмның жаны жаннатта болсын!
Әмин! Марқұмның жаны жаннатта болсын!
Марқұмның жаны жаннатта иманы жолдас болсын. Марқұмның Қазақ үшін басын бәйгеге тіккенінен хабарымыз мол.
тарихты білмесеңдер ойдан құрап өтірік шығарма жазбаңыз,ұятт деген болама, кім сізге Оспан батыр гоминдаң үкметімен қосылды деді?және үш аймақ аймақ Дәлелқан сатқының құрған үкіметті,ал Оспан батырдың құрмағаны ШЫҒЫС ТҮРІК ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАЫ біліп алыңыз,мен Оспан атамың туған ауылынанмын,Атым Парасат,
“Оспан батыр 1946 жылы Гоминданшыл қытайлармен одақтасып, қызылдардың қызыл тасқынынан сақтануды мақсат едеді”. Парасат мырза, бұл тарихи шындық. Бұл жазбаға сенбесеңіз жоғарыда ата аталған кітаптарды бір шолып шығыңыз. біз де тарихтың ақихатына жүгінеміз.
Оспан батыр кітабын оқып қатты әсерлендім сөзбен айту жеткіліксіз. ол жақтағы ағайынның көрген қиыншылығын ендігі уақытта ұрпақтары көрмесе екен деймін.
Керемет мықты адам. Менің әкемнің ағалары түгел Оспан батыр қолындағы мергендер блған. Мен озім Оспан батыр ұсталған Гансу өлкесі Ақсай қазақ авт. ауд. Қайыз деген жердегі балшық тамда туылыппын. Ол жерде қазірде Оспанның артынан ерген қазақтар өмір сүруде. Батырдың елі деп осыны айт!
Ғансу өлкесі, Қайыз қазақтары туралы мәлімет келтірсеңіз тамаша болар еді.