/

Интернет мәдениетті біріктіреді

919 рет қаралды
2

Ғаламдық кітапханада әдебиет пен өнер туындыларын онлайн режимде қарауға болады

Таяуда АҚШ-тың Конгрес кітапханасы күллі Жер шарының тарихи, көркем және әдеби туындыларының Бүкіләлемдік сандық кітапханасын құру бастамасын жүзеге асыруды қолға алды. Бұл жобаның мақсаты АҚШ-пен өзге де батыс елдерінің мұрағаттарындағы сирек кездесетін жәдігерлерді онлайн режимде бір жерге жинастыру. Сонымен қатар Шығыс пен Оңтүстік Азия және Индонезиядан бастап Батыс және Шығыс Азия мен Африкаға дейінгі ислам елдерінің көне құндылықтарын топтастыру. «Әлемдік сандық кітапхана осы құндылықтың барлығын интернет қолданушыларға тегін қарауға мүмкіндік беретін еді. Бұл тек қана жақсылыққа үндейтіні даусыз. Ортақ ғаламдық жоба аясында әртүрлі мәдениеттің ерекшелігіне терең мән берілсе, бұл адамдардың бір-біріне етене жақын болуына септесер еді», – деді Конгресс кітапханасының Директоры Джеймс Х. Биллингтон.

Фотомонтаж: Сандық кітапхананың негізін салған Конгрес кітапханасының «Ғаламдық қол жетімділік» жобасы аясындағы АҚШ пен Бразилияның веб-сайттары. (Когрес кітапханасының рұқсатымен)

Х. Биллингтон Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі 2005 жылдың маусым айында жасаған баяндамасында Ғаламдық сандық кітапхана туралы өзінің тұжырымын ұсынған еді. Қараша айында басталатын осынау жобаға интернетте мәлімет іздеуді жүйелейтін Google компаниясы 3 млн. доллар көлемінде грант бөлгенін мәлімдеді. Конгрес кітапханасы аталған қаржыны техникалық және ұйымдастыру жұмыстарына сонымен бірге аталған халықаралық бастамаға қатысатын елдердің институттарымен байланыс орнату үшін жұмсамақ. Жеке сектордан да техникалық білімді мамандар мен қосымша қаржы көзін іздестіру қарастырылмақ.

Бүкіләлемдік сандық кітапхана Конгресс кітапханасының өзге де сандық құжаттық жобаларына сүйенбек. Соңғы он жылдың ішінде Конгресс кітапханасы «Американы есте сақтау» жобасы аясында 10 млн. аса құжатты сандық қалыпқа өңдеді. Бұл жобаға қолжазбалар, карталар, аудио-визуалды таспалар, суреттер, музыка шығармалары мен өзге де құжаттар енді. 2000 жылы кітапхана «Ғаламдық қолжетімділік» атты жаңа жобаны бастады. Оған Бразилия, Франция, Нидерланды, Ресей мен Испанияның ұлттық кітапханалары қатысты. Екі тілдегі мультимедиялық таныстырылымда Америка мен жобаға қатысушы елдердің арасында тарихи байланыстар сөз болады. Алайда Бүкіләлемдік кітапхана бірінші кезекте қатысушы елдердің тарихы мен мәдениетіне басымдық бермек. Виртуалды кітапханада тек рұқсат етілген және адамзат атаулыға ортақ деректер жинақталмақ.

«Біздің елімізге мемлекеттермен жеке әріптестік орнату жауапкершілігі жүктелген және Интернеттің жаңа технологиясын қолдану арқылы әлемнің әртүрлілігін сақтай алатын боламыз. Мұндай әріптестік мультимедия ғасырында өсіп келе жатқан жастар үшін пайдалы болады деп үміттенеміз», – деді Биллингтон.

Бүкіләлемдік сандық кітапхана жайлы қосымша мәліметтерді төмендегі электронды сілтемеден алуға болады: http://www.loc.gov  

“Media Emerging” журналын қазақшаға аударған Асхат Еркімбай

Барлық авторлық құқықтар қорғалған. Автордың рұқсатынсыз көшіріп, жариялауға болмайды (с)

Мақалада келтірілген пікірлер АҚШ үкіметінің саясатын немесе көзқарасын білдірмейді.

________

АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің халықаралық ақпараттық бағдарламалар бюросы «АҚШ э-журналы» белгісінің аясында төмендегідей бес журнал шығарады: «Экономикалық басымдықтар», «Ғаламдық мәселелер», «Демократия мәселелері», «Сыртқы саясат» және «Қоғам мен құндылықтар».

Жаңа журнал ай сайын ағылшын тілінде жарық көріп, бірнеше аптадан соң испан, португал, орыс және француз тілдеріндегі аудармалары жарияланады. Кейбір сандары сонымен қатар араб және қытай тілдерінде де басылып шығады. Әр журналдың шығу жөніндегі есептік мәліметтері бар. Томы, яғни баспа шыққаннан бергі реттік томы мен кезекті нөмірі және ағымдағы жылға сәйкес нөмірі.

Журналда айтылған пікірлер АҚШ үкіметінің көзқарасын білдірмейді. АҚШ мемлекеттік департаменті журналда көрсетілген сайттардың мазмұнына жауап бермейді. Ол ресурстардың бар-жоқтығына оны шығарушылар жауапты. Журналдағы мақалалар, суреттер мен кесіндерді егер мақалаға қатысты авторлық құқыққа қатысты арнайы шектеу немесе нұсқау болмаса, Америка Құрама Штаттарынан тыс жерлерде жариялауға және аударуға болады. Өйтпеген жағдайда журналда аты аталған автордан рұқсат алу керек.

Журналдың ағымдағы немесе өткен сандарын және алда жарық көретін сандарының электронды нұсқаларын Халықаралық ақпараттық бағдарламалар бюросының сайтынан «http://usinfo.state.gov/journals.htm» табуға болады. Ұсыныстар мен ескертпелерді өз еліңіздегі АҚШ елшілігіне немесе төмендегі поштаға жолдаңыз:

Editor, eJournal USA

IIP/T/GIC

U.S.Department of State

301 4th Street SW

Washington, DC 20547

United States of America

Электронды адрес: ejglobal@state.gov
 

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Державаларды дабырайтқанша өзіңді насихаттау ел үшін, болашақ үшін әлде қайда берері артық болуы мүмкін? Автор қалай ойлайды екен? Мен Әмерикада демократия бар деп кім айтып жүр?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі