/

Мен көрген Америка

2277 рет қаралды
7

  

(журналистің танымдық жолжазба очеркі)

Алыс сапардан оралған жолаушыдан жүрген жерінің амандық-саулығын, жаңалығын сұрап білу – әлем халықтарының бәріне ортақ дәстүр. «Алыстан алты жасар бала келсе алпыстағы шал барып сәлем береді» деген халқымыздың дана сезінде де үлкен мән бар. Өйткені, жол жүрген, шалғайға сапар шеккен адам ол үлкен бол, кіші бол, мейлі, көпті көреді, ел таниды, жер таниды. Оның көрген-білгенін естуге қүмартудың өзі адам баласының үнемі тың дүниені білуге, беймәлім сырларға қанық болуға ежелден ынтық екендігін аңғартса керек.

Адамға ауа, су, күн сәулесі қаншалықты қымбат болса,  айналасында және бүкіл әлемде болып, өтіп жатқан оқиғаларды біліп отырудың яғни, тың жаңалықтардың, соны ақпараттардың дер кезінде жеткізіліп тұруы да бүгінгі таңда соншалықты қажет. Адам баласының осындай қажеттілігін өтеу үшін, олардың рухани сүраныстарын қанағаттандыру үшін, таным көкжиектерін үнемі кеңейтіп отыруға деген ізденістеріне жауап беру үшін әлемде баспасөз, ақпарат қүралдары пайда болғаны, оның қазіргі танда қоғам өміріне зор ықпал етуші күшке айналғаны бүгінде ешкімді таңдандырмайды.

Баспасөз бен ақпарат қүралдарының даму тенденцияларын ашу, көкейтесті проблемаларын айқындап, оны оңтайлы шешу жолдарын қарастыру мәселесі журналистика ғылымы үшін аса маңызды болып отыр. Осы игілікгі мақсатты алға қойған американдық әріптестеріміз қазақ журналистикасының өкілдерін өз елдеріне шақыртып пікірлесуді жөн көрген екен.

Шарапатты мол осы игі іс АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің ақпарат қызметі – ЮСИС-тің қажырлы еңбегінің арқасында АҚШ мемлекеттік департаментінің қолдауымен жүзеге асты.

 «АҚШ-тағы журналистік білім беру әдістемелері» деп аталатын арнайы бағдарламаға Қазақстанның өкілі ретінде 5 журналист қатыстық. Сапар барысында Американың бес ірі штатында, 9 қаласында болдық. (Вашингтон, Жаңа Орлеан, Колумбия, Атланта және Нью-Йорк т.с.с.). Ат басын тіреп, таныс-біліс болған ресми мекемелеріміздің өзі айтуға тұрарлықтай әлемге әйгілі беделді де белді жерлер.

Айталық, Вашингтондағы Американың баспасөз орталығы, коғамдық телевизия корпорациясы, білім департаменті, шетелдік журналистер орталығы, Фридом Форум, Джоан Шоренстайн атындағы баспасөз, саясат және қоғамдық қатынас орталығы, Ұлттық қауіпсіздік архиві, Дүниежүзілік баспасөз бостандығы комитеті, ¥лттық баспасөз қоры, «Америка даусы» радиостанциясы, «Вашингтон пост» газеті, Газет редакторларының Американдық Қауымдастығы т.с.с. Сонымен қатар көптеген университеттер, журналистика саласы бойынша білім беретін факультеттер, мектептер, колледждер бәрі-бәрі әрқайсысы бір-бір кітапқа демесек те жеке-жеке тақырыптарға арқау боларлық  дүниелер.

Осындай көрген-білгенімдерді, көңілге түйгендерімді ортаға салуды, сапардан алған әсерлерімді оқырман кауыммен бөлісуді жөн деп санап осы бір шағын еңбекті әзірледім. Бүл жазба – сапар барысында жазылып, әзірлегенін айта кету ләзім. Америкада болған кезімде күнделікті кешке отырып, күндіз көргенімді қағаз бетіне ізін суытпай түсіруді әдет еттім. Енді, елге қайтар жолда ұшақ ішінде өзіме өзім есеп беріп, жазғандарыма көз жүгіртсем, осы бір шағын еңбек әлдеқашан даярланған екен.

Өңімде ойлау түрмақ, түсімде де көрмеген Америкаға аяқ астынан дәм тартып, 2001 жылы ақпанның 10-ы күнгі таңғы сағат бесте Алматыдан Еуропаға Германияның «Луфханзе» әуе компаниясының ұшағымен аттандым. Ұшақта адам аз, бос орын көп. Ортаңғы қатардағы төрт кісілік орындықтардың жақтауларын көтеріп тастап, ұйықтауға  кірістім. «Төсек» жайлы болса керек, түяқ серппей үйықтаппын, оянып сағатқа қарасам Алматы уақыты бойынша түскі сағат 11 екен. Бірақ, Еуропа әлі шырт ұйқыда, айнала қараңғылық қүшағында. Біраздан соң шығыстан таң сәулесі қылаң беріп, үшақ та төмендей бастады. Аспан ашық екен. Төменде бір-бірімен іргелес орналасқан Германияның сәулетті де әсем калалары алақандағыдай айқын көріне бастады. ¥шақ қонуға ыңғайланып, қала көшелері тіпті адамдар да анық көріне бастаған сәтте Франкфурт қаласына жеткеніміз белгілі болды. “Анау бір үлкен өзен Майн дариясы болар” – деген ойымды дәлелдегендей бір әсем ғимараттың төбесіндегі “Майндағы Франкфурт” деген жазу көзге оттай басылды. Америкаға аттанар алдында аялдайтын жол ортасындағы бірден бір өткеліміз осы жер.

Жергілікті уакыт бойынша таңғы жеті. Бұл кезде Қазақстанда шаңқай түстен ауған мезет. Күн жылы екен. Адамдар жеңіл киінген, бір ықшам ауданның орнын алып жатқан үлкен аэропортгың іші қүжынаған халық. Үнді, араб, қытай, жапон, түрік сынды шығыс халықтары да, неміс, мажар, француз, ағылшын, испан секілді батыс еуропалықтар да, амрикандықтар, африка елдерінің өкілдері тіпті “езіміздің” орыстар да бүкіл әлем жұртшылығы осында жиналған дерліктей. Осы дүниеде қазақ деген ұлттың да бар екендігін айғақтағымыз келгендей-ақ біз де солардың ортасына барып күмп ете түстік.

Майндағы Франкфурт – нағыз тоғыз жолдың торабы екен. Осы халықаралық әуежай арқылы Азия, Еуропа, Америка, батыс пен шығыс, оңтүстік пен солтүстік бүкіл әлем қоян-қолтық араласады. Әуежай ғимараты үш қабатган тұратын ірі қызмет орны. Ұшақтардың бірі оның әр тұсынан келіп жолаушыларды “төгіп” тастаса, бірі оларды шартарапқа әкетіп жатыр. Уақытша аялдайтын жолаушыларға жатар орыннан өзгесінің бәрі бар. Сауда-саттық, тамақтанатын шайханалар жеткілікті.  Қысқасы,  жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған.  Әуежай қызметкерлерінің көбісі     қара нәсілділер мен азияттық монголойдтар.

Франкфурт әуежайында алты сағатгай аялдап, түстен кейін Вашинггонға аттандық. ¥шақ жолаушыларға лық толы. Бақандай тоғыз сағат ұштық. Мұхиттың үстінде келеміз. Бұлттардың өзі сонау төменде. Мұхит көрінбейді де. Осы ақпанның 10-ы біз үшін күн батпайтын бір “мәңгі” тәулік болды. Сағаттың айырмашылықтарымен қосып есептегенде елден шыққанымызға 29 сағаттай уақыт өткен екен.

1. ВАШИНГТОНДАҒЫ ҚАРБАЛАС КҮНДЕР

Вашингтонға келіп қонғанымызда жергілікті уақыт 16 сағат еді. Алматы уақытымен арадағы айырмашылығы 11 сағат. Яғни, біздің табан тіреп түрған уақытымыз елде болғанда түнгі сағат үш деген сөз. Әуежайда АҚШ азаматшасы, департамент өкілі Таня Родзянка күтіп алды.

Ықшам әрі жүрдек автобуспен әуежайдан қалаға қарай тартып келеміз. Вашингтонда көктем, аздаған салқын жел бар. Ауа райы негізінен Сарыарқаның қоңыр күзіне үқсастау. Қала көшелерінін тазалығы мен әсемдігі бірден көзге үрып-ақ түр. Бізге Вашингтонның қақ ортасындағы Даблтри деген конақ үйден жеке-жеке бөлме әзірленген екен. Маған бүйырғаны сегізінші кабаттағы 806-бөлме болды. Біз орналасқан мейманхана шет ел елшіліктері мен Ақ үй, Конгресс ғимараты Капитолиге жақын болып шықты. Қазақстан Республикасының елшілігі дәл іргемізде екен.

Ертеңінде күн жексенбі болғандықтан қаламен танысу, тарихи, мәдени орындарды аралау күн тәртібіне қойылыпты.

Вашингтонның жалпы тұрғындарының саны 607 мың адам, серіктес қалаларды қосқанда 4 миллионға жуықтайтын көрінеді. Елдің астанасы болғандықтан ресми билік орындарымен қатар мәдени ошақтар да жеткілікті. Қала экономикасының басты тіректерінің бірі – туризм. Оны қаланы аралаған сәтте толык байқауға болады. Қаланың әрбір үйі бір-біріне ұқсамайды. Әр қайсысында сәулет өнерінің өзіне тән ерекшеліктері мен колтаңбалары бар. Ал, ескерткіштер кешендеріне келсек, оларды көрген адамға берер тарихи таным мен мағлұматының молдылығымен ерекшеленетін түстар көп-ақ. Соның бірі белгілі бір тұлғаның бейнесін тұрғызып қоя салумен шектелмейтіні. Абраам Линкольнның,    Томас    Джефферсонның,    Франклин    Рузвельттің мемориалдары мен вьетнам соғысы күрбандарына арналған ескерткіштерді аралаған сәтте сіз одан тарихи мағлұматтарды да, өнер туындысы ретінде эстетикалық танымды да түйсікпен сезіне аласыз. Сонымен қатар мәрмәр, гранит тастары мен табиғи материалдардың адам колымен қалай өңделіп, қиюын тапқанын көріп, асқан дарындык пен шеберлікке  тәнті  боларыңыз  хақ.

Қаланың өнер мұражайында өткен ғасырлардан бастап, бүгінге дейін жасалған ең таңдаулы мүсіндер мен көркем суреттерді тамашалауға болады. Мұнда мүражайдың көрерменнің мүддесін, жағдайын да өте оңтайлы ойластырғанын сезіну қиын емес. Айталық, әр залдың ортасында шаршаған адамдардьщ отырып тынығуына, тіпті жатып мызғып алуларына да болатын жұмсақ дивандар қойылған. Онда ұйықтап жатқан адамдар да кездесті. Жайлап отырып, шай ішетін, тамақтанатын орындары да бар. Жалпы, Америкада мәдени орындарында болсын, басқа да көпшілік жерлерде адамға, оның игілігіне аса мән беретіні, оған шынайы түрде қызмет көрсете білетіні көрініп-ақ түр. Сондай-ақ, аталмыш мұражай көрермендерден ақша алмайды, оған кіру тегін екенін де айта кетудің артықтығы жоқ шығар деп ойлаймын. Бүгінгі таңда біздің елімізде болмашы бірдемеден ақша тауып қалуға, өзгенің қалтасын қағып жіберуге әзір тұратын бір жаман пиғыл қалыптасқанын көріп жүрміз. ..

Вашингтондағы қаланың символы іспетті әсем ғимараттардың бірі әрі бірегейі де Капитоли. 1793 жылы қыркүйектің 18-і күні оның таған тасын Жорж Вашингтон өз қолымен қалаған екен. Құрылыс жұмыстарын жүргізген сәулетшілер Б.Латроб пен Ч.Булфинчтің аттары бүгін тарихта қалған. Мемлекеттік, үкіметтік барлық маңызды да, игілікті шаралар осында жасалатындықтан американдықтар үшін бұл киелі орындардың бірі болып саналады.

Вашингтон қаласы күн сәулесінің тарауы іспетті бағытпен яғни, Париждің үлгісімен салынған. Барлық даңғылдар жан-жақтан ағылып келіп, осы Капитоли тұрған орталықка келіп тоғысады. Конгресс  кітапханасы, Ұлттық архив, Жоғарғы сот, Ұлттық кафедралық шіркеулермен салыстырғанда Ақ үй дегеніңіз жай қарапайым ғана қатардағы ордалардың бірі сияқты керінеді. 1812 жылы   британ  армиясының   шабуылы  тұсында,   азаматтық  соғыс кезінде Вашиштон қаласы біршама күйреген. Қаланың гүлденіп, қарқынды дамуы XIX ғасырдың соңынан басталған екен.

Потомак өзенінің жағасындағы Жоржтаун қалашығы Вашингтонның бұрынғы орталығы. Мұндағы университет ғимаратынан бастап, тұрғын үйлердің өзі ерекше сәнді. Көруге тұратын әсем жерлердің бірі де осы. Бір үлгі аларлық нәрсе – бұл американдықтар құрылысты өте сапалы салады екен. Мәңгілік өмір сүретін тарихи қүндылықты жасап жатырмыз дегенді сол кұрылыстың ірге тасын қалаған сәтте-ақ жан-тәнімен сезінетін болса керек.

Қаладағы сан жүздеген газеттердің ішінен ең атақтылары -“Вашигтон пост”, “Вашингтон таймс” және “Ю-Эс-Эй тудей”. Оқу орындарының ішіндегі ең айтулылары – жоғарыда аталған Жоржтаун университеті, Жорж Вашингтон, Говардов және Американ университеті, Жон Гопкинс атындағы халықаралық ғылыми-зерттеу мектебі т.с.с.

Қала көшелері де, метро да айнадай тап-таза. Адамдардың карым-қатынас мәдениеті өте жоғары деңгейде. Бір-біріне екі қадам жерден жол береді, танысын-танымасын сәлем береді, қарсы келген кімге болсын ізеттік танытуды өздеріне парыз санайды. Олардың рахмет айтуларындағы, кешірім сұрауларындағы сыпайгершіліктерінде ешқандай жасандылыктың жоқтығы еріксіз назар аудартады. Қабақ шытқан, жүйкесі жұқарған ешкімді көрмейсің. Бәрі көңілді, көкіректеріне қуаныш толған адамдар. Көшеде жөн сұрасаң, бұрылып келіп, асықпай жайлап түсіндіруден жалықпайды-ақ.

Ақ үйдің маңында демалыс күндері туристер көп жүреді екен. Суретке түсіп жатқан адамдарда сан жоқ. Таяу маңдағы бір алаңда әртүрлі лозунг, плакатгар ұстаған адамдар отыр. Төсек-орындарын, киім-кешектерін қастарына үйіп қойғандарына қарағанда сонда түнеп жататынға үқсайды. Өзі отырған орындықтың маңайын неше түрлі плакаттармен “безендіріп” қойып, айғайлап отырған біреуі Алматыдағы Амантай қажыны еріксіз еске түсіреді. Бұлар сірә, наразылық акциясын өткізіп отырған қоғамдық-саяси топтар болса керек. Бізге жұмақ болып көрінер бұл қоғамдық өмірге көңілдері тола қоймайтындар белгілі мөлшерде аз да болса бар секілді. Бірақ, солай екен деп оларды қуып жатқан ешкімнің көрінбеуі кері көзқарастарға төзімділік танытып, онымен санаса білетін, бәріне де түсіністікпен қарайтын американдық демократияның айғағы іспетгес. Вашингтонның ауа райы салқын болғанымен біз үшін өте қолайлы болды. Кейде жауын жауады да көп кешікпей аспан ашылады. Қонақ үйіміздің бөлмесінде суық кезде жылытатын, ысыса салқындататын арнайы қондырғылар бар. Сапарлас ағамыз Зақаң (Зарқын Сыздықүлы) айтқандай “мал байдікі, жан құдайдікі” алаңдайтын ешнәрсе жок.

Ақпанның 12-сі дүйсенбіден біздің жұмысыз бағдарлама бойынша басталды. Меридиан Интернешнл Сентр деп аталатын мекеменің бас корпусында бізді осы бағдарламаның жетекшісі Хью Айвори мырза, АҚШ мемлекеттік департаментінің білім және мәдениет бюросының үйлестірушісі Марк Хилберт мырза бастаған жауапты қызметкерлер қабылдап, танысты.

АҚШ мемлекетгік департаментінің білім және мәдениет жөніндегі бюросы үкіметгің мәдени әрі ақпаратгық шараларын жүзеге асырумен айналысатын мекеме. Олар шет елдермен қарым-қатынастарды нығайтуға, өртүрлі мемлекеттерден келетін делегаттарды қабылдау шараларын жүргізеді. Шет елдерде ұйымдастырылатын ақпараттық, білім беру, мәдени бағдарламаларға негізінен АҚШ елшіліктері жауап береді дейді.

Ал, бізді қабылдап отырған Меридиан Интернешнл Сентер -жекеменшік, коммерциялық емес ұйым. Басты мақсаты – әлем халықтарының өзара түсіністігін қамтамасыз ету, еларалық қонақтар мен өкілдер алмастыру, тың идеялармен танысу, ой бөлісу секілді игі істерге мұрындық болу екен. Халықаралық іс шаралар мен өкілдердің келіп-кету бағдарламаларына мемлекеттік департамент демеушілік жасайды.

Хью Айвори мырзаның айтуына қарағанда, аталмыш орталық бүгінге дейін шетелден 200 өкіл, меймандарды қабылдапты. Ол кісі біздің елдің жағдайына да әбден қанық екен.

-Газеггі мемлекет тарапынан қаржыландыру қате. Редакциялар өздері үкіметтік дотациядан бас тартуы қажет қой. Үкімет органдармен іскерлік байланыста болуды ешкім жоққа шығармайды. Мысалы, олардың ресми шешімдерін, заң жобаларын, аукцион, тендер, хабарландыруларын жариялап, сол жарнамалық қызметі үшін газет үкіметтен ақша алып жатса, оның ешқандай сөкеттігі жоқ. Ал, өзі құлшыныс жасамай үкіметтің қолына қарап отыру деген газеттің болашағын бұлдыр ететін жайсыз көрініс. Сонымен қатар бізде университеттер, жоғары оқу орындары да өз дербестіктерін сақтауда. Өз бетімен күн көруді американдықтар мақтаныш санайды – дейді Айвори мырза.

Танысу рәсімі мен өзара ашық әңгімеден кейін біз оларға өз еліміздің қолөнер туындыларынан сый-сияпат ұсындық. Олар біздің әрқайсымызды 50 мың АҚШ долларымен сақтандырғанын мәлімдеп, Штат ішінде жол жүруге ұшақ билеттерін, мейманханаға және азық-түлікке езге де қажеттілікке арнап бөлінген ақшаларын ұсьнды.

Мұндағы қалыптасқан дәстүр бойынша Меридиан компаниясы бізді салтанатты түстікке шақырды. Потомак өзенінің жағасында орналасқан бір әсем мейрамханада мемлекеттік департамент қызметкерлері, Меридиан компаниясының менеджерлерімен бірге түстендік. Дастархан басында өзара әңгіме-дүкен құрып, еркін отырмыз. Біздің жақтағыдай кезектесіп тост көтеріп, жарысып сөйлеу, жүз грамм тарту деген атымен жоғы – үлгі алатын дәстүр екен. Дастарханда спирттік ішімдіктен өзгенің бәрі бар. Негізі мәдениетгі, зиялы адамдардың бас қосуы осылай болуы керек сияқты.

Мейрамхананың ішкі әшекейі әлем-жәлем болып тұрмаса да өте тартымды. Әр нәрсе өз орнын тапқан, тап-тұйнақтай. Қымбат заттармен өрнектеліп, малынып тұрмаса да көз қуантатынтай жайлы. Бірінші қабатга орналасқанымен біздегідей темір тормен терезелерін “тұмшалап” қоймаған.

Түстен кейін Американ университетінің профессоры, атақты журналист Лэйрд Андерсон мырза бізге лекция оқуға келді.

Әлемнің талай елдерінде болып, көп журналистермен жолығып жүрмін. Бірақ, өмірімде алғаш рет бес-ақ адамға лекция оқу қүрметіне бүгін ғана ие болып отырмын – деп сөзін жеңіл әзілмен бастаған профессор алдымен АҚШ бұқаралық ақпарат қүралдарының негізгі миссиясы не дегенге тоқталды. Оны бес бағыт бойынша атап көрсетгі: Біріншіден, елді ақпаратпен қамтамасыз ету, екіншіден, талдау-сараптау жасау, үшіншіден, көңіл көтеру, төртіншіден, философиялық ой толғау, бесіншіден, экономикалық миссия яғни жарнама арқылы халыққа қызмет көрсету.

Профессор Лэйрд мырзаның мәлімдеуінше, АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының көбінің жалпы табыстарының аз дегенде 40 пайызын жарнама кұрайды екен. Сонымен қатар әріптес профессор журналистикалық қызметті рухани құндылық бола тұра бизнес деп  те атады. Ал, баспасөз, ақпарат дегеніміз тауар. Тың жаңалықтар мен соны ақпараггарды дер кезінде ізін суытпай таба алатын алғыр адамдар ғана нағыз мықты журналист бола алады дегенді Андерсон мырза ерекше атап көрсетті. Сондықтан да, америка журналистикасын оқытудың басты мақсаты студентгердің ақпарат алу қабілеттерін арттыру екен. Журналистік қызмет – қоғамдық жұмыс  әрі қарым-қатынас,  байланыс  мектебі – дейді  профессор журналист.

       -Журналистика саласына ғылыми мамандарды, оқытушыларды қалай таңдап аласыздар? – деген сауалымызға ол:

-Төрт жылдық бакалаврлық білім алған жас журналист оқу бітірісімен шағын қалаларға барып, кішігірім газетгерде жұмыс істейді. Сонда аз дегенде 3 жыл жұмыс істеп, тәжірибе жинақтайды, өзін көрсетеді. Сосын ғана үлкен қалаларға келіп, айтулы ірі газеттерде, телкомпанияларда өз шеберліктерін шыңдайды. Осындай тәжірибеден өткен соң ғана олар университетке қайта оралып, магистратураға түсе алады. Екі жыл оқып магистрлік дәреже алған соң ғана жоғары білімділердің қатарына қосылады. Міне, осыдан кейін барып, журналистика факультетіне оқытушылық қызметке тартылады. Оқытушылық қызметін атқара жүріп, докторантураға түсуіне, диссертациясын жазып қорғауына болады. Американ Университетінде журналистика саласы бойынша ғылыми диссертация жазып, қорғағандарға философия ғылымдарының докторы атағы беріледі. Ал, өзге оқу орындарында әрқалай. Бір оқу орнында экономика ғылымдарының базасында болса, енді бірінде тарих, заң, саясаттану.

Жарты ставкалық профессорлық орынға газет редакторларын шақырып, лекция оқытамыз. Жұмысты сәтті алып кететін редакторлар да болады. Сонымен қатар екі сағаттық лекциядан соң “Мен айтарымды тауыстым, енді қалған 15 сағатта не істеймін?” -деп абыржып, келіп тұратындары да кездеседі.

-Бакалаврларға оқытылатын негізгі пәндер туралы қысқаша мағлұмат бере кетсеңіз екен?

-Гуманитарлық білімді жан-жақты беруге көбірек назар аударылады. Экономика, қүқықтық білімдерінің терең болуына жеткілікті мән беріледі. Сондай-ақ, тарих, социология, психология, саясаттану, дінтану, этика сынды қоғамтану ғылымдарының да үлес салмағы басым болып келеді. Ал, мамандық курстарға келсек, редакторлау шеберлік негіздері, қарым-қатынастың заңдық негіздері, окиға, көріністерге талдау жасау тәсілдер, мақала жазу жалпы тәсіл мен шеберлік негіздері секілді пәндер мамандық курс ретінде оқытылады. Журналистикалық кәсіби жеке пәндер де жеткілікті. Айталық, журналист этикасы деген пән бар. Сонымен қатар БАҚ және үкімет, БАҚ және саясат, БАҚ және әйелдер, БАҚ және цензура, халықаралық журналистика, репорторлық істің негіздері, баспасөз бизнесі, фото журналистика т.с.с.

Профессор Лэйрд Андерсон мырзамен әңгімеміз үзаққа созылды. Ортақ проблемаларымызды ортаға салып, ой бөлістік. Журналистиканы оқытуда ұқсастықтарымыз да, өзгешеліктеріміз де баршылық екен. Профессордың айтуына қарағанда, Вашингтонда журналистер даярлайтын оқу орындарының көп екендігіне қарамастан бітірушілердің арасында жұмыссыздық деген атымен жоқ көрінеді. Басқа саланың мамандары да журналистикаға келіп түседі де екі жылдық курстан кейін журналист болып шығады екен. Сонымен бірге жоғарғы курс және журналистердің кәсіби білімдерін жетілдіретін институт та жұмыс істейді.

Америкадағы көп нәрсе біздің топшылауымыздан мүлдем езге болып шықты. Қазіргі таңда еліміздегі телеарналарда көрсетілетін фильмдердің көбі зорлық-зомбылықты, эротикалық керіністерді қамтиды. Газеттердің кейбірі оқырмандарды көбірек тарту үшін жалаңаш әйелдердің суреттерін жариялауды әдетке айналдырған. Мұның бәрін батыстың өнегесі, американдық демократияның әсері деп сөгетіндер арамыздан табылып жатады. Оның мүлдем негізсіз екендігіне барған бетте-ақ көз жеткіздік.

       Қонақ үйдегі бөлмелерге күнде таңертең ең ықпалды газетгердің кезекті сандарын әкеліп беріп түрады. Телевизор 10 арна бойынша тәулік бойы өз бағдарламаларын үзбей көрсетеді.    Бәрінде
ақпараттық жаңалықтар мен салмақты, салиқалы материалдар, танымдық бағдарламалар ғана орын алады. Көркем фильмдердің өзінде ұятты ұмытып, тас кенедей бір-біріне жабысып жатқан ешкім жоқ. Жарнаманың өзі біздегідей аш ішекше шұбатылып, көрерменін жалықтырмайды. Насихаттайтын         объектісін қысқа әрі нақты көрсете біледі. Газеттерде бейәдеп суреттер әсте болмайды. Оқиға, көріністің дерегі ретінде немесе табиғаттың әсемдігін бейнелеген түрлі түсті фотоларды газеттер беггерін безендіру үшін пайдаланады.

Бәрін көзбен көрген соң ғана американдықтардын журналистикаға аса байыппен, зор құрметпен қарайтындықтарына күмән келтірместей болдық.

Вашингтонда болған бастапқы бір аптада түнгі сағат үштер шамасында ұйқы әбден қанып, тынығып алатын әдет пайда болды.  Мұндайда теледидар көруден өзге ермек жоқ. Сонда байқалғаны жоғарыда аталған әр арна өз міндеттерін мінсіз атқарады екен. СИИ телекомпаниясы әр жарты сағат сайын АҚШ-та және әлемде болған жаңалықтарды ізін суытпай беріп тұрады. Танымдық, авторлық бағдарламалар да өте сапалы, жоғары деңгейде жасалатыны   көрініп тұр.     Жан-жануарлар,     аңдардың         тіршіліктерін     көрсететін бағдарламалары тіпті кызықты. Тарихи оқиғаларға талдау жасайтын авторлық бағдарламаның да берер тағылымы көп. Бірде Кеңес Одағының алғашқы әрі соңғы президенті М.Горбачев жөнінде жасалған деректі фильм көрсетілді. Журналистердің тақырыпқа терең бойлай алатындары қай бағдарламадан болсын, газеггегі кез келген сараптамалардан көрініс тауып жатады. Қай туындыда да жаңа ақпарат беруді, танымдык тың мағлүматтар жеткізуді көздейді екен. Мұның түп-төркіні шынайы көңілмен беріліп жұмыс істейтіндіктерінде болса керек. Журналистік туындыларда ой мен ақпараттың еркіндігі де бар, оған қоса терең біліктілік те айқын аңғарылады.

Енді, Америкадағы алғашқы таныс-әріптесіміз, профессор Лэйрд Андерсон туралы бір-екі ауыз сөз. Өзінің бүкіл саналы  ғұмырын журналистика ғылымының өркендеуіне арнап, әлемнің көптеген елдерінде өз әріптестерінің арасына кеңінен танымал болған бүл ақсақал Флорида штаты университетінің түлегі екен. Американ университетінің магистратурасына түсерден бұрын Жоржия штатының “Уолл стрит джорнэл”, “Гейнсвилл таймс” газеттерінде, кейін “Майами ньюс”, “Палм-Бич таймс” деген басылымдарында тілші болып істепті. Көптеген зерттеу еңбектер мен оқулықтар жазуға, редакторлауға қатысқан. Айталық, Прентис Холл баспасынан жарық көрген “Бизнес және экономика саласы бойынша репортерлік жұмыс”, “1917-1993 жылдардағы Америка газеттерінің ең үздік редакциялық мақалалары” және “Америка газеттерінің экономикасы” секілді кітаптар оның ерен еңбегінің жемістері. “Вашингтон пост” газетінде жарық керген “Газет бизнесі” атты 12 циклді мақалалары үшін Билл Прайор атындағы журналистік сыйлықтың иегері болған. Европа елдерінде өткен әртүрлі семинар-кеңестерге жетекшілік еткен және лекторлық қызметтер атқарған. Қазір өзі қызмет істейтін Американ университетінде “Баспасөз және үкімет” атты баспасөз клубын басқарады. Зерттеулері мен мақалалары бүгінде “Вашингтон пост”, “Вашингтон джорнализм ревью”, “Джорнализм эдьюкейтор” сынды белді басылымдарда тұрақты жарияланып келеді. Сондай-ақ, Лэйрд Андерсон “Ньюспейпер риссерч жорнэл” деген ірі газеттің алқа мүшесі болып табылады.

Вашингтондағы екінші жүмыс күніміз Шетел баспасөзі орталығының жұмысымен танысудан басталды. Орталықтың басты мақсаты – шет ел баспасөз өкілдерін күнделікті жаңалықтармен, ақпарат көздерімен жүйелі   түрде   таныстырып отыру – дейді бізді қабылдаған баспасөз-атташе Лайза Дэвис ханым. Ақ үй, мемлекеттік департамент, Пентагоннан ресми тұлғалар шақырылып осында брифингтер, баспасөз мәслихаттары өткізіліп тұрады екен. Сонымен қатар орталықтың өз тарапынан да өткізілетін мәслихатгары бар. Мұның бәрі айналып келгенде бір жағынан американдықтардың шет елдік әріптестеріне көрсетіп отырған көмектері болумен бірге өз елдері туралы шынайы ақпараттың әлемге рас әрі дұрыс жетуіне қосып отырған қомақты үлестері іспетгі.

Кез келген шет елдік журналист осы орталықтың қызметін тұтына алады екен. Мұнда АҚШ-тың қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени өмірінен мағлұмат беретін барлық дерек көздері жинақталып отырады. Орталықтың жеке кітапханасы бар. Әлемнің ірі елеулі оқиғалары кезінде орталық ізін суытпай сол жаңалықтың болған елінің Вашингтондағы елшісін, дипломат қызметкерлерін шақырып, мәслихат өткізіп жіберетін көрінеді. Мұндағы мақсат түсінікті. Болған оқиғаның нәтижесі немесе салдары жайында әлемнің барша жұртына дұрыс мағлұмат беру, шындықты жеткізу көзделеді.

Түс мезетінде бізді АҚШ білім департаментінде жоғары білім бөлімінің бастығы доктор Жан-Дидье Гайна мырза қабылдады. Аталмыш департамент 1979 жылы құрылған екен. Басты мақсаты -білім саласымен мемлекетгік саясатты ұштастыру, осы бағыттағы федеральдық үкіметтің бағдарламаларын, жәрдемдерін үйлестіріп отыру. Департаменттің негізгі қызметі – барлық деңгейдегі білім беру жүйесін қамтиды, яғни, бастауыш, орта, жоғары және кәсіби т.с.с. Сонымен қатар білім саласының барлық мәселелері бойынша елбасына кеңес береді. Ал, жоғары білім бөліміне келсек, олар АҚШ-тағы қоғамдық, жеке меншік барлық жоғары оқу орындарына үкіметтік бағдарламаның енгізілуін қамтамасыз етеді, оқытушылар құрамын әзірлеулеріне қаржылық көмек көрсетеді, оқу құралдарын толықтыруларын қолдайды, ілгерілеп дамуларына жағдай жасайды екен.

Жұмыс ауқымының осыншама кендігіне қарамастан штат кестелері, жалпы аппараты біздегі Білім және ғылым министрлігінен анағұрлым аз, шағын.

Доктор Гайна мырза бізге АҚШ-тағы білім беру жүйесі жайында таныстыра келіп, жоғары білім беруге федеральдық үкімет тарапынан нендей ықпалды істер тындыратындығына да тоқтала кетті.

Америкада бастауыш және орта білім халыққа тегін беріледі екен. Қазіргі таңда 41 миллионға жуық жеткіншектер Американың бастауыш және орта білім беретін мемлекеттік мектептерінде оқиды. Оның сыртында 5 млн бала жекеменшік мектептерде білім алуда. Нақтылап айтсақ, американдық балалардың 88 пайызы мемлекеттік мектепте, 12 пайызы жеке меншік мектептерге барады. Сонымен қатар, үйінде білім алатын топтар да бар. Оның басты себептері -көбінесе діни сенім-нанымға байланысты болып келеді. Жеке меншік оқу орындарының дені дін орталықтары мен шіркеулерде орналасады екен.

Әр жыл сайын 13 миллион американдық жастар елдің түкпір-түкпіріндегі мемелекеттігі бар, жеке меншігі бар 3000 университеттерге оқуға қабылданады – дейді доктор Гайна. Орта мектеп бітірушілердің 66 пайызы жоғары оқу орындарына түсетін керінеді.

Бүгінде американдық студентгердің 78 пайызы қоғамдық яғни, мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алуда. Ал, жеке меншік оқу орындарында 22 пайызы қамтылған.

Орта мектептердегі мүғалімдердің еңбек ақысы бір жылға шаққанда 34 мың долларды қүрайды. Ал, бүл көрсеткіш Нью-Йорк секілді ірі қалаларда 43700 доллар екен.

Американдықтар бала оқытуды 3 жасынан басталады деп есептейді. Үш жасар бала яслиден бастап, қарапайым түрде қоршаған ортамен танысып, көзқарасы қалыптаса бастайды дейді. Кейін бала бақшада жалғастырылады. Алты жасынан бастап орта мектептің 1-шы сыныбынан жалпы білім алуды бастап, 12 жыл оқиды. Бүдан әрі 18 жасқа жеткен жас американдық қаласа оқуын жалғастырады, немесе жұмысқа орналасады. Мүның қай-қайсысына да толық  мүмкіндік бар.

АҚШ-тың 50 штатында оқу бітірушілерге беретін өзіндік жеке үлгідегі сертификат, дипломдары болады екен. Емтихан тапсыру тәртіптерінің біздегіден соншалықты көп өзгешелігі жоқ секілді.

Жоғары білім беруде де, ғылыми мамандар даярлауда да айырмашылықтар аздау. Бірақ, кандидаттық диссертация жазып, ғылыми атақ алмайды. Магистрлық білім алғаннан кейін тура докторонтураға түсе алады. Сондықтан тек докторлық диссертация ғана жазылады.

Студенттердің білімін бағалағанда өте жақсыны – А, жақсыны “А+”, канағаттанарлықты “А-“, қанағатсызды – “Ғ’ деп белгілейді екен.    Жоғары білім   алу    міндетті түрде    ақылы. Оның    көлемі бакалаврлық білім үшін бір жылға 16 мың доллар. Бұл американдықтар үшін аса қымбат та емес. Сонымен қатар мемлекет оларды оқулықпен, жатар орынмен, стипендиямен қамтамасыз етеді. Оның сыртында үкіметтік әртүрлі қолдау-демеулер, гранттар да бар көрінеді. Қысқасы, білімге, дарынға шын мәнінде мемлекеггік қолдау да, үкіметгік қамқорлық   та бар…

Сәрсенбі күнгі жүмысымызды Ұлттық қауіпсіздік архивінен бастадық. “Азат ақпарат” жобасының директоры Уильям Ферроджиаро мырзаның айтуынша, біз мұнда келген Қазақстанның түңғыш өкілдері екенбіз. Бүл архив үкіметгік емес және коммерциямен айналыспайтын мекеме екен. Басты миссиясы -ақпараттық бостандықты қамтамасыз ету. Ұйымның 15 жылдық тарихы бар екен. Тарихи шындықты қалпына келтіруге атсалысатын, құпия дерек, ақпараттарды ашуды, халыққа жария етуді көздейтін бұл мекеме АҚШ орталық барлау басқармасының жабық істері туралы жеке кітап әзірлеп бастырыпты.

-Бірер құпия деректің ашық жариялануының өзі саясатқа үлкен ықпал етеді. Үкіметтің ішкі саясатының астарын халықтың біліп отыруы оның дұрыс бағыт алуына жәрдемін тигізеді. Біз саяси дағдарыстардың ішкі сырларын ашып отырамыз. Еліміздің сыртқы саясатгағы қадамдарын бақылап, нәтижесін Конгреске хабарлаймыз. Себебі, Конгресс Конституциялық қүқығын ақпаратсыз жүзеге асыруы мүмкін емес қой – дейді Уильям мырза. 

Ұлттық қауіпсіздік архив деп аталатын бұл мекеменің тағы бір міндеті – бүқаралық ақпарат құралдарын сенімді ақпараттармен, деректермен қамтамасыз ету екен. Сонымен қатар халықаралық қатынастың, мемлекеттік басқару саласының ғылыми-зерттеу институты ретінде де қалыптасып отыр. Онда АҚШ мемлекетінің сан алуан құнды құжаттарының мұрағаты мен жеке бай кітапханасы бар. Үкіметтен дотация алмайтын бұл мекеменің бюджеттік қоры 1,5 миллион долларды құрайды екен. Шығарған кітаптары, жариялаған мақалалары және жеке түлғалардың, қайырымдылық қорлардың көмектері олардың табыстарына көп қолғабыс болады дейді.

-Ақпаратгы еркін алу, оны ешбір кедергісіз тарату мүмкіндік әрбір елде толық жасалуы керек. Онсыз демократия да, азат баспасөз де жоқ – дегенді де әріптесіміз Уильям ерекше атап көрсетті. 1999 жылы жапондар ақпарат алу еркіндігі туралы заң қабылдаған-ды. Расында, журналист үшін ақпараттан қымбат не бар?! Ақпаратсыз ешбір  мақала дүниеге келмейді.

Қай елде болсын үкіметтік қызметтегілер мемлекеттік құпия дегенді желеу етіп, өз істерін халықтан жасырғысы келіп тұратыны да өмір шындығы. Ал, американдық әріптестеріміз өздерінің қажыр-қайраттарына сүйене отырып, шенеуніктердің өз ісін құпиялауына тосқауыл қоя алады екен. Сол арқылы олар үкіметтік аппараттағылардың бюрократгыққа ұрынуларына шектеу қоя алады.

Американдық әріптестеріміздің қандай бір деректің мәнін ашуда, нендей бір мәселенің байыбына баруда бастан аяқ өздері кірісіп, терең зерттеп нәтижеге жететіндері үлгі аларлық жайт екен. Ал, бізде болса көбінесе лауазым иелерінің сөзіне еріп, ығына жығылу, шенеуніктердің жетегінде кету әдетке айналған.

АҚШ журналистері үкіметтік мекемелердің өздерін істі құпияламауына мәжбүр етеді екен. Егер журналистің ақпарат алу мүддесі шектелген жағдайда олар дереу сотқа жүгінеді. Сот қашан да істі журналистердің, баспасөздің пайдасына шешеді екен. Себебі, күні бүгінге дейін америка журналистикасының тарихында баспасөз өкілдерінің, журналистер қауымының арасында шындықты бұрмалаған, өз кәсібіне опасыздық жасаған бірде бір оқиға кездеспеген.  Шын мәніндегі төртінші билік осындай болса керек.

АҚШ-та бүгінге дейін мемлекеттік құпия туралы да, баспасөз жайында да жеке заңдар жоқ. Бірақ, солай екен деп бүлініп, күйреген де ешнәрсе байқалмайды.

Түстен кейін АҚШ қоғамдық телерадио корпорациясының президенті Роберт Кунрад мырзаның қабылдауында болдық. Президенттің айтуына зер салсақ, әлемде мұндай корпорация жоқ екен. Олар хабар жүргізуде дербестік сақтағандарымен федералдық үкімет тарапынан қаржыландырылады. Корпорация 1967 жылы Конгрестің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда елдегі барлық телерадио компанияларға бағдарламалық қызмет көрсетумен қатар біліктіліктерін жетілдірулеріне көмектеседі. Сонымен қатар қаржы жағынан да қолдау көрсете алады екен.

      – Біз телерадио компаниялардың табыс табу үшін жарнама көбейтуіне тосқауыл жасамаймыз. Бірақ, керермендердің мүддесін ешқашан аяққа таптауға жол бермейміз. Айталық, қоғамдық теледидарлар үшін жарнаманың мөлшері үш секундтан аспауы керек – дейді Роберт мырза.

1993 жылғы мәлімет бойынша Қүрама Штат аумағында 11 мың 500 радиостанция жұмыс істейді деген дерек бар екен. Олардың 1600-і коммерциялық емес, яғни, жарнамалық қызметпен айналыспайтын тек қана жаңалықтар, танымдық талдау-сараптама материалдар таратумен шұғылданады. Мұны олар қоғамдық, ағарту радиостанциялар деп атайтын көрінеді. Бұлардың дені университеттер, колледждердің студиялары арқылы эфирге шығады екен. Осындай телевизиялар да бар. Өз бегімен пайда таба алмайтын яғни, шығынмен жұмыс істейтін телерадио орындары қаржыны қайдан алады? – деген сұрақтың тууы заңды. Бұл сұрағымызға корпорация президенті Роберт Кунрад мырза:

-Оларға көбінесе, қоғамдық қорлар, жеке меншік ұйымдар демеушілік жасап және қалалық, аймақтык, федеральдық қаржы көздері көмек көрсетіп отырады. Сонымен бірге өздері әртүрлі байқауларға қатысып, гранттар жеңіп алады, – деп жауап берді.

Қазіргі таңда Америкада 13 мың әртүрлі телестанциялар өз хабарларын эфирге шығарады. Бірақ, олардың ешқайсысы бір біріне ұқсамайды. Әрбір 10 мың тұрғыны бар елді мекенде міндетті түрде екі радиостанция құрылып, жұмыс істейді екен. Радиохабардың жалпы тақырыбы: фермерлерге арналған жергілікті жаңалықтар мен материалдар, ауа райының болжамы, ауданға қатынайтын жолдың жай-күйі, қалалық кеңес жиналысы туралы, діни орындардағы жаңалықтар, спорт шолулары т.с.с. Мысалы, Кентукки штатының Луисвилл қаласында жергілікті 17 радиостанция және 9 телекомпания бар екен. Осыларда 270 мыңға жуық адам жұмыс істейді деген деректі кездестірдік. Бізше болғанда бұл жай ауылдық елді мекендегі, немесе аудан орталығындағы жағдай ғой.

Ал, оның сыртында Эй-Би-Си (Американ бродкастинг компани), Си-Би-Эс (Каламбиа брокастинг систем), Эн-Би-Си (Нэшнл бродкастинг компани) және жаңалықтар комбинаты аталатын Си-Эн-Эн, Фокус секілді ірі корпорациялардың да толып жатқанын есепке алсақ, журналист деген мамандыктың бұл елде қаншалықты сұранысқа ие екендігін болжауға болады. Жұмыс орнының осыншама көптігі олардың ешқашан жерде қалмайтындықтарына шынайы кепілдік болса керек.

Түстен кейін жұмысымыз “Азат баспасөз үшін” деп аталатын тілшілер комитетінде жалғасты. Мұнда комитеггің заңдық қорғау жөніндегі кеңесінің директоры Грегг Лесли мырзамен жолығып әңгімелестік.                                                         .

-Журналистердің құқығын қорғау мәселесі қашан да күн төртібінен түскен емес. Бірнеше ғасырлық тарихы бар Америка журналистикасының қазіргі өмірінде де осы мәселе көкейтесті проблемалардың бірі –   деп бастады, ол   өз әңгімесін. Комитеттің негізгі мақсаты – сөз бостандығына жанашыр болу екен. Демократия мен сөз бостандығының байырғы дәстүрі бар Америка сынды дамыған елдерде бұл жөнінде ешқандай проблема болмайтын шығар деген ойымыз бекер болып шықты. Бұқаралық ақпарат құралдары үнемі біреулермен дауласып, соттасып жүреді дейді. Мұның дәлелі ретінде ол ай сайын шығарылатын журналдарындағы кұқықтық шолуларын көрсетті.

Жалпы АҚШ өкіметі бүқаралық ақпарат құралдарын сыйлайды және онымен санасады. Үкімет пен баспасөз арасында түсіністік те, бітімгершілік те бар. Дегенмен, белгілі бір телехабардан кейін, немесе газет жарияланымынан соң қандай бір деректің төңірегінде дау туындамай тұрмайтыны әдеттегі жағдай іспетті. Осындай кезде комитет іске еріксіз араласады екен. Онда да сотта жеңімпаз болу басты мәселе емес, ең негізгісі, журналистің адалдығын елге паш ету дейді. Ерекше, айтар бір жайт, бұл комитет журналистерді, баспасөз мекемелерін заң алдында қорғағандары үшін ешкімнен ақы-қақы алмайды екен. “Нью-Йорк таймс” секілді азулы газеттердің өзін сот алдында “аман” алып қалғаңдықтары туралы ресми мәліметтер журнал шолуларында кездеседі. Сонымен қатар комитет АҚШ Конгресіне, ғылыми-зерттеу орындарға, мемлекеттік мекемелерге кәсіби кеңес беріп тұруды дәстүрге айналдырған. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарын да заңдық-құкықтық анықтама, материалдармен қамтамасыз етіп отырады.

Америкада үкіметгік емес үйымдардың қаншалықты белсенді жұмыс істейтіндігін және олардың беделдерінің аса зор екендігін бір ғана аталмыш комитеттің өзі кімге болса да айқын көрсете алары хақ.

-Журналистика факультетін бітіріп келген жас журналист  ешқашан  газеттің жұмысын бірден алып кете алмайды. Сондықтан біз оларды жұмыс барысында оқытып, үйретіп отырамыз. Бұл “Вашингтон пост” газетінің оқыту саласының үйлестірушісі Айвонн Лэмб ханымның сөзі.

Иә, бұл – журналистердің арасында аңызға айналған, аты айдай әлемге мәшһүр журналист атаулының бір көруді армандауға тұрарлық керемет те, құдіретті газеті, атақты – “ВАШИНГТОН ПОСТ”! АҚШ-тың 6500 каласында күнделікті шығатын 10 мың түрлі газеттердің бірегейі де, белсендісі де, маңдай алдысы да осы басылым. Күн сайын 60 миллион дана әртүрлі газеттердің кезекті сандарымен кауышатын   осынау алып елде   күллі басылымдар арасынан суырылып шығып, эор беделге ие болудың қаншалықты қиын екендігі айтпаса да түсінікті. Соның ішінде “Вашингтон пост” -сапалы газеттердің дүлдүлі болып табылады. 800 тілшісі бар күнделікті газеттің редакциясы бүкіл бір ғимаратты түгелдей алып жатыр. Тілшілердің өзара әйнекпен бөлшектенген жеке кабина-бөлмелерде отырып, жұмыс істеп жатқандарын көрдік. Әрқайсысында жеке компьютер, факс, ұялы байланыстағы телсфон, қысқасы “бес каруы” сай.

Жұмыс орындары кең, жарық әрі жайлы. Редакторлар кең залдың қабырға тұстарында жеке кабинеттерде отырады екен. Барлығы бас алмай жұмыс істейді. Түскі шай уақытында да газет редакторлары мен тілшілері тамақтана отырып-ақ, көптеген мәселелерді шешіп жатқанын көрдік. Кезекгі санға баратын материалдарды талқылап жатыр, мақала, хабарлардың қалай өңделу қажет екендігін, нені өзгерту, жаңарту керектігін кеңесіп, акылдасып, енді бірі тапсырма алса, тағы бірі жолсапардан тауып қайтқан ақпараттарын ұсынып, қалай жазу жөнінде бағыт-бағдар алып дегендей бәрі “қызыл танау”. Қай уақытта, қайда болсын шығармашылық іскерлік өңгімеден өзге оғаш әрекет байқалмайды. Біздің жақтағыдай шахмат ойнап, темекі будақтатып немесе арақ ішіп дегендей іштері пысып жүрген газетшілер онда жоқ.

“Вашингтон пост” газетінде жақсы жазатын журналистердің жалақысын өсіріп отыратан үрдіс бар екен. Оқу бітіргеніне үш жыл болған журналист тартымды мақалаларымен көзге түсіп, дарындылығын мойындатса, оның еңбек стажының аздығына, лауазымының қатардағы атқарушы қызметкер екендігіне қарамай-ақ жалақысын бас редактордың айлығынан да жоғары етіп тағайындайтын көрінеді. Газеттің тірегі тілші екендігін мойындағандықтан және шын дарын иелерін дер кезінде қолдап, көтермелеудің тамаша үлгісі осы болса керек.

Күнделікті көп бетпен шығатын ірі таралымдық газетте штаттың да молдығына қарамастан жұмысы да қауырт екендігі әр қадам сайын көрініп тұрды. Тілшілердің арасындағы ең үлкен бәсеке жазған материалын бірінші бетке жариялату екен. Онда жарық көретін жарияланымдар таңертеңнен кешке дейін қаралып, сұрыпталады да, сағат 18.00-де бас редактордың қолына тиеді. Бас редактор негізінен осы бірінші бетке шығатын материалдарды ғана оқитын көрінеді. Және оған қойылатын талап та өте жоғары. Оны бас редактордан өзгелері түстен кейін жиналып, сұрыптаудан өткізген болуға  тиіс.   Сондықтан тұла бойында  ешбір міні жоқ, таңдаулы материалдар ғана бас редактордың сүзгісінен өте алады екен. Тілшінің материалы неғүрлым бірінші бетке көбірек жарияланса, оның беделі де, жалақысы да солғұрлым өсіп отыруы бұлжымас заңдылыққа айналған.

Газет аптаның әрбір күнін жеке-жеке тақырыптарға арнайды екен. Мысалы, жұма күнгі санда өнер сындарына көбірек орын берсе, дүйсенбіде бизнес, сейсенбіде денсаулық, сенбіде жылжымайтын мүліктердің сауда-саттығы, жексенбіде көзқарастар, кітап әлемі т.с.с.

Айвонн Лэмб ханымның айтуынша, газет қызметкерлерін жұмыстан қол үзбей отырып, сол еңбек майданында оқытып, кәсіби біліктіліктерін жетілдірудің маңызы өте зор. Себебі журналист қашан да бәрінен озық тұруға тиіс.

Осылайша өз редакцияларында қызметкерлерін оқытып жатқан әріптестерімізден үйренер істің көптігін көңілге түйіп шыққан соң келесі табан тіреген жеріміз шет елдік журналистердің білімдерін жетілдіретін шаңырақ болып шықты.

Халықаралық журналистер орталығы (ICFJ) деп аталатын бүл ұйым 1984 жылдан бері әлемнің 170 елінің 12 мың журналисін қабылдап, оқытқан екен. Орталықтың басты мақсатының өзі кәсіби шеберлікке бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру, қоғамдық аса маңызды проблемаларды талқылау. Сонымен қатар әртүрлі оқыту семинарлар, шеберлік тәжірибе алмасулар, ғылыми конференциялар өткізіп, алуан түрлі кеңестер беру қызмет түрлерін ұсынады екен. Қазіргі таңда осы жан-жақты іскерліктері аркылы әлемдік деңгейде мойындалып отыр. Таяуда ғана Ресейден 20, Албаниядан 7 журналист келіп бір апталық стажировкадан өтіп қайтыпты.

Түстен кейін Фридом Форум, яғни, Бостандық форумы деп аталатын мекемеде болдық. Бұл ұйым – журналистерге білім беретін орындарды қаржыландыратын АҚШ-тағы ірі қорлардың бірі болып саналады екен. Олар БАҚ-та жұмыс істейтін қызметкерлердің білімін арттыруларына көмектеседі және әлемде азат баспасөзді, сөз бостандығын, ой еркіндігін қалыптастыруды өзінің басты миссиясы санайды, сол үшін арнайы іс шаралар жүргізеді.

– Алғаш баспасөз пайда болған кезден бастап оның бостандығы  туралы мәселе де көтерілгені тарихтан мәлім. АҚШ өз тарихында баспасөз туралы заң қабылдаған емес, үкіметгік БАҚ деген де бізде атымен жоқ,   болмайды да.   Журналистер тек Конституцияға ғана бағынады. Жарты миллион дана таралыммен шығатын газеттер қазіргі таңда АҚШ басылымдарының 80 пайызын кұрап отыр.

Бүгінгі американ газеттері сапалық ілгерілеулер жасауға жаппай бет алып, шынайы ақпарат үшін бәсекелесетін, салмақты-салиқалы жарияланымдарымен оқырмандарын баурауды мақтаныш ететін деңгейге жеткен. Біздің қордың негізін 1935 жылы баспасөз магнаты Ганнет қалаған – деді Фридом Форумның БАҚ істері жөніндегі  кеңесшісі Джин Мейтер мырза.

Айналымда бір миллиард қаржысы бар форум әлемнің көптеген елдерінде өзінің салалық бөлімдерін ашыпты. Олар журналистерді оқыту ісімен тікелей өздері айналыспаса да кәсіби білім беретін, біліктілік жетілдіретін институт, оқу орындарына демеушілік жасайды, қаржыландырады.

Біздің танысымыз Дж.Мейтер мырза АҚШ-тың және шет елдің көптеген баспасөз жөне электронды бұқаралық акпарат құралдарымен іскерлік байланыс орнатқан тәжірибелі маман екен. Форумның бас корпусы Вашингтонның іргесіндегі Виржиния штатының Арлингтон қаласында орналасқан. Бірақ, мұны өзге қала екен деп сезіне алмайсың. Себебі бөлектеніп жатқан жері жоқ, қаланың ішінде жүріп-ақ жетіп бара саласың. Тек қана ғимараттарының өте биік салынғандығынан оны өзге қала екендігін білуге болатын жайы бар.

Форумның Ньюзеум деген жаңалықтар музейі бар екен. Кездесуден соң соны көріп тамашаладық. Мұнда газет, журнал, телевизия, радио, баспа өндірісінің күллі тарихын қамтыған сан алуан экспонаттарды көруге болады. Сонымен қатар күнделікті жаңалықтарды қабырғада орнатылған ірі эқран арқылы көріп тамашаладық. Музейдің ең құнды экспонаттары, рухани құндылықтар ретінде олар 1776 жылы жарық көрген “Пенсильвания ивнинг пост” газетінің кезекті сандарын, Төуелсіздік тұғырнамасының нұсқасын және Гутенбергтің басып шығарған Библиясын көрсетті.

Рухани құндылық демекші біз осы күні таңертеңгілік Вашингтондағы Ислам мәдени орталығында болдық. Тамаша мешіт бар екен. Медреседе шәкірттер оқып жатыр. Түрік молда аруақтарға бағыштап аят оқып берді. Мешіггі және орталықты мұсылман елдерінің ортақ қаражатымен бой түзеген дейді. Ғимараттың ауласында ислам елдерінің байрақтары тігіліпті.

Ақпанның 16-сы күні таңертең Виржиния штатының Рестон қаласына қарай аттандық. Вашингтонның   шетіне шыққан соң тау жолымен өрледік те бір сағатган астам жол жүріп межелі жерге жеттік. Тау ішінің табиғаты тамылжып-ақ тұр. Жаңбыр сіркіреп тұрса да, күн онша салқын емес. Бұл шағын сапарымыздың мақсаты -сондағы Дүниежүзілік баспасөз бостандығы комитетінің бас штабына   бару.

Комитетті Фридом Хаус деп атайтынынан бұрыннан хабардармыз. Бізді комитеттің атқарушы директоры Мэрилин Грин ханым қабылдады. Еуропа, Азия, Африка, Америка елдерін, яғни бүкіл әлемді камтыған жер картасын Фридом Хаус өзі жасаған екен, алдымен әңгіме картамен танысудан басталды. Онда қай елде баспасөз бостандығы қандай деңгейде дегенді әртүрлі түстерге бояп көрсеткен. Мысалы, көгілдір түске боялып көрсетілген елде баспасөз бостандығы түгелдей бар деген сөз. Ал, ол – қызыл түспен көрсетілсе, онда сөз бостандығы атымен жоқ. Қызғылт, сұрғылт өң-араласқан болса, жартылай ғана бостандықта екен.

Көзіміз аддымен Азияға түсті. Қып-қызыл түске боялған Қытай Халық Республикасы, сосын, жартылай кызыл шырайлы Ресей Федерациясы тұр. Өз еліміз Қазақстан да Қытай түстес қызылмен белгіленііггі. Осы алыптардың ортасында кішкентай ғана болып, көгілдір түске түгелдей “оранған” Моңғолия көзге оттай басылады. Бүған қалай дау айта аласың?!   Айналамызды жақсы білеміз ғой.

Моңғолияның баспасөзі еркіндік алғалы қашан. Оған кезінде өзімнің де қосқан үлесім бар. 1989 жылы басталған демократиялық қозғалыстың ең алғашқы жиынының басы-қасында болдым. Кейін осы ұлы дүбірге сан жүздеген мақалаларым арқылы үлес қосып, елге танылдым, құрметке бөлендім. Күні бүгінге дейін Моңғолияның газет, журналдарын үзбей оқып, көзімді ашып келемін десем артық айтқандық емес. Сондықтан бұл картаны өзгелер калай қабылдағанын қайдан білейін, өз басым шындық екендігіне шүбә келтірген жоқпын. Мэрилин Грин ханум айтады:

– Баспасөз бостандығы деген сөзге үрке қарайтындар әлі де көп. Әсіресе, кеше ғана тоталитарлық режимнің бұғауынан шыққан елдердің басшылары тіпті ат-тондарын ала қашады. Олар әртүрлі уәж айтып та жатады, біз әлі жас елміз, халқымыз демократияға, сөз бостандығына даяр емес т.с.с. Мұның бәрі айналып келгенде бос сөз. Сөз бостандығынан болып мемлекетке тиетін ешбір залал жоқ. Керісінше, пайдасы орасан зор. Қоғамды сауықтырудың жолы сөз бостандығын, ой ерюндігін өрістету. Ал, халықты демократияға әзір емес деу – тіпті жалған, мұны жала десе де болғандай. Өйтіп көпке топырақ шашуға болмайды. Халық ақымақ емес, бәрін біледі.

Бүған да алып, қосар не бар? Бәрі шындық екенін мойындауға тура келеді. Оларда біздің еліміздегі баспасөз жөнінде де нақты ақпараттар бар.

Баспасөз бостаңдығының дүниежүзілік комитеті (WPFC) өзінің 44 cалалық мекемелері арқылы бүкіл өлемде баспасөз еркіндігі мен азаттығының салтанат құруын қамтамасыз етуді көздейтін ұйым 5олып табылады. Негізгі қызметтері баспасөз бостандығының принциптерін үйлестіру, қажетті кездерде арнайы шешім шығарып жүзеге асыру және мониторинг құру. Сонымен қатар практикалық бағдарламаларға тікелей көмек көрсетеді. Комитет баспасөз бостандығы мен журналистер қүқығын қорғағанда ЮНЕСКО, БҰҰ, ЕЫҚҰ, Еуропалық Одақ және өзге де халықаралық форумдарымен өз ісін ұштастырады.

Комитетте “Цензураға қарсы қор” деген бар. Олар баспасөз бостандығы үшін күресушілерге, ресми үкімет тарапынан қысым көрген, қуғын-сүргінге ұшыраған бұқаралық ақпарат құралдарына грант бөледі, заңдық қолдау, қаржылық көмек береді. Баспасөз бостандығы үшін іс қимыл жүргізіп жатқан ұйымдармен бірлесіп акциялар  ұйымдастырады.

Сондай-ақ, осы комитеттің 1987 жылы қабылданған баспасөз бостандығының хартиясы бар. Онда баспасөз бостандығының жалпыға ортақ принциптері көрсетілген. Аталмыш хартия – әлем елдерінің журналистері ұйымдарынан, ЕЫҚҰ, Б¥Ү, ЮНЕСКО тарапынан жоғары бағаланып, ресми қолдау тапқан екен.

Әңгімеміз келесі кезекте Газет редакторларының американдық қоғамында жалғасын тапты. “Журналистикалық білім беру” жобасының директоры Кристал Ульямс ханым:

– Негізгі мақсатымыз газет редакторларына тың ойлар, жаңа идеялар ұсынып, шығармашылық жұмыстарына соны сілкініс жасауларына ықпал ету болып табылады. Сонымен қатар олардың мүдделерін қорғау да басты назарда болады. Біз ұйымдастырған конференцияларға АҚШ, Канада, Мексика елдерінің елбасылары шақырылып қатыстырылады. Бұл үрдіс дәстүрге айналған. Алдағы конференцияға АҚШ президенті Жорж Буш қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, оқыту, білім беру бағдарламаларымыз да бар. Оған жас журналистер, осы мамандықты қалаған орта мектеп оқушылары қамтылады. Америка университетгерінде журнализм саласы бойынша дәріс беретін оқытушы, лекторлар да осында стажировкадан өтеді – деді.

Газет редакгорларының американдық қоғамы (ASNE) журналистердің           шеберліктер3y     шындауға,      журналистика қүндылықтарын қорғауға, осы салада болып жатқан өзгерістер мен жаңа технологияларды талдап-сараптауға істерін жұмылдырып отырған тағы бір беделді ұйымдардың бірі екен. Газет ісі шығармашылық жұмыс болғандықтан оның әрдайым жаңарып, өзгеріп, тез дамып отыратыны әркімге аян. Сондықтан олар шет елдік әріптестерімен де тығыз байланыс орнатып, үнемі ақпарат алмасып отыруды жолға қойыпты.

Осындай ұйымдардың біздің ел үшін де аса қажет екені дәлелдеуді қажет етпесі анық. Қазір шын мөнінде Қазақстан Журналистер Одағының өзінің бар-жоғын сезіне бермейміз. Осының өзі бір ғана ұйымның жеткіліксіз екендігін тайға таңба басқандай көрсетіп тұр.  .

Бүкіл әлемге аты мәшһүр «Америка даусы» (ҮОА) халықаралық радиостанциясында бізді сыртқы қатынастар бөлімінің бастығы Жорж Маккензи мырза қабылдап, әртүрлі тілдерде хабар жүргізетін студияларды аралатып таныстырды. Өзбек тілі редакциясы бізді кәдімгі туыс, бауыр ретінде қарсы алып, емен-жарқын өңгімелесіп жатты. Сонымен қатар мұнда таяуда қырғыз редакциясы да ашылып, жұмыс істей бастаған көрінеді.

Радиостанцияны Америка үкіметі қаржыландырады екен. Күнделікті жаңалықтарға қойылатын басты талап – объективтілік пен нактылық. Редакция материалдары өзекті проблемаларды көтергенде АҚШ үкіметінің саясатын ұстанатынын, ел мемлекетінің көзқарасын білдіретінін әріптестеріміз жасырған жоқ.

Қазіргі танда «Америка дауысы» шет елдік миллиондаған тыңдаушыларға ағылшын тілін үйретуді қолға алып арнайы бағдарлама жүргізетін болыпты. Әлем тілдері редакцияларын аралап жүргенде өз елімізде өгейлік керген қазақ тілінің мұнда әлі жете қоймағанына көз жеткізіп, қынжылдық.

Ең соңында бізді радиостанцияның орыс тілі редакциясының редакторы Лиза Борисова қабылдады. Өзгелермен салыстырғанда бұл редакция өз үйің секілді сезіледі екен. Еркін сөйлесіп, қысылып-қымтарылмай еркінсіп бір жасап қалғандай болдық. Орыс тілді сапарластарымыз жылап жіберудің сәл алдында болды.

– Кеңес Одағы тарағаннан кейін 1949 жылдан бергі дәстүрлі хабарымызға біршама өзгерістер енді. Әжептәуір штат қысқартулар да болды. Дегенмен, қазір редакциямызда 40 адам жұмыс істейміз. Жаңалықтар бойынша күнделікті эфирге шығамыз. Ақпараттарды ағылшын тілі бөлімі жинақтайды, біз одан қажетгі делінген жаңалықтарды тәржімалап аламыз. Мәскеуде бюромыз жұмыс істейді – дей келіп Лиза Борисова ханым редакциясының тыныс-тіршілігімен толық таныстырып шықты.

Жұмыс күнінің соңына қарай Гарвард университетінің Вашингтондағы ғылыми-зерттеу орталығына келдік. Бұнын ресми атауы – Жоан Шоренстайн атындағы Баспасөз, саясат және мемлекеттік қызмет істерін зерттеу орталығы екен. Олар осы бағыт бойынша теориялық, практикалық жұмыстармен шұғылданатын көрінеді. Орталықтың атқарушы директоры Марвин Калб:

-Журнализм – қай елде болсын үкіметтен толық дербес тұруға тиіс. Сол сияқты біздің орталық та үкіметтік емес мекеме, яғни таза ғылыми-зерттеу жұмыспен ғана айналысамыз. Алғашқыда біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесін тұтынатындардың болатынына күмәнді едік. Жоғары оқу орындарына, колледждерге, мектептерге оның аса қажет екені кейін белгілі болды – дейді.

Орталықтың негізгі мақсаты – демократиялық қоғамда баспасөздің рөлі арта түсетіндігін дәлелдеу, академиялық зерттеу мен БАҚ-дағы журналистердің арасына дәнекер болу екен. Өз істерінің бағыттары бойынша ғылыми конференциялар, пікірталастық жиын, мәжілістер өткізіп тұратын көрінеді.

Орталықтың басшысы, әріптесіміз Марвин Калбке келсек, журналистика саласында 30 жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Мәліметтер бойынша, ол кісінің дипломатиялық журналистикаға көп еңбегі сіңген. Айталық, Би-Би-Эс ньюс, Эн-Би-Си ньюс және «Баспасөзбен бетпе-бет» телехабарда жетекші дипломат тілші, жүргізуші-тілші сияқты қызметтерді абыроймен атқарғаны үшін дипломатиялық журналистика саласы бойынша көптеген сыйлықтардың иегері атаныпты. Ол Нью-Йорк қалалық колледжін бітіргеннен кейін магистрлік дәрежені гуманитарлық ғылымдар бойынша алған. Кейін көп кешікпей Гарвард университетінде орыс тарихы бойынша докторлық диссертациясын қорғаған екен.

1994 жьлы мемлекеттік департамент атынан Мәскеудегі дипломатиялық қызметке тағайындалыпты. Ол екі романның және «Никсонның меморандумы» деген деректі-публицистикалық кітаптың авторы. Осымен біздің Вашингтондағы ресми кездесулеріміз бен жоспарланған жұмыстарымыз аяқталған еді.

Ақпанның 17-сі, яғни сенбі күні қолымыз бос болды. Сапарлас әрі бұрыннан ҚарМУ-де бірге істеген әріптес аға Зақаң екеуіміз таңертең бірге шығып Вашингтонды өз бетімізше аралауға кірістік. Алдымен Жоржтаунға бардық. Америка астанасының ежелгі орталығы көздің жауын аларлық тамаша жер екен. Моңғолияның елшішгіне бардық. Жұмыс күні болмағандықтан күзетшіден өзге ешкім болмады. Сол маңдағы мәдени орындар мен дүкендерді аралап, одан соң Қазақстан елшілігіне ат басын тіредік.

Бас консул Берік Садықов бізді бұрыннан таныс адамдар ретінде жылы қабылдап, елшілік ғимаратын аралатгы. Ел-жердің салтын, жағдайын сұрасып, әңгімелестік.

Түс мезетінде сәл тынығып алдық та, тағы да қала аралап қыдыруға кірістік. Кешкісін Зақаң екеуіміз қытай мейрамханасына жайланып отырып, Вашингтондағы соңғы күнімізді атап өттік. Мұндағы қытай мейрамханалары өзгелермен салыстырғанда едәуір арзан, тамақтары дәмді әрі мол екен. Орта есеппен сегіз долларға әбден тойып, тамақтануға болады.

Таңертең Зақаң екеуіміз біздің бөлмеде отырып, шай ішіп, тамақтанып алдық та жол жүруге дайындалдық. Даблтри мейманханасының қожайындарымен есеп айырысып, тоғыз күн жатқан жамбасақыға әрқайсымыз 1009 доллардан төлеп, қош айтыстық.

Сағат сегізде шофер да келіп жетгі, дереу әуежайға аттандық. Тіркеуден өтіп, жүк өткізіп болғанымызша үшаққа отырғызу да басталып кетті. Америка аспанында құстай самғап, Жаңа Орлеанға тартып келеміз. Төменде таулы-орманды сулы-нулы, өзенді-көлді тамылжыған табиғат көз  тартады…

             2. «МАЙЛЫ ЖЕКСЕНБІ» НЕМЕСЕ ДУМАНШЫЛ

                                            ЖАҢА ОРЛЕАН

Түс ауған мезетте Жаңа Орлеанға келдік. Күн жылы, шамамен +25 градус. Біздің орналасатын мейманханамыздың атауы – Мезон Сент-Чарльз Кволити Инн Энд Сьютс. Өте бір ғажап салынған құрылыс екен. Бар-жоғы үш қабат қана. Бірақ, бірнеше корпустары тағы бар. Мейманхана ауласында пальма тәрізді біз көрмеген әсем ағаштар өсіріліпті. Бассейні де бар. Қонақ үйдің бөлмелерінің кірер есіктері лодж тәрізді жасалған ұзын дәліздер арқылы аулаға қаратылған. Әр қабаттарға бір ғана сатымен шығасың да сол балкон секілді дәлізбен барып бөлмеге кіресің. Негізі қонақ үйден гөрі бұл ғимарат курортқа көбірек ұқсайды.

Зақаң екеуіміз бір бөлмеге орналастық. Екі кісілік бөлме кең әрі толық жабдықталған, негізінен үйдің жағдайына бейімделген өте жайлы.

Мейманхананың қарсы алдындағы үлкен даңғыл бойында керемет бір думанды той өтіп жатыр екен. Қала қозғалысы тоқтатылып, жол жабылған. Кең даңғылдың бойымен салтанатгы шерулер лек-легімен өтіп жатыр. Жасөспірімдер, әскери парад, үрлемелі аспаптар, барабанда ойнаған балалар және ұлттык киім киген қыздар, бишілер тобының неше түрлі шерулері өтеді. Олардьщ арасында ара-түра үлкен су кемесін бейнелеген арбаларды кейде аттарға, енді бірде тракторға жегіп өтеді де, арбаның үстіндегі сәнді киінген қыз-келіншекгер жолдың екі жақ жиегінде тұрған халыкқа моншақтан шашу шашады. Оны адамдар жерге түсірмей қағып алады екен. Кәдімгі қазақтың шашуы секілді. Біз де барып ортасына кіріп кеттік. Кейде жай қолыңды созсаң бітті, моншақтар келіп ілініп жатады. Мұны олар жақсылыққа балайды екен.

Шеру екі сағатқа созылды. Ел тарап, жан-жаққа кетіп жатты. Көшеде бір топ жастар гитараға қосылып ән шырқап келеді. Сол маңайдағы шайхана, мейрамханалардың бәрінде той тойлаған адамдар. Жұрттың бәрі көңілді. Біздің шет елдік қонақтар екенімізді білсе керек, қарсы кездескен жергілікті халық өкілдері ерекше ілтипат көрсетіп, міндетті түрде түрлі моншақтардан тарту-таралғы үсынады.

Бүл жергілікті халықтардың дәстүрлі «Майлы жексенбі» деген мерекесі екен. Ақпан айының әр аптасының соңында оны осылай тойлап, атап өтеді. Түп негізі байырғы үнділерден дәстүр болып қалған мейрам деседі. Мұны тек осы жаңа орлеандықтар ғана мерекелейтін көрінеді.

Көшедегі адамдардың жүріс-түрыстары, киім киістері Вашингтоннан өзгеше. Бұрын кинодан көрген көріністерді енді көзбен көріп жүрміз. Басында самбреро деп аталатын үлкен шляпасы бар, үзын қонышты етік киген, шаштары мен сақалдарын өсірген мексикандықтар, ұзын пиджак пен дөп-дөңгелек бас киімдері бар француздар жазғы дәмханаларда аяқтарын бір-бір орындыққа асып қойып, шіреніп шарап ішіп отыр.

Тарихи деректерге жүгінсек, Жаңа Орлеан қаласы 18-ғасырда француздардың Америка территориясындағы астанасы болыпты. 1763 жылы испандықтардың қолында болған қала кейін 1800 жылы қайтадан француздар иелігіне тиген екен. Мұнда тарихтың осындай алма кезек өткелдерінің нәтижесінде француздық және испандық салт-санаға негізделген ерекше мәденит қалыптасқан. 1803 жылы Наполеон Жаңа Орлеанды түгелдей Құрама Штаттың Луизиана штатына   сатыпты. Қаланың қысқа тарихы осындай екен.

Қазір қала түрғындарының саны 496938. Олар қала маңындағы елді мекендерді қосқанда бір миллионнан сәл асады дейді. Жаңа Орлеанның айналасы Миссисипи деген алып өзен мен Поншартрен атты үлкен көлмен қоршалған. Ауа райы жылы әрі ылғалды болып келеді. Биіктігі теңіз деңгейімен бірдей.

Жаңа Орлеанның экономикасының негіздері: мұнай, туризм, су жолы, құрылыс салалары екен. Басқару жүйесі қалалық кеңес және мэр арқылы жүзеге асырылады. Қаланың бас газеті – «Таймс -Пикайнуне» деп аталады. Алты ірі университет бар. Қаланың сәулеттік ерекшеліктерінде француздық және испандық үлгілердің таңдаулы пішіндері сақталған.

Ақпанның 19-ында біздің Жаңа Орлеандағы жұмыс күніміз қаладағы БАҚ өкілдерімен өткізілген баспасөз мәслихатымен басталды. Оған шет елден келген өкілдер, яғни украиндық қонақтар да қатысты. Қазақстандық бесеуімізге кезекпен сөз берілді. Еліміз туралы, БАҚ  жай-күйі, қаламыз, университетгеріміз жайында қысқаша мағлұматтар бердік. Баспасөз мәслихатына келген журналистер біздің әңгімемізді тыңдай отырып, бутерброд жейді, печеньемен шай немесе кофе ішеді. Өздерінің салттары солай екен. Біздің әңгімеміз   аяқталғанша олардың тамақтанулары да бітті де сұрақ-жауап басталып кетті.   Әртүрлі   сұрақтарға кейде жеке-жеке, ара-тұра бірлесіп жауап беріп отырмыз.

-Біздегі еткен соңғы Президентгік сайлаудан соң сіздер американдықтар жайында қандай ойда қалдыңыздар? – деген бір оқыс сауалға өзілқой әрі тапқырлығы да бар Зарқын Сыздыкұлы:

-Біз американдықтарды Президентсіз-ақ өмір сүре апатын мықты халық ретінде мойындадық – деп жұлып алғандай жауап қатып, жұртты ду күлдірді. Олар күліп қана қойған жоқ, қол соғып ризашылық білдіріп жатты.

Украинадан келген қонақтардың арасынан бір әйел бізге Қазақстанда демократия жоқ, елбасыларың диктатор, сондықтан сөз бостандығы туралы айтып отырған әңгімелеріміздің бәріне күмәнді  дегендей сыңай танытып, қитұрқы сұрақ қойды. Оның да Зақаң жақсылап сыбағасын берді:

-Құрметті украиндық достар! Сіздер мұнда сыбайлас жемқорлықпен күресудегі іс-тәжірибелеріңізді американдық әріптестеріңізбен бөлісуге келген екенсіздер. Жаңа бұрынғы отандасым айтқандай, Украинаны мен де жақсы білемін. Онда күнделікті болып жатқан оқиғалардан да хабардармын. Күні бүгінге дейін әлі бір керемет сыбайлас жемқорды торға түсіргендеріңізді естімеппін. Шын сыбайлас жемқормен сіз өзіңіз бір кеңседе отыруыңыз да, тіпті бір үйде тұрып жатуыңыз да ғажап емес. Мұндай жағдайда сіздердің күрестеріңіз мүлдем жалған болып шығып жүрмесін! Ал, бізге келетін болсаңыз, Қазақстанның өзгеге ұқсамайтын өзіндік жолы бар, демократиясы бар. Сондай-ақ, сөз бостандығы да бар. Біздің Елбасымызды сіз кім деп атасаңыз да, бәрібір оны сайлаған біз ғой. Біз алда Конституциялық монархияны таңдайтын шығармыз. Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, бұл да дамудың жақсы жолы ғой – деп оның аузын жауып тастады. Американдықтар тағы да қол соғып, қошамет көрсетті. Осылайша Зақаң елдің намысын нағыз ер азамат ретінде абыроймен қорғап қалды. Отаншылдық сезім нақ осындай сын сағатга оянатындығын, ел намысын қорғаудың, өзгеге есемізді жібермеудің және дер кезінде тіпті қас кағым сәтте сөз таба білудің тамаша үлгісін осылайша Зақаң көрсетті.

Баспасөз мәслихаты аяқталғаннан кейін Жаңа Орлеанның халықаралық қатынастар кеңесінің президенті Альма Фултон, атқарушы директор Мэри Деннис, бағдарламаның бас маманы Розмари Фаулер, бағдарламаның үйлестірушісі Жулия Дэйси ханымдар   бізді   жеке   қабылдап,   түстенуге   дастархан      басына шақырған. Сол жерде де Зақаң жұртты қыран-топан күлкімен бір серпілтіп тастады. Ол былай болған еді.

Бізге қызмет көрсетіп жүрген нью-йорктық тілмаш Анатолий:

-Заха, мусульманцы еще что не потреблают кроме мясо свинина? – деп аяқ астынан сұрай қалып еді, дәл сол сәтге күшті газдалған суды зорға  ішіп отырған Зақаң:

-Сильная газированная вода, тоже не пиют – деп жай ғана айтып қалды. Сол-ақ екен, шай ішіп отырған әйелдер ду күліп қоя берді. Бір-екеуі ауыздарына толтырған кофелерін шашып та жіберді…

Түстен кейін Маргарет Рецушер деген қарт өжей бізді ертіп жүріп, қаланың тарихи ескерткіштерін көрсетті. Қайтар жолда әжейдің үйіне бардық. Ұлы екеуі бірге тұрады екен. Бір қабатты үйлердің арасында бізше болғанда әжептәуір қолы жеткендер ғана тұратын особняк. Біздегіден айырмашылығы, өрбір үйдің сыртын қоршаған қашаның және терезелерін қаптаған темір торлардың жоқтығы, сондай-ақ, ауланың ерекше тазалығы.

Өзін қарапайым әрі кедейлеу тұратын адаммын деп таныстырған Маргарет әжейдің үйі біздегі ірі байлардікінен де артықтау ма дерліктей. Алты бөлмелі үйдің дүние-мүліктері мен жиһаздарын айтпағанның өзінде интернет жүйесіне қосылған компьютерін, факс тағы басқаларының өзі неге тұрады.

Кешке бізді жергілікті университет профессорлары, бұрын біздің елімізде шығармашылық сапарда болған журналистер Стивен мен Марк деген өріптестеріміз қаланың бір. ресторанында қабылдап, қонақасы берді. Отырысымыз көңілді өтті. Стивен ақсақал мен біздің Зақаң екеуі жақсы тіл табысып, достасып кетті. Өйткені, екі профессордың өзілқойлықтары мен жалпы мінездері өте ұқсас болып шықты. Бірі атып, бірі қағып дегендей отырысымызды жайнатып жіберді.

Мейрамханадан қайтар жолда Стивен ақсақалдың үйіне соктық. Үйі екі қабатты коттедж екен. Ауласында бассейні бар, үйдің кескіні әсем, көрсе көз тоярлықтай. Профессордың зайыбы мен қызы туристік сапармен шетелге кетіпті. Бізді ұлы қарсы алды. Кофе іше отырып, үзақ әңгімелестік.

Ертеңінде Лойола университетінің журналистика факультетінде болдық. Журнализм профессоры Черри Александрдың пайымдауынша, БАҚ ешкімнің ықпалыңда болмай өз бетімен шындықты табуға қызмег ете алғанда ғана сөз бостандығы қамтамасыз етілді деп есептеуге болады. Қарапайым   азаматтардың Конституциялық құқықтарын жүзеге асыруларына баспасөз көмектесуге тиіс. Адамдардың жеке көзқарасына, тіпті оның жек көру құқығының өзі қорғалуы шарт екендігіне профессор назар аудартты. Мысал ретінде ол кісі әлдекімнің АҚШ байрағын отқа жағып тастауы мүмкін екенін тілге тиек етгі. Ол мүмкін нацист шығар, бірақ, қоғамда өмір сүруі тиіс қой, сондықтан көзқарасы үшін қуғындалмауы керек дейді. Барлық көзқарастарды құрметтеп, олардың бәріне төзімділікпен қарап, салмақты-салиқалы саясат ұстанғанда ғана соғыс қауіпі сейіледі дегенді профессор ерекше атап көрсетті. Қысқасы, журналистің ісіне қоғамнан ешбір кедергі жасалмауы қажет   екен.

Лойола университетіндегі бір ерекшелік, философия, саясаттану секілді гуманитарлық пәндерді студенттер өз қалаулары бойынша кейбірін таңдап оқиды. Ал, күқықтану, Конституциялық қүкық сияқты зандық пәндер өз мамандықтарымен бірдей тереңдетіліп оқытылатын көрінеді. Мамандықтың негізгі әрі жалпыға ортақ пәні ретінде журналистің жазу шеберлігі курсын атады. Сондай-ақ, паблик рилейшнз пәнін де негізгі курстардың бірі дегенді айтты.

Студенттер үшінші курстан бастап жарнама, баспасөз, радио-тележурналистика, фотожурналистика салаларының қайбірін өздері таңдап маманданады екен. Дінтану, имандылық пәндері бұл университет үшін міндетгі түрде жаппай оқытылатын көрінеді.

Университеттің өз газеті бар. Оны журналистика факультетінің студенттері ездері жауаптанып шығарады. Онда университет президентінен өзгенің бәрін сьнай алады деседі. Редакцияға оның шығармашылық тобынан өзге ешкімнің билігі жүрмейді, толықтай дербестігі сақталған көрінеді.

–      Оқу бітірген журналистерді жұмыспен қамтамасыз ету жағы қалай? деген сұрағымызға профессор Черри:

–      Журналистерді    жұмысқа орналастыратын арнайы мекеме бар. Олар қайда,    қандай сұраныс бар екендігін біліп отырады. Сонымен қатар редакциялар бос орындарға конкурстар жариялайды.
Сол   аркылы   да   орналасуларына   мүмкіндік   бар.   Жалпы   біздің
түлектеріміз жұмыссыз қалмайды – деп жауап берді.

–      Журналистика факультетінің студенттері үшін филологияның пәндері  қажет  емес   пе?   Біздің  жақта  негізінен   әдебиеттанудың базасында әзірлейді – деген сұрағымызға ол: -Біз үшін бұл түсініксіздеу жайт екен. Журнализм өзі дербес факультет болғаны жөн. Ал, өзге гуманитарлық факультетгердің базасында ашылып, жұмыс істеуі мүмкін де шығар. Ондай жағдайда, менің пікірімше заң-құқықтану немесе экономика факультеті өте оңтайлы болар еді. Бізде лингвистика саласы бойынша студенттер бірінші семестрде ғана стилистика пөнін оқиды. Бірақ, оның өзі журналистикаға негізделген. Ал, мақала жазу, редакторлау, жарнама мәтіндерін әзірлеу дегендер көркем әдебиет пен лингвистикаға жатқызылмайды, бұлар таза журнализм ғой – деді.

Профессор Черри мырзаның өңгімесінен кейін университеттің телестудиясын, газет редакциясын, өзге де арнайы жабдықталған дәрісханаларды аралап көрдік. Қай жерде де тазалық керемет-ақ. Университетгің дәліздеріне шейін қалың кілем-паластар төселген, студенттер сол коридордың өзінде жерге малдас құрып отырып сабақ оқып, әңгіме дүкенін құра береді екен.

Кезекті қоңыраудан соң профессор Альберт Лоренцтің «Халықаралық журналистика» пәні бойынша өткізілген сабағына қатыстық. Дәрісханада 15 студент отыр. Бөрі қыз балалар. Үшінші курстың студенттері екен, араларында Пәкістаннан, Латын Америка елдерінен келіп оқып жатқан шет елдік жастар да бар. Сабақ негізінен, бізбен кездесу түрінде өтгі. Әрқайсымыз жеке-жеке бес-он минуттай әңгіме айтып, өз оқу орындарымыз жөнінде мағлұмат бердік. Студенттер кезек-кезек сұрақ қойып жатты. Арасында өздерінің Қазақстан жайында естіген, білгендерін ортаға салып, ойларын да білдіріп қояды. Студенттердің белсенділіктері, сөйте тұра салмақты да ізеттіліктері өте жарасымды екен. Балалардың осал еместігін қойып отырған сүрақтарының өзінен аңғаруға болады. Мысалы, Қазақстан баспасөзін үкімет қаржыландыра отырып, өздерін мадақтауды тапсырыс ретінде міндеттей ме, жоқ, әлде бізді сынай берулеріңе болады деп айта ма? т.с.с. сұрақтар қойылып жатты.

Дәрісханаларда әрбір студент үшін жеке-жеке компьютерлер қойылады екен. Жалпы техникалық жабдықтау жағынан айтар жоқ биікке жеткені қай жерде болсын көзге ұрып түр.

Университеттегі магистрлық дәреже алған оқытушылар диссертациялық еңбектерін журналистика проблемалары бойынша жазып қорғайды да, жұмыстың жалпы бағытына сай негізінен саясаттану, философия, заң, экономика ғылымдарының докторы атағын алады екен. Ал, біздегі сияқты филология ғылымдары бойынша атақ алған ешбір журналисті АҚШ-тан кездестіре алмадық. Мұның езі журналистикада негізгі мәселе қызыл тілді безеп, ділмәрсу емес, ой айтып, қоғамдық пікір қалыптастыру екенін ешбір дәлелсіз айғақтаса керек.

Кешке Зақаң, мен және шығыс қазақстандық Светлана Әбенова, нью-йорктық Анатолий төртеуіміз Жаңа Орлеаннан 45 шақырым жердегі Сейдал қаласына аттандық. Онда тұратын Дэвид Браун деген журналистердің отбасы қонаққа шақырған еді. Маргарет есімді ханым бізді өзінің әсем де жүрдек машинасымен көп кешікпей Сейдал қаласына алып келді.

Үй иесі бізді туыс-туғандарымен бірге қарсы алды. Олар: әйелі мен 12 жасар ұлы, 85 жастағы қарт енесі, балдызы мен бажасы, тағы бір балдызы 40 жасар жігіт. Екі қабат үйдің кіре берісі кең зал екен. Кірген бетте сонда отырып әңгімелесіп таныстық. Қолымызға бір-бір стақан шарап ұстатып қойды. Кішкентай ұлы қолындағы жер картасы салынған атлас кітабын ұсынып, Қазақстанның қайда екенін көрсетуді өтінді. Тауып беріп едік, бәрі жабылып керді де, Дэвидтің бажасы:

-Мен сендерге айтып едім ғой, міне, Қазақстан Моңғолияның құрамдас бөлігі емес. Ол мүлдем басқа республика -деді.

Әңгіме осылай өріс алып кетті. Олар Шыңғыс хан, Бат хандар туралы шетел жазушыларының тарихи романдарын көп оқыған екен. Сондықтан монғол мен қазақты бір ұлт, бір ел деп өзара дауласып отырыпты. Бәйбіше бізді ауладағы сәкіде жасалған дастарханға шақырды. Өзеннің жағасында, үлкен бәйтеректердің арасында орналасқан нағыз жер жаннаты. Дэвидтің туыстары ақ жарқын, ақ көңіл адамдар болып шықты. Енесі, қарт әжей:

-Бұрын шет елден қонақтар келсе болды, Нью-Йоркқа ала жөнелуші еді, енді қайта осындай шағын қалаларды көрсететін болыпты ғой. Ой сол Нью-Йоркты қой, қаптаған машина, адамның есін тандырады. Одан гөрі Американың тау-тасын, өзен-суын табиғатын көрсетсе, қызықты емес пе. Үлкен қала өз елдеріңде де бар шығар – деп ағынан жарылады.

Әртүрлі тақырыптарда қызу әңгімелердің тиегі ағытылып жатыр. Дэвидтың ұлы Пабло да дастархан басында кока-кола ішіп бірге отыр. Танымдық мәні бар тың дүниелер айтылған сайын шешесі оған:

-Пабло, түсінікті ме, ұқтың ғой – деп әлсін-әлсін қадағалап отырады екен. Баласы бірдеме естісін, білсін деген ниеті құптарлық. Біз болсақ, балалаларымызды үлкендердің сөзіне араласпа деп қуып шығар едік. Бірақ, онымыз кейде дұрыс та шығар. Өйткені, біздің дастархан басындағы ақаңа кызып алған мас адамдарда жөні түзу әңгіме бола қойса игі.

Ал, мұндағы әңгіменің жайы бөлек. Олар өздері туралы бізге таныстыра отырып, бізден де неше түрлі қызықты әңгімелер айтуымызды сұрайды. Тарих, салт-дәстүр, экономика, саясат т.с.с. козғалмаған тақырып жоқ деуге болады.

Қазақтардың ерте үйленетінін, көп балалы болатынын естігенде әжейдің жүзі жайнап:

-Ие, солай де. Онда қазақтар ақылды халық екен. Менің үш балам бар, екеуі қыз, біреуі ұл. Бәрі міне, осында отыр. Бақандай үш отбасы, яғни, бір әулеттің ортасында мынау бір ғана Пабло! Бұл дүрыс емес. Сіздерде бір отбасында он баладан болса, менің жасымдағы адамдардың немерелері бір көшенің бойын түгелге жуық алатын шығар. Бүл өте жақсы дәстүр екен – деді.

Пабло да әжесінің сөзін дөлелдегендей, жездесі, нағашы ағасы, бірде әжесінің қасына барып еркелеп, осы әулеттегі аяулы адам екенін  мақтаныш тұтатындай.

Арасында бізге:

-Балаларыңызға біздің қаладан тарту-таралғы сатып алатын болсаңыздар менімен ақылдасуларыңызға болады. Мен қандай ойыншықтың жақсы екенін әбден білемін, – деп қояды.

-Сен өскенде кім болғың келеді? – деп сүрағанымызда ол:

-Мен заңгер болуды армандаймын. Мына отырған нағашы ағамды жақсы көремін, ол мықты заңгер, – дейді.

-Баламның инженер болғанын қалаймын. Қазір айта береді ғой. Бүгінгі таңда техникалық мамандар әлемнің қай еліне болсын өте қажет. Менің мамандығым журналист. Жас кезімде тілші болып істедім. Қызықты да, тамаша да еді. Жүре-келе оның ауырлығын, қиындығын еріксіз сезіне бастайды екенсің. Сосын қырық жасымнан кейін бизнес саласына ауысып кеттім. Қазір құнды қағаздар биржасында броккермін – дейді үй иесі Дэвид.

Американдықтар өте кеш үйленеді екен. Біздің қонаққа келіп отырған отбасының ерлі-зайыптылары елуден асқан егде адамдар. Олар қырықтан асқан шақтарында тұрмыс қүрған екен. Отыздан асып тұрмысқа шығу, әйел алу деген олар үшін үйреншікті жайт көрінеді. Оқу бітірген соң алдымен қоғамдағы өз орнын тауып алмайынша үйлену дегенді олар қателік санайды.

Біраз әңгімеден соң ерлі-зайыпты екеуі ыстық тамақтарын түсіруге кетті. Тамақ әзірлеуге ер адамдар араласа береді екен. Үй жұмысын отбасы мүшелерінің бәріне ортақ деп есептейді.

Біз өзен бойын тамашаладық. Әжейдің айтуынша, мұнда ол кісінің бала кезінде крокодил көп болыпты. Кейін неге екені белгісіз жоғалып кеткен.

Ыстық тамақ ішуге үйге кіріп, стол басына жайғастық. Біздегі сияқты қонақ жесін-жемесін дастарханға барын үйіп-төгіп, лықсытып қоймаса да, дәмді-тәтгінің бәрі бар. Қонақжайлылық жағынан өзімізден кем түспейді. Ең жақсы жері біздегідей – алма-кезек тост айтып, әлсін-әлсін арақ ішпейді. Сонда да жақсы әңгімелер, жарасымды қалжыңдар айтылып, ықылас-тілектер білдіріліп жатты. Шарап бастапқы кезде тамақтан бұрын құйылғанымен кейін оны қайта әкелмейді. Спирттік ішімдік атаулыдан бір рюмка ликер ғана бір мәрте көтеріледі. Таза символдық деңгейде ғана болмаса біздегі сияқты мас болғанша ішу деген мұнда атымен жоқ.

Үш сағат жарымдай уақытқа созылған қонақасыдан кейін үй иелеріне рахметімізді айтып қоштастық. Олар ел-жұртымызға, отбасымызға қатардағы американдықтардың ыстық сәлемін жолдады. Біздің қашан, қай қаладан Еуропаға ұшатынымызды сұраған кезде Нью-Йорктан аттанатынымызды естіген әжей:

-Бәсе, Нью-Йоркқа бармай кетпейтіндеріңді білгемін, – деді күлімсіреп.

Ақпанның 21-і күнгі жұмысымыз қалалық орталық телевизияны аралаудан басталды. Хабар тарату, күнделікті жаңалықтарды эфирге шығару процестермен толық таныстық. Техниканың озық үлгілерімен толық жабдықталыпты. Мұрынға су жетпей жүгіріскен жұрт. Хабар жүргізушілер мәтінді арнайы қондырылған монитор арқылы оқиды. Экраннан көрген адамға ол жатқа айтып отырған секілді сезілгенімен шын мәнінде бір жолда үш сөзден түратын мәтінді  жайлап, жоғары жылжытып отырады екен.

Қалалық телевизия жергілікті жаңалықтарды дер кезінде ізін суытпай беріп отыратын осындағы бірден бір негізгі ақпарат орны екендігі студиядағы тыныс-тіршіліктен байқалып тұрды.

Ал, түстен кейін барған телевизиялық оқыту орталығына келсек, олар осы саланың жұмысын үйренемін деген кімге болсын жағдай жасайтындықтарымен ерекшеленеді екен. Студентгер, мектеп оқушылары келіп, телевизияның ішкі жұмыстарының қыр-сырына қанық болса, стажерлер оның техникалық қызметтерін тереңдеп үйренуге,  журналистік шеберліктерін шыңдауға ден қояды.

Жаңа Орлеандағы соңғы жүмыс күніміз осы теле орталықтарды аралап, танысумен өтіп кетгі.

Сонымен кешке тағы да шеру болды, жаңа орлеандықтардың дәстүрлі мейрамдары сол күні тойланды. Қонақ үйдің алдындағы үлкен даңғыл бойына шеруді тамашалауға бардық. Бізбен бірге жергілікті әріптес достарымыз Стивен ақсақал мен доктор Марк және көмекшілеріміз Анатолий мен Таня да бар.

Алдымен әскери шеру сап түзеп өтті. Әскерлердің киім-кешектері ежелгі француз армиясын еріксіз еске түсіреді. Сонымен қатар барабандары мен үрлемелі аспаптары ойналып келе жатқан марштардың әуенінде де француздық леп бар. Олардан кейін жас өспірімдер, мектеп оқушыларының шеруі өтті. Ұлдар мен қыздар жеке-жеке сап құрып жүреді екен. Балалардың шынайы берілулері мен ерекше белсенділіктері байқалып тұр. Әрбір шерудің алдында американың байырғы үндістерінше киінген адамдар шырақ алып оқ бойы озып жүреді. Үнді тайпаларының рухына көрсетілген құрмет болса керек.

Әр шерудегі топтардың арасында кеме бейнесіндегі дәу арбалар өтеді де оның үстіндегі әйелдер жүртқа моншақтан шашу шашады. Алғаш келген күні оған әбден үйреніп алған біз іліп түсіп жатырмыз.

Шеруге қатысушылар бала болсын, үлкендер болсын өте белсенділік танытады, өз міндеттерін беріліп тұрып шын ниетпен атқарады. Әсіресе, оқушылар біркелкі ұлттық киімдер киіп, бір кісідей қимылдар жасап, шерудің сәнін келтіре түседі екен.

Жаңа Орлеан қаласы бізді алғаш келгенімізде осылай тойымен, ерекше сәнді думанымен қарсы алған болса, бүгін де мінеки, сол шеруімен олармен қоштасып тұрмыз. Қара нәсілділері мен қоңырқай жүзділері басымдау бұл қала өздерінің тойлай да, ойлай да білетіндерімен есімізде  қалды.

3. МАМЫРАЖАЙ МИССУРИ, КЕРБЕЗ КОЛУМБИА

Таңертең ерте әуежайға аттандық. Стивен мен Марк екеуі де бізді шығарып салуға келіпті. Олармен қоштасып, ұшаққа жайғастық та Миссури штатына сапарға шықтық.

Екі сағаттай уақыт ұшып Сент-Луис қаласына келіп жетгік. ¥шақтан түсе салып, дереу Колумбиа қаласына ұшқалы тұрған рейске ауысып отырдық. Отыз кісілік шағын ұшақ екен. Бір сағат жарым уақыттан соң ұшақ төмендеп, бұлттың астына түскенде айналаға көз жүгірттік. Орман тоғайлы бұйрат төбешіктер, жайылған сиыр, жылқылар көңілге бір түрлі мамыражай да жылы тірлікті елестетеді. Бала кезден көкіректе сақталып қалған мұндай мамыражай тіршіліктің символын дәл Америкадан көремін деп кім ойлаған. Расында, Миссуридің әсем өлкесі қазақ ауылының кең жайлауындай көңілге жылылық ұялатады.

Колумбианың әуежайы да шағын, өз еліміздегі Алматы іспетгі. Онда бізді журналистика институтының өкілі ретінде Петро деген болгариялық жігіт күтіп алды. Ол осында магистратурада оқиды екен.

Қала ортасындағы «Премьер Ридженси Хөутел» деген мейманханаға келіп орналастық. Қала шағын бола тұра, өте әсем. Үйлері мен құрылыстарының айырықша сәнділігінен бе, әлде, мұнтаздай тазалығынан ба, қаланың келбетінде ерекше бір кербездік бардай сезіледі.

Қала таркхының бір атап айтар ерекшелігі, сонау XIX ғасырдың басында іргетасы қаланған үш бірдей жоғары оқу орнының күні бүгінге дейін сол қалпында сақталып, жыл сайын өз түлектерін қанаттандырып, аяқтандырып келе жатқандығы. Сондай-ак, осында әлем тарихында ең алғаш рет ашылған журналистика институты бар. 1908 жылы түңғыш шәкірттерін қабылдай бастаған оқу орны -әлем журналистикасының тарихында аты қалған, бүгіндері заты да биік ең беделді мектеп болып табылады.

Алғаш бұл қала Смитон деп аталыпты да кейін 1826 жылдан бастап Бун графтығының орталығы болып, Колумбиа деген атау берілген екен. Қазір бүл қала медициналық қызмет көрсетуден штатта алда көрінеді. Өндіріс, зауыттары да баршылық. Негізінен, ғылым мен білімнің орталығы. Соның ішінде журналистика ғылымының тайқазаны осында деп түсінген жөн. Кешкісін қаладағы «НВС» деген коммерциялык телекомпанияның жүмысымен таныстық. Бұл телекомпания университетте журналистика мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің күнделікті келіп хабар әзірлеулеріне, шығармашылық жұмыспен айналысуларына толық мүмкіндік жасаған екен. Студенттер сабақтан соң осында келіп, хабар дайындайды, бағдарламаларға сценарий жазады. Қысқасы, кәдімгі штаттағы журналистер сияқты жұмыс істейді. Телекомпания қызметкерлері оларға өз білгендерін үйретеді, бірлесіп жұмыс істейді. Бір айта кетер жайт, осындай қыруар еңбектері үшін тележурналистер университеттен ақы талап етпейді, студенттер телекомпаниядан жалақы сұрамайды екен. Бірі үйретуге, екіншісі үйренуге деген шын ниетпен бірлескендерін  азғана уақыттың ішінде көзбен де көрдік.

Студенттер мен стажерлер бірлесіп, кешкі хабар әзірлеген екен, сағат 18.00.-да соны студияда отырып тамашаладық. Тікелей эфир столында екі стажер тележурналист, үш студент қатар отырып жаңалықтар берді. Бұл хабар сол сәгге Колумбиа қаласы ғана емес, бүкіл Миссури штаты бойынша таратылып жатқанын бізге Петро айтты. Жаңалықтарда штатта болған оқиғаларға қысқаша ғана шолу жасалды да, негізінен, жергілікті хабарларға көбірек орын берілді.

Тікелей эфирдегі жүргізушілер өзара емен-жарқын ешбір жасандылықсыз еркін сөйлесе отырып, жергілікті тілшілерді сөзге тартып, қалай да ресми тұрпаттан шығуды, қарапайым әңгімеге ұқсауды мақсат етеді.

Жарты сағаттық хабардан кейін жаңалықтар қызметінің директоры хабар дайындауға кіріскен барлық қызметкерлерді қатыстыра отырып, журналистердің көдімгі лездемесін өткізеді екен. Онда әрбір жаңалық хабарларды бастан аяқ қайта көрсете отырып, сәтті шыққан немесе жайсыз болған сюжеттерді тоқтата тұрып оған талдау жасап, баға береді. Бәрі объективтік тұрғыдан дұрыс айтылып жатыр. Директор кеңес бере де, ақыл айта да алатын білімді адам екені көрініп тұр.

Ақпанның 23-інде Колумбия университетінің журналистика институтында профессор Чарльз Дэвистің студентгерге оқыған лекциясын тыңдадық. Лекциясының толық нұсқасын профессор студенттерге алдын-ала таратып беріп кояды екен. Оны мұқият оқып, танысқан студенттер профессорға әртүрлі сұрақтар қойып, жауабын тыңдап, кей тұстарын дәптеріне түртіп алып жатыр. Дәрісханада біртүрлі еркіндік ахуал бар. Профессор өзі кофесін іше отырып, әңгімесін жалғастыра береді. Студенттер сұрақтарын қалаған кезінде қойып және өз пайымдарын да іркілмей айтып, профессормен кәдімгі терезесі тең адам секілді пікірлесе алатындықгары бізге ерекше әсер қалдырды.

–      Журналистика бойынша жыл сайын 750 студент білім алады. Бізге оқуға түсу оңай емес. Сондай-ақ, түскеннен кейін оны бітіріп шығу үшін де студенттер үшін қажымай-талмай тер төгулеріне тура келеді. Оқу бітіре алмай жол ортадан қош айтысатындар да бар. Ал, аман-есен бітіріп шыққандары қай редакцияның жұмысын да ойдағыдай алып кете алады. Бізде өз мамандықтарымыздың сыртында экономика, статистикаға айырқша мән беріледі. Алыс-жақын шет елдерден келіп магистратурада, докторантурада білім алып жатқан мамандар көп,- дейді, журналистика институтының оқу ісіінің меңгерушісі Роберт.

            Сондай-ақ, институттың халықаралық істер жөніндегі үйлестурушісі профессор Байрон Скотпен болған әңгімеміз де өте маңызды өтті. Белгілі техникалық себептерге байланысты осы тұсты қысқартып беруге мәжбүр болдық.

Осы тақырыптың толық нұсқасын автордың Қарағанды қаласында 2001 жылы бастырған «Мен көрген – Америка» кітабынан, немесе «Алтын Орда» газеті (шілде, тамыз, қыркүйек аындағы сандары), «Азия транзит» журналының аталмыш жылғы 9.10,11,12 сандарынан оқуға болады.

4. ӘСЕМ АТЛАНТА, ӘЙГІЛІ СИ-ЭН-ЭН

Атланта қаласына кешкі сағат 16-да келіп жетгік. Аспан ашық, күн  жылы, кәдімгі жаздың жайма шуақ сәтгерін еске салғандай. Қаланың ең көрікті жері – қақ ортасында орналасқан «Ридженси Сьютс Хөутел» деген әсем мейманханадан орын алдық. Мұндағы бір ерекшелік, мейманхананың бірінші қабатында орналасқан ресторанда күнделікті үш уақ шай-тамақ тегін беріліп тұрды. Бұл тек біз үшін ғана емес осында келіп орналасқан барлық қала қонақтарына осындай жағдай жасалды. Қаланың белді бизмендері осындай қайырымдылық шараларын жиі жасап тұрады дейді. Сірә, үйінен қырық қадам алысқа шыққандар – мүсәпірлер, оларға жәрдемдесу – сауап деп тапса керек.

Атланта – Жоржия штатындағы ең ірі қала әрі осы өңірдің астанасы болып табылады екен. Сонымен қатар АҚШ-тың оңтүстік шығысындағы   коммерциялык,      қаржылық,      байланыстык, транспорттық және сауданың ірі орталығы. Төрт жүз мың халқы бар қалада ақпарат әлемінде аты әйгілі Си-Эн-Эн телекомпаниясының дүниежүзілік штаб-пәтері және Президенттің «Картер» орталығы орналасқан. Жоржия штатының экономикасының 30 пайыздық табысын осы Атланта қаласы құрайды екен. «Форчун» журналының мәлімдеуінше, қалада 500 ірі компания өз енімдері арқылы халыққа қызмет көрсетеді және бүкіл әлемдік сауда саласында олардың елеулі орны бар көрінеді. Сонымен қатар бұл қала кока-кола атты баршамызға әйгілі сусынның отаны екенін, дәстүрлі олимпиаданың да осында өткенін оқырман қауым ұмытпаған болар деп ойлаймыз.

Қаладағы ең үлкен газет – «Атланта жорнэл – Конститьюшн» деп аталады. Жоғары оқу орындары да біршама баршылық екен. Олардың ішіндегі ең танымал оқу орындары ретінде Эмори университетін, Жоржия технология институтын, Жоржия штатының университетін, Атланта өнер институтын және қара нәсілді студенттерді ғана оқытатын әлемдегі бірден бір ірі оқу орны болып табылатын Атланта университеті Орталығын атап айтуға болады.

Осылайша, XIX ғасырдың басында жергілікті үнділердің азғана тайпасы ғана мекендеген Чатгахучи өзенінің жағасы бүгін көк тіреген ғимараттарға толып, қаланың жақын маңындағы өңірлерді қосып есептегенде үш миллионға жуық халыққа құтты мекен болып отыр.

Атлантадағы жұмыс күніміз таңертең Си-Эн-Эн телекомпаниясынан       басталды.   Алдымен   ең   жоғарғы   қабатта орналасқан басқару пункті залының жұмысымен таныстық. Негізі, мұнда арнайы конақ ретінде шақырылғандықтан біз үшін кіру онша қиын бола қойған жоқ. Әйтпесе, мұндағы күзет пен қорғаудың қатал екендігін сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Штаб-пәтердің жұмыс кабинеттері жоғарғы қабаттарда орын тепкен. Ал, бірінші қабатында телекомпанияның көрме залдары, сувенирлік заттар сататын дүкендері, ресторан, асханалар өзге де қызмет көрсету орындары жұмыс істейді екен.

Сонымен, басқару пункт залы дегеніміз – Си-Эн-Эннің негізгі бөлігі деуге болады. Себебі, бұл хабар тарататын ең соңғы нүкте. Яғни осы зал арқылы соңғы жаңалықтар мен бейне сюжеттер әрбір шаңыраққа сол сәтінде жетіп жатыр деген сөз. Мұнда барлығы 99 видео экран орналастырылыпты. Солардың ортасындағы ең ірі экранда жүріп жатқан хабарды телекомпанияның қазіргі тікелей эфирдегі бағдарламасы екенін айтты. Ал, оның 20 раутері бойынша сол сәтге жұмыс жасалып жатқанын да ол еске салып қойды. Айталық, оның бірі Ақ Үйді тікелей студиямен байланыстырса, енді бірі күнделікті репортаждарды жер серігі арқылы бүкіл әлемге тарататын көрінеді. Си-Эн-Эннің жарнамасыз тек кана ақпараттық хабар беретін арналары бар дейді. Мүнда әдетгегі 6 адам тұрақты бағдарламаны қадағалап, оның талапқа сай әрі техникалық ақаусыз жіберілуін қамтамасыз етеді екен. Ал, маңызды оқиғалар жөнінде жедел хабарлар таратылатын кезде 15 адам тынымсыз жұмыс істеуге тура келетін көрінеді.

Төменгі қабатқа түсіп ауа райын хабарлайтын арнайы студияның жұмысымен таныстық. Американдықтар ауа райы туралы болжамға аса мән береді. Әр жарты сағаттық жаңалықтардан кейін ауа райы туралы болжамды міндетті түрде хабарлап түруды әдетке айналдырған.

Келесі «аялдамамыз» – Жаңалықтар мен шолулар бөлімі болды. Бүл Кейбл Ньюз Нетуорк яғни Си-Эн-Эннің штаб-пәтеріндегі ең негізгі бөлім дегенді менеджер мырза шегелеп қойды. Оның алғашқы хабары 1980 жылы шілденің 1-інде алғаш эфирге шығып, АҚШ-тың 1,7 миллион отбасымен жүздескен екен. Ал, бүгінгі таңда Си-Эн-Эн-ді АҚШ пен Канаданың 80 миллионнан астам отбасылары көреді дейді. Осы студия арқылы хабар трансляциялағандарына 15 жылдың жүзі болыпты. 1998 жылы студияның техникалық құралдары мен аппаратуралары түгелдей жаңартылыпты.

Бұл бөлім тәулік бойы яғни 24 сағат, апта бойы яғни жеті күн жұмыс істейді. Сондықтан мұнда әр кезде 100 адам   кезек алмасып,

хабардың үзіліссіз жүрілуін қамтамасыз етеді. Ел өмірінде болып жатқан әрбір елеулі оқиғаны түн-күн демей дамылсыз хабарлап, көрермендерге жеткізіп жатады дейді. Төтенше жағдай бола қалған кезде студия қызметкерлерінің саны 200-ге дейін ұлғайтылады. Әрбір адамның жеке-жеке атқаратын маңызды міндеттері болады екен. Расында, теледидар алдындағы көрермен үшін даяр дүниені оп-оңай айта салып жатқан сияқты керінетін, былайғы жұртқа бәрі жеңіл сезілуі мүмкін телевизия жұмысының қаншалықты қиын екенін осыдан-ақ байқауға боларлықтай.

Жаңалықтар бөлімі ақпарат жинау және оны өңдеу деген екі негізгі топтан тұрады екен. Залдың оң жақ тұсында ақ түсті алты стол қойылыпты, онда қатар-қатар отырған қызметкерлер факс арқылы, электрондық пошталармен келіп түскен ақпараттарды еңдеумен айналысып жатқанын көрдік. Олармен сөйлесуге, қастарына баруға ешкімнің қақысы жоқ. Себебі олар үшін әрбір минут, секунд алтыннан қымбат. Сондықтан барлық деректерді менеджерден ғана алдық. Си-Эн-Эннің 35 бюросы бар. Оның 10-ы АҚШ-та, 25-і шет елдерде жұмыс істейді. Оның сыртында телекомпанияның тағы 700 өкілі бар, олардың 500-і Құрама Штатта болса, 200—і халықаралық аренадан ақпарат жолдап тұрады. Енді оған Ройтерс, АП, ЮПИ секілді алып ақпараттық агенттіктерді косыңыз. Эфирден тек қана бүгін, ертең немесе таяу болашақта деген сөздер естілетіндігіне зер салсақ, олардың уақытпен жарысып жұмыс істейтіндіктерін сезіну қиынға соқпайды. Эфирге шығатын жаңалықтарға продюсерлер сапалық сұрыптау жасап отырады. Репортаждардың деректік және грамматикалық қателерін редактор қадағалап, өңдеп, жөндейді. Олар жаңалықтар даярлауда Бэйсик компьютерлік жүйені пайдаланатын көрінеді.

Студиядан шығып төменге түстік те Хедлайн Ньюз деген арнаға келдік. Бұл арна өз бағдарламасын алғаш 1982 жылы Си-Эн-Эн-2 деген атпен бастап кейін атауын Хедлайн Ньюз деп өзгертіпті. Мұны қазір АҚШ-та 70 миллион отбасы күн жаңалықтарын жарты сағаттық уақытпен жедел хабарлап тұратындығы үшін тұрақты көреді екен. Хедлайн Ньюздің басты мақсаты хабарды көрерменге жедел әрі кысқа да нұсқа жеткізу. Сондықтан әрбір сөйлемде жаңа мағлүмат болуы қажет дейді.

Сондай-ақ, осы алып телекомпанияда Си-Эн-Эн Интернэшнл, Си-Эн-Эн Аэропорт, Си-Эн-Эн Интерактв, Си-Эн-Эн Спорт, Си-Эн-Эн  Эспаньол деген дербес арналармен қатар классикалық фильмдер, мультфильмдер, шоу бағдарламалардың жеке студиялары тағы бар. Олардың бәрі туралы айтып шығу тіпті мүмкін емес.

Си-Эн-Эн Интернэшнл арнасы өз бағдарламаларын ағылшын тілді туристерге арнап Еуропаның мейманханаларында көрсету мақсатпен 1985 жылдан бастаған. Қазір оны Азия, Латын Америка және Европаның 212 елінде 150 миллион көрермен көреді деген ресми дерек бар екен. Осы секілді Си-Эн-Эн Эспаньол – испан тілді латын американдықтарға арналса, Си-Эн-Эн Аэропорт – АҚШ-тың ең ірі 33 әуежайларында апта бойы тәулік сайын 21 сағаттық хабар беріп, жолаушылар мен саяхатшылардың көңілінен шығады т.с.с.

Түстен кейін Жоржия университетіне келдік. Мұнда журналистер, профессорлар, аспирантгар өкілдері катысқан кездесу өтгі. Кездесуге Болгария, Түркия, Үндістан, Қытай, Араб, Парсы елдерінен келіп, ғылыми-зерттеу жұмыспен айналысып жатқан шетелдік ғалымдар да қатысып отырды. Конференция залына Қазақстан мен АҚШ-тың байрақтарын қатар орналастырып, баспасөз өкілдеріне алдыңғы қатардан орын беріпті. Журнализм профессоры Леонард Тил қысқаша сөз сөйлеп кездесуді ашқан соң әрқайсымызға жеке-жеке сөз берді. Өз университеттеріміз туралы, жергілікті ақпарат құралдары мен баспасөз жайында жалпы мағлұматтар беруге тырыстық. Кездесуге қатысушылар әртүрлі сүрақтар қойып бізден жауаптарын алды. Мұнда Жаңа Орлеандағыдай тосын оқиғалар бола қойған жоқ. Бөрі әдеттегідей ресми тұрпатта сыпайы ғана болып өтті.

Ертеңінде Атлантадан жүз шақырымдай жердегі Атенс деген қалаға барып қайттык. Атенста БАҚ проблемаларын зерттейтін Кокс ғылыми орталығы және Грейди журналистика колледжінің профессорларымен жүздесіп лекцияларға, практикалық сабақтарға қатыстық. Онда да кездесулер өтгі.

Бұл университеттің 1785 жылы негізі қаланыпты. Университеттің бір факультеті ретінде журналистика – БАҚ колледжі студенттерді газет, телекоммуникация, баспа ісі, жарнама, паблик рилейшнз, фотожурналистика секілді арнайы мамандықтар бойынша бөліп оқытады екен. Профессор Либ Беккердің айтуынша, мұнда лекциядан гөрі практикалық сабақтар көбірек өткізіледі. Мақала жазуға, теле, радио хабар дайындауға, редакторлауға, макет дизайн жасауға студенттерді машықтандырады екен…

 

5. ЕҢСЕСІ БИІК, ЕТЕК-ЖЕҢІ КЕҢ НЬЮ-ЙОРК

Екі сағаггай ұшьш Нью-Йоркқа да келіп жеггік. Әуежайда жарты сағаттан астам кідіріп қалдық. Бұрын әдетте мұндай жайт болмаушы еді. Түсе қалған сәтте күтіп алушылар немесе көлік компаниясының өкілдері даяр тұратын. Біраз қүткен соң телефон соқтық. Олар күтіп алатын көлік әлдеқашан кеткен, әуежайда болуға тиіс дегенді айтады. Оның мәні кейін белгілі болды. Сөйтсек, бәрін бүлдірген жатыпатар Зақаңның кезекті бір қалжыңы екен. Біздің қасымызда бір азиат жігіт айналсоқтап жүрген. Алғаш әуежайға келген бетте Зақаңнан әлденені сұрап жатқанын да көрген едік. Бірақ, оған пәлендей мән бермеген тұғынбыз. Бізді күтіп алуға келген жігіт:

-Кэн ай һэлп ю, энд Ай-Жей Турс? – дейді ғой, сонда Зақаң:

-Нөу, Турс Жей энд Ай – деп беталды қалжыңдай салған. Яғни компанияның атын кері аударып жауап берген. Сонымен ол жігіт бізді күтіп, біз оны күтіп бәріміз жарты сағагган астам бірге тұрыппыз. Сапарластарымыздың кейбірі Зақаңа «қалжыңдайтын уақытты тапқан екенсіз» – деп ренжіп жатыр, оған айылын жиып жатқан Зақаң жоқ.

-Қайдағы бір өзінің компаниясын айтқанша «Қазақстан» дей салса тақтан түсіп қала ма екен? – дейді міз бақпастан.

Зақаңның қалжыңының да астары бар. «Әркім өз жағының құмалағын төрттен қоядының» кері. Жүргізуші жігіт өз компаниясын барша жұртқа танымал деп ойласа, Зақаң өзін шетелдік қонақ дегізгеннен гөрі Қазақстанның атымен шақыртқысы келген екен.

Әуежайдан калаға қарай бет алып келеміз. Айнала биік, зәулім үйлер. Қала аралдарға тарап орналасқан дейді. Бір аралды екіншісіне қосып жатқан алып көпірдің үстінен өтіп келеміз. Көпірдің өзі төрт қабаттан тұрады екен. Ең үстіңгі қабатында біз, алды-артымызда иін тірескен машиналар. Бүрылыстарда төменге көз салсақ, онда да машиналардың ұзын сонар тізбегінің баяу жылжығаын көреміз. Қала көшелерінде де көлігіміз зулатып жылдам жүре алмайды. Алды-арты тұйықталып, бүрыла да алмай ақырын ілбіп қана жүруге мәжбүр. Вашингтонда қала көшелері әріппен аталса, мұнда санмен көрсетіледі екен. Қала ішінде де жоғары, төмен қос қабатгардан тұратын жолдар баршылық. Бәрінде құмырсқаша қаптаған машина. Жан-жағымызға таңдана да тамсана да қарап отырып, межелі жерге  қалай     жеткенімізді  де  білмей  қалыппыз. «Эдисон»  деп аталатын 25 қабаттық әсем мейманхананың бесінші қабатынан бөлме алдық. Бұл да қаланың ортасы екен. Америкадағы соңғы күндерімде екі кісілік осы 508 бөлмеде Зақаң екеуіміз бірге өмір сүрдік.

Орналасып, жуынып-шайынып алдық та Нью-Йорк көшесіне шықтық. Жақын маңдағы бір рестораннан тамақтанып алдық та көше аралауға кірістік. Мұндағы тірлік, өмір салты біздің бұрынғы көрген төрт штаттағы ахуалға мүлде үқсамайды. Әсіресе, түнгі Нью-Йорктың жалт-жұлт еткен, әлем-жәлем көшесін сөзбен жеткізу тек қана мықты суреткердің қолынан келетін іс шығар. Адам да көп, көше қозғалысын жоғарыда айггық. Метрода да ерсілі-қарсылы сеңдей соғылысқан халық. Мұнда зат-тауарға лық толған дүкендер мен сауда орындары, мейрамханалар қадам басқан сайын кездеседі. Қалада ақ нәсілділерден гөрі қаралардың саны басымдау ма деген ойда қалдым.

Наурыз айының бірі күнгі алғашқы жұмыс күніміз «Нью-Йорк -1» деп аталатын кабелдік телевизияның қызметімен танысудан басталды.

– Біздің басты мақсатымыз Нью-Йорк тұрғындарын қаланың күнделікті жаңалықтарымен қамтамасыз ету. Алғашқы хабарымыз 1992 жылы эфирге шыққан. Сол кезден бастап елдің назары біздің арнаға ерекше ауып, беделіміз көтерілді. Сондықтан кабелдік телевизияға айналдырылды. Жаңалықтар толық бір сағаттық көлеммен беріліп, сол күні тәулік бойында қалада болған барлық оқиғаның ізі суымай қамтылады. Нью-Йорк тұрғындары өздеріне қажетгі барлық ақпаратты бізден таба алады. Жаңалықтарымыздың эфирге шығатын уақыты күнделікті сағат 18 бен 19 аралығы. Ал, одан кейін көлемді туындыларға, авторлық бағдарламаларға орын береміз. Саяси, мәдени, тарихи тақырыптар қамтылады, ток шоулар да жүріліп жатады. Түнгі сағат 23-тен кейін спорттық бағдарламалар беріледі – дейді NҮ-І телевизия компаниясының бас үйлестірушісі Эдуард Пахетти мырза.

Телекомпанияның қызметкерлерінің орташа жасы 29 екен.  Кілең жастар жұмыс істейтіндігімен өзгелерден ерекшеленетін көрінеді. Журналистік алғашқы қадамдарын осы компаниядан бастағандар бүгіндері басшылық орындарға қол жеткізіп те үлгеріпті. Журналистер авторлық хабарларын да, жаңалықтарда да өздері түсіреді екен. Мұның артықшылығына келсек, штат үнемдеуде ғана емес бейне сюжеттердін кәсіби тұрғыдан жоғары деңгейде, талғамға сай әзірленуінде дейді.  Камерамен түсіруді олар техникалық жұмыс емес шығармашылық еңбек деп есептейді. Телеарнада жұмыс істейтін 160 қызметкердің 30-ы телерепортерлер.

Түстен кейін қалалық үлгідегі АҚШ бойышпа ең ірі басылымдардың     қатарына     жататын                                                                        «Ньюздей»     газетінің редакциясында болдық. Редакция бір күнде үш бірдей газетті қатар шығарып отырады. Оның әрқайсысы күнделікті басылымдар.

-Күн сайын үш бірдей газетті қатар шығарамыз. «Ньюздей»  қалалық жаңалықтарға баса назар аударады. Алғашқы саны 1940 жылы 3-қыркүйекте бір ескі авто салонда жарық көрген газеттің бүгінгі жай-күйі көңіл толтырарлықтай. Даму жолдарымыз өзге елдердегі басылымдардан пәлендей өзгешелігі жоқ, қол теруден компьютерге дейінгі тарих қой, баяғы – дейді бас редактордың орынбасары Вольтер Мидлеврук мырза.

Газеттің әр саны жарық көрген сайын оның жарияланымдары архивке женелтіліп, сақталып отырады екен. Әр күні түстен кейін бас редактор газеттегі макалаларды талқылап, жариялауға рұқсатын береді. Баспахана газеттің өзінікі, сондықтан қаржы жағынан «Ньюздей» оларға тәуелді емес. Басу әдісі өзіміздегіден көп айырмашылығы жоқ, офсеттік үлгіде екен. Бір үлкен айырмашылықтың байқалғаны, газеттің үлкен бума қағаздарын қиюды адам емес робот атқарып жатты. Газет түнімен басылады да, таң ата жүк машиналарына тиеліп жан-жаққа таратылады дейді. «Ньюздейдің» әдеттегі күндеріндегі таралымы 450 мың, ал, жексенбілік тиражы 650 мың дана екен. 1000 журналиске қызмет орны болып отырған редакция мектептермен де, жоғары оқу орнында білім алып жатқан болашақ мамандармен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Олардың журналистік кызметтің қыр-сырларына қанық болуына жөрдемдесуді редакция өзіне парыз санайды екен.

Редакциядан қайтар жолда Нью-Йорктағы ең биік үйлердің біріне жатқызылатын 84 қабаттық Булдинг ғимараттың үстіне шығып, қаланың айналасын тамашаладық, суретке түстік, бейнетаспаға жаздық. Қаладағы ең биік үй мұнда 104 қабаттан тұрады. Ал, біздің шықкан аталмыш ғимараттың үстіне туристерге арналған арнайы саяжай орнатылған екен.

Осы күні кешке Нью-Йорктағы мәдени орталықтың опера театрына бардық. Орталықтың өзі бір шағын калашыққа таяу екен. Онда операның, балеттің, симфонияның, драманың жеке-жеке театрлары бар. Барған сәтте байқағанымыз әр театрдың алды адамдарға толы.

«Алжирдегі итальяндар» деген классикалық шығарма бойынша қойылған операны көрдік. Итальян тіліндегі опера артистерінің шебер ойынымен, жеңіл бола тұра қызықты сюжетімен көрерменді баурап алатын туынды болып шықты.

Төрт мыңға жуық орындығы бар еңсесі биік, төрі кең театр көрермендерге лық толы болды. Үзіліске шыққан сәтте театрға жиналған адамның көптігіне әбден көз жеткізесің. Төрт қабатты көрермен залдарынан холлға қарай ағылған көрермендер легі ондағы жиналған қауымның төрт мыңға сөз жоқ жететіндігін тіпті анықтай түскендей болды. Операның билеті 100 доллар тұрады. Бұл алдыңғы қатардағы орындықтардың бағасы. Ал, артқы қатарлардыкі 85 доллар. Әр театрдың көрермендері үнемі зал толы болатыны мұнда онша таңданарлықтай таңсық оқиға емес дейді. Соны дәлелдегендей біз тысқа шыққанда қатар орналасқан симфония, драма, балет театрларынан да адамдар ағыны сыртқа толассыз ағылып жатты. Осыдан кейін өз еліміздегі театрлардың әр жаңа қойылымдарына көрермен жинай алмай жататын сүреңсіз тірлігін еске алып қоюдың да артықтығы жоқ. Себебі біз көрмей-білмей жатып кейде сырттай тон пішуге құмармыз ғой. АҚШ тұрғындарының мәдениеті туралы сөз қозғай қалсаң оған ерекше күмәнмен қарап «Қой, олар бізден қалай артық болуы мүмкін. Біз совет одағы тұсында мәдениет пен өнердің түбін түсірдік емес пе» – дейтіндер зиялылар арасынан да табылып жатады.

Наурыздың 2-сі күні Нью-Йорктағы Колумбия университетінің журнализм мектебінде әріптестеріміздің ортасында болдық. Олар журнализм мектебіне бакалаврлық білім алуға келген студентке алғашқы сабақты қалай сұрақ қоюды үйретуден бастайды екен. Бұл кездейсоқтық емес. Әсіре қызыл сөзді емес өмірлік мәнді деректі пір тұтатын американ журнализмі сұрақ дұрыс қойылғанда ғана тілші ақпарат таба алады деген қағиданы қатаң ұстанады.

Университет ұстаздары мен ғалымдары баспасөз, ақпарат құралдарының өзекті проблемаларын «Колумбия университетінің журнализм шолуы» деп аталатын ай сайынғы журналда тұрақты талқылап, пікірлеседі екен.

Біздегіден езгешелігі тіл туралы ғылымды ғана тәптіштеп оқыта бермейді. Керісінше, журналистиканың кәсіби пәндеріне ерекше ден қояды. Мысалы, ондай пәндер редакторлау ісі, жазу шеберлік, газет және электронды ақпарат құралдарына жаңалықтар әзірлеп жазу, редакторлау негіздері деген атауларға ие. Компьютермен жұмыс, интернет сайт секілді бізде жоқ пәндер оларда ежелден келе жатқан

дәстүрлі сабақтарға айналып үлгерген. Радио курсы, телевизия курсы деген пәндер бойынша сабақтар техникалык жағынан толық жабдықталған студияларда жүргізіледі екен. Сонымен қатар заң, құқықтану пәндері де тереңдетіліп оқытылады. Тілшілік жұмыс деп аталатын пән бойынша студентгер екі апта бойы жазу ісіне машықтанады.

Сондай-ақ, студенттердің жасаған деректі фильмдері де бар көрінеді. Әр студент 10 минуттық деректі фильм жасап, әріптестеріне ұсынып талқылатады екен.

-Сіздерде дипломдық жұмыстың тақырыбью кім ұсынады? – деген сұраққа әріптесіміз профессор Жоннет Абелес:

-Студент оқуға түскен кезден бастап белгілі бір тақырыпты таңдап зерттейді. Бітерерде сол бойынша дипломдық жұмыс жазады , -деді.

Университеттің магистратура бөлімінің профессоры Анна Нильсонның мәлімдеуінше, қазіргі таңда осы оку орнында  журналистика мамандығы бойынша 220 адам магистрант екен. Журналист белгілі бір лауазым иесіне немесе қаржы топтарына қызмет етуге тиіс емес, қандай жағдайда да өз кәсіби этикасына адал болып қоғамға кызмет етуге міндеггі дегенді ол ерекше атап айтты.

Біздің келесі кездесуіміз Нью-Йорк университетінің журналистика факультетінде өтті. Университет баспасының директоры Роберт Баенш бұрын Қазақстанды көрген болып шықты. Елімізде болған сәттерін еске алып, бізге ерекше сый-құрметпен қарады. Баспа ісі мен редакторлау өнерінің көптеген қыр-сырларымен таныстырды. Мұндағы бір ерекше атап айтар жайт, сабақ беретін оқытушылар мен профессорлардың жұмысына студентгер баға беріп отырады екен. Университет басшылары студенттердің пікірімен іс жүзінде санасады дейді. Жалпы мұнда формализм деген атымен болмайды.

Осымен біздің Нью-Йорктағы ғана емес жалпы АҚШ-тағы ресми жұмысымызға соңғы нүкте қойылды. Жоспарланып, белгіленген бағдарлама түгелдей орындалып бітті. Американдықтардың әрбір жұмысқа деген мұқияттылықтарына еріксіз таңдануға тура келеді. АҚШ-тың мемлекеттік департаментінен қолымызға берген «Интернешнл визитор программ: Теачинг Журнализм ин зе Ю-Эс» деген бағдарлама кітапшасында жазылған жоспар әрбір сағат, минутымен сәйкестік тауып отырды.

Қазіргі таңда Қазақстанның журналистикасының тасы өрге домалап тұрмағаны белгілі жайт. Жас мамандарды әзірлеуде де олқы

тұстарымыз жетерлік. Әсіресе, еліміздің провинцияларында көптеп ашылған журналистика бөлімдерінің халдері тіпті сын көтермейді. Оқулықтар, оқу құралы, жабдықтар, техникалық материалдардың жетіспеуі салдарынан және ғылыми мамандардың жетіспеушілігінен мемлекеттік тапсырыспен студентгер қатарына қосылған грант иелері тарапынан әртүрлі алаңдаушылықтардың туындап отырғаны да рас. Дәл осындай күрделі кезеңде АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Қазакстанның провинциялық университеттерінде журнализм саласы бойынша дәріс беріп жүрген журналистерді американ қоғамындағы БАҚ  рөлімен таныстырып, баға жетпес мол мағлұматтар бергені біз үшін үлкен олжа болды.

Бұл жөнінде  көрген-білгенімізді  қысқаша     түйіндеп айтсақ:

–      Журналистика саласын оқытудағы дәстүрлі және жаңаша

тың жолдарымен, әлемдік үрдіспен етене жақын таныстық;

–      БАҚ пен үкімет арасындағы қарым-катынастардың жалпы сипаты мен мемлекеттің баспасөз жөніндегі саясатына қанық

болдық;

–      Журналистерді    заңдық    тұрғыдан     қорғау    жолдары талқылаңды;

–      Журналистердің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру, қайта даярлау, практикадағы БАҚ қызметкерлерін оқыту жолдарының жалпы бағыты анықталды.

Наурыздың 3-і күні Нью-Йорк каласымен танысу саяхатына шықтық. Қаланы аралатып, сол бойы кешкісін Еуропаға шығарып салуға арнайы шағын автобуспен жергілікті маман Арнольд пен Анатолий Самочорнов бірге жүрді.

Нью-Йорктің Манхэттена, Квинса, Бруклина, Бронкса және Ричмонда деген бес ауданын танысу бағытпен жедел аралап өттік те Бүкіл өлемдік сауда орталығына келіп аялдадык. Дүниежүзіне танымал осы орынның қақ терінде орталықка мүше болып табылатын елдердің байрақтары қойылыпты. Олар әлемдік нарықта өздерінің айтулы өнімдері бар іскер елдер дейді. Тізілген тулардың арасынан өз еліміздің көк байрағын қанша іздесек те таппадық. “Біздің табиғи байлығымыз бен мол шикі затымыздан пайда не, әлемге танылып, дүйім жүртга тамсандыратындай ұлттық технологиямыздың, өз тауарымыздың жоқтығы қандай өкінішті” – деп күрсіндік те қойдық.

Қаланың ең көрікті жерлерінің біріндегі Чайна-таунға кіріп келген кезде өзімізді Қытайда жүргендей сезіндік деуге болады. Қытай    қалашығының      қақ   ортасында   ұлы   ойшыл   Куньцидің (Конфуции) ескерткіші тұр. Гун юань (сая бақ), шандянь (дүкен), инхан (банк), боугуань (мұражай) деген атауларды өз тілдерінде байырғы жазулармен әлем-жәлем етіп жайнатып тастапты. Тым құрығанда оның ағылшынша тәржімасы да жоқ. Чайна-таунда екі миллионнан астам қытай ұлтының өкілдері тұрады дейді. Орта мектеп, жоғары оқу орындары өзге де мәдени орындардың бәрі бар көрінеді.

Жат жұртқа осыншама кеңдік танытып отырған Америка халқының пейіліне еріксіз таңданасың…

Нью-Йорктың тарихи ескерткіштерін соның ішінде Сөз бостандығының аралын көре келіп, БҰҰ-ның бас корпусында біршама уақыт аялдадық. Онда да көріп тамашалауға тұрарлық дүниелер баршылық екен. Зақаң екеуіміз бас штабтың жедел пошта бөліміне кіріп, балаларымызға бір-бір открытка жолдадық.

Осылайша алып қаланы аралап қыдырып біткенімізше кешкі мезгіл де келіп қалыпты. Нью-Йорктың орыстар мекендейтін ауданындағы бір ресторанға жайғасып, Анатолиймен қоштасу рәсімін жасадық. Одан шығып Кеннеди атындағы халықаралық әуежайға жеткенімізше де қараңғы түсті.

Өзімізге ескі таныстай болып қалған “Луфханзе” неміс әуе компаниясының ұшағына жайғасып, Нью-Йорк аспанына көтерілдік. Еңсесі биік, етек-жеңі кең алып қала жердегі жұлдыздай жайнаңдап алыстап барады.

…Бірде ояу, бірде қалғып-шұлғып отырып таң атысымен кәрі Еуропаға да келіп жеттік. Ұшақ Франкфуртке келіп жерге қона қалғанда жолаушылар ұзақ сапардан аман-есен оралғандарының құрметіне қол шапалақтап, «Еуропа, еуропа» десіп айғайласып жатты…

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. К.Шамакайдын осыдан оншакты жыл бурын амаерикага барган сапары туралы ески макаланы Minber.kz сайты кайта салып отырганына караганда минбердин жагдайы белгілі болып калды….

  2. Егер маңызы терең дүние болса ескірмейді, 100 жылдан кейін де жариялауға тұратын еңбек екен.

    • Бізде де Америкадағыдай болу үшін, алдымен билік ауысуы керек! Яғни, нағыз демократтар билік басына келгенде ғана өзгеріс болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы деп атауымыз өзгерді демесең, бәрі де баз-баяғы Кеңестік замандағыдай бұл салада. Әрине, барлық БАҚ емес, мемлекеттен қаржыланатындары. Қазір капитализм дәуірі деп, барлық БАҚ-ты қаржыландыруды тоқтатса, Нұр Отан жойылып кетер еді! Сонда Қазақстан мен Хабар тілшілері 180 градусқа өзгеріп сала береріне дау жоқ.

  3. расында құнды материал. жрналистерді ітіптен қызықты жолға бастайтын ол адамның құлшынысы ғой. қызықты жол халықтың жүрегіне жетіп жатса журналист үшін зор мақтаыш. сіздің мақалаңызды оқып бір марқайып қалдым. … ел қамын жеген ер азаматтарымыздың легі арта түскей….

  4. Жақсыны жақсы деу керек. Шабытты жылдардың жемісі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі