/

Радио және телевидение онлайн режимге ауысып, эфирде қалады

978 рет қаралды
1

Майкл Мерри

Технология үнемі даму үстінде. Сондықтан жаңа технологиялар телевидение мен радионы жаңашылдыққа итермелеп, соған бейімделуге жол ашады. Қазіргі таңда хабарларды жасауда да, оларды таратуда да үлкен өзгерістер пайда болды. Сонымен қатар, адамдардың да талғамдары өзгерді.

Майкл Мерри – Малибу қаласы, Калифорния штаты, Пеппердайн Университетінің профессоры, байланыс саласының маманы, кәсібилерге арналған электронды ақпарат электронды құралдар жайлы кітаптың және өзге де академикалық басылымдардың  авторы.

Фотомонтаж. Ақпарат тарату жаңашылдық пен ізденісті талап етеді. Себебі бұл сала үнемі технологиялық өзгерістерге ұшырап отырады. Сонымен қатар, өзгеріске ұшырағанымен, ол өз аудиториясын сақтап қалуға міндетті. TiVo, iPod және DVD тыңдармандары мен көрермендеріне еркіндік сыйлайды. Себебі көрермендер мен тыңдармандар өз талғамдарына қарай хабарлар мен жаңалықтарды өзі таңдап, ләззаттанады. (Барлық суреттер AP/WWP)

Американдық ақпарат таратудың тарихы – өмір сүру үшін күрес және сәттілік. Осыдан жарты ғасыр бұрын телевидение радиоға қарсы шықты. Осы кезде радио өмір сүруін неге тоқтатпады дейсіздер ме? Ол дереу драмадан музыкаға бет бұрды. Адамдарды көлік ішінде радионы тыңдауға шақырып, қызықты әрі көкейтесті жаңалықтарды талдай бастады.

Жарты ғасырдың ішінде телевидение американдықтардың көңіл көтеруші құралға айналды. Күнде кешке американдықтар теледидар алдында жиналатын. Себебі, өздерінің сүйікті хабарларын күтетін, сүйікті әртістерін экраннан көруге асығатын. Олар үшін ақпарат таратушы басты құрал – теледидар болды. Ал жарнама берушілерге теледидар тиімді еді.  Бірақ технологиядағы өзгерістер күннен күнге дәстүрлі ақпарат таратуды таңғалдыра бастады.

Бұрынғы бәсекелестер

Өткен ғасырдың 90-жылдары дисктардың көп болғанына қарамастан, радио қарқынды дамыды. Оған себеп, АҚШ – тың үкіметі халыққа бір уақытта бір хабарды тыңдауға мүмкіндік берді. Тіпті кішкентай қалашықтардың өзінде радио тарала бастады. Бірақ өкінішке қарай шағын елді-мекендердің тұрғындарына қызықты болатын бағдарламалар аз болды.

2003 жылы Федералды байланыс комиссиясы 13 450 радиостанцияға лицензия береді. Бұл 1970 жылмен салыстырғанда екі есе көп. АҚШ- та 10 000-дай радиостанция бар. Мұндай сан дүние жүзінде сирек кездеседі. Дегенмен, АҚШ үкіметі Эн-пи-ар тәрізді кейбір коммерциялық хабарларды ғана қаражатпен қамтамасыз етеді.

Телевидениенің алғашқы қарсыластарының бірі – кабельді желі болды. Нақтырақ айтса, бір салаға арналған каналдар: Си-эн-эн (Ақпаратты кабельмен тарату), Эм-ти-ви (Музыкалық арна). Кабельді телевидение өткен ғасырдың 80-жылдары үлкен қалаларға ене бастаған. Осы кезде телевидение өздерінің көрермендерін жіберіп алмауды ойлады, сөйтіп телевидение «кабельді телевидение жергілікті хабарлар мен жаңалықтарды ғана берсін» деген ұстанымда болды.

Өткен ғасырдың 90 жылдары телевидениелер арасындағы бәскелестік күшейе түсті, себебі спутник арқылы «тікелей эфирмен ақпарат тарату» пайда болды. Бұл телевидениенің алғашқы сандық қызметі еді. Сонымен қатар, кабельді телевидение сандық сигналдармен жұмыс істейтін қызметкерлерді тапты. Соның нәтижесінде каналдар саны онашақтыдан жүзге дейін көтерілді.

Егер қазіргі таңдағы АҚШ-тағы ең үлкен әрі беделді 5 медиа-конгламераттарды қарастыратын болсақ, онда олардың бәрі кабелді каналдарға ие. Ең кем дегенде, олардың өздерінің жанрларына сәйкес ерекше, қайталанбас хабарлары бар. Оның төртеуінде телетарату мен телевизиондық станциялар бар. Үшеуі кино жасаумен айналысады, ал екеуі 100-ге жуық радиостанциясы бар. Олардың өзара қарым-қатынастары жайлы сөз қозғамаған жөн. Себебі бұл мәселені ашып талқылау қиынға соғады. Тіпті, өзінше бір саясат десе де болады.

Көрермендер арасында хабарларды аудио немесе видеоға жазып алып, оны дер кезінде көрмей, қолы босаған уақытта көретіндер де болатын. Бұл оншақты жыл ішінде танымалдылыққа кері әсерін тигізіп жүрді. Бірақ TiVo пайда болғанға дейін ғана. TiVo – теледидарда болып жатқан хабарларды жазып алып отырады, жарнаманы қиып тастайтында талғауларды ұсынады. Осылайша жарнаманың халі нашарлап, көрермендер хабарларды дер кезінде көрмейтін болды. Бұл әрине жарнама берушіге де, теледидарға да кері әсерін тигізді.

ХХ ғасырдың 90-жылдарында теледидар көрермендерінің саны күрт төмендеді. Мүмкін бұл халықтың көгілдір экран алдында отыратындай бос уақытының аздығына байланысты болар. Ал телевидениенің басты бәсекелестерінің бірі – Интернет, DVD, видео ойындар және басқа да электрондық технологиялар болды.  «Веронис Шулер» Инвестициялық банкінің мәліметі бойынша, 2000 жылы халық теледидарды интернетпен салыстырғанда 8 есе көп пайдаланса, 2005 жылы 4-ақ есеге дейін жеткен. Айта кетерлік, бұл банк ақпараттық және электронды технологияға қаржы құйған банк.

Интернет теледидардың және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының басты бәсекелестерінің бірі болды. Дегенмен, интернет те өз пайдасын тигізді. Зерттеу барысында мамандар «адамдар бір уақытта теледидарды да көріп, интернетпен де қолдана алулары мүмкін» деген болжам жасады. Теледидар интернет арқылы өз бағдарламалары жайлы ақпарат бере алды және онлайн режимінде хабар таратуға мүмкіндік туды. Ал радиостанциялар интернет арқылы бүкіл дүниежүзімен жұмыс істеп, хабарларын тарату оңайға соқты. Хабар таратушы корпорациялар сайттарға жарнама жасап отырды, олар көрермендерге қай сайтта қандай қызықты мәліметтер бар екенін айтып, көрермендердің назарын интернетке аудара алды. Ал Интернеттің аудиториясының назарын хабар таратушы корпорацияға аудару қиындық туғызды.

Жаңалықтардың көрермендер саны өскенімен, продюсерлар тұрақсыз көрермендерге тап болды. Си-эн-эн және басқа да корпорациялар жаңалықтарды, ауа-райын, спорт жаңалықтарын көрерменнің қалаған уақытында үзбей беріп тұрды. Әсіресе таңғы уақытта жергілікті жаңалықтар таралу көлемін арттырды.

Жаңалықтар үнемі жаңаланып отырды, олар әрдайым қорда болды. Репортерлер очерк дегендерді ұмыта бастады, себебі олар бірінші кезекте тікелей эфирге жаңалық табумен айналысты. Интернетте тез таралатын ақпаратты саяси тұлғалар, қоғаммен байланыс жасайтын мамандар талқылап үлгермей қалды. Себебі спутник арқылы берілетін тікелей эфирдің арқасында журналистер сұхбат жанрымен белгілі бір проблеманы талқылап үлгеретін. Көрермендердің арасында телеарналарды үнемі ауыстырып отыруды ұнататындар да болады. Соларға арнап, арналар арнайы алдын ала көрсетілетін хабарлардың жоспарын айтып отыратын.

АҚШ – тағы жаңалықтар берудегі ең үздік – «кешкі соңғы жаңалықтар» атты хабары өз көрермендерін күннен күнге жоғалта бастады. Жаңалықты жеткізу формасына өзгерістер енгізіп, түрлендіруге тырысқанымен көрермендерін қайтара алмады. 2005 жылы 3 желі де көрермендерінен айырылды. Оған мықты журналистердің зейнеткерлікке шығуы немесе олардың қайтыс болуы себеп болды. Оларды мықты журналистер дейтін себебіміз, олар оншақты жыл оқиғаның болған жерінен ең қызықты әрі күрделі репортаждар жүргізіп отырған.

Дегенмен, ақпарат таратушы корпорациялар жаңалықтық репортажды жақсартатын жаңа техологияны ойлап тапты. Жаңалық тарататын хабарларда графикалық бейнелер пайда бола бастады. Ол аннимациялық суреттер еді. Олар мысалы жақындап келе жатқан дауылдың бағытын бейнелейтін. Спутник арқылы көрсетілетін тікелей эфирлік репортаждар барлық жерлерден жүргізіліп отырды. Тіпті әскери кемелерден бастап шөл даланы өтіп бара жатқан әскери колонналардың автокөліктеріне дейін көрсетіле бастады.  Бұдан кейін соғыстарды да тікелей эфирге шығара бастады. Соғыс қалай жүріп жатса, еш өзгеріссіз дәл солай көрсетілді. Сонымен қатар, журналистер Ирақтағы соғысты тікелей эфирден көрсетіп қана қоймай, білген, көргендерін блогтарына жариялай бастады. Мұндай репортаждар әрине көрермендерді қызықтырды. Осылайша жаңалықтар көрермендерін сақтап қалып, табыс әкеле бастады.

Сонымен, 2000 жылы теледидар (44,8 млрд АҚШ доллары) және радио ( 19,3 млрд АҚШ доллары) табыс шыңына жетеді. Алайда келесі жылы табыс қайтадан күрт төмендеп кетеді. Телевидение  жағдайын түзей алды. Кабельді телевидение болса дамуын тоқтатпады.

Ал радио сол күйінше қала берді. Радионың халі мүшкүл еді. 1995 жылдан 2005 жылдар аралығында ол өзінің 13 пайыз көрменін жоғалтып алды. Жарнамадан пайда азайды, ал радиостанцияның құны тым қымбат болатын, әрине бұл жағдай көптеген шығындарға әкеліп соқты. Ең үлкен радио «Клиэр чэннел» 2002 жылы 17 млрд доллар шығынға ұшыраса, 2005 жылы 4,9 млрд шығын көрді. «Клиэр чэннел» өз өнімдерінің 20 пайызын қысқартуларына тура келді, тіпті жарнамаларын да қысқартты. Себебі тыңдармандарды ұстап қалу керек болды. Ал тыңдармандар радиода жарнаманың көп болғанын қалаған жоқ. Мұндай стратегия бағаны көтеруге мүмкіндік туғызып, жарнаманың ұзақтығының қысқартылуына алып келді. Осы жылы бұл стратегияның тиімді екені байқалуда. Алайда, радио әлі күнге басқа проблемалармен ұшырасуда. Мысалы, эфирде дыбыс жазғаны үшін параны ақшалай немесе сыйлық түрінде берушілер пайда болды.  Спутниктік радио коммерциалық радиоға балама ретінде даму үстінде. Ал радиоға iPod және соған ұқсас сандық құрылғылар бәсекелесе бастады. Олар музыканы қол жетімді және ыңғайлы етеді.

iPod және соған ұқсас сандық құрылғылар радио хабарларды жаза алады. Бұл процесс  теледидарға  арналған   TiVo – ға ұқсас.

Тыңдармандар хабарларды жазып алып тыңдауға үйреніп-ақ қалған. Дегенмен мұндай портотивті құрылғылардың сапасы да, мүмкіншіліктері де артығырақ. Сонымен қатар, олармен қолданған өте ыңғайлы.

Телевидение көптен бері бір сатыға жоғары көтерілмек, демек – жоғарғы айқындық сатысына өтпек. Бірнеше жылға кешіксе де, бұл өзгеріс те жақындап қалды.

Сандық радиохабарда көп жылдар бойы жасалды. Оның басты міндеті  компакт – дисктің сапасындай сапа жасау болды. Бірақ ол өте ұзақ уақытты алды.

Жаңа бәсекелестер

Егер 90-жылдары интернет пен видео пайда болмағанда, телекорпорациалар мен кабельді теледидар  XXI ғасырға аз ғана жаңалықтармен енуші еді. Мысалы, жоғары айқын телевидение, жаңа каналдар және бір-екі аса маңызсыз жаңалықтар ғана қалар ма еді.

Телефон компанияларымен жасалған сандық абанеттік желі, модемдердің арқасында интернетпен қолдану енді өте ыңғайлы. Тіпті, интернетпен үйде де қолданған қиындық тудырмайды.

Қысқартылған сандық видео формат әрбір битті сипаттайды, артық ақпаратты табады, қажет емес заттардан тазартады. Пайда болған белгі компьтердің қатты дискісіне беріліп, интернетке де таралады. Бұрын мұндай белгілер тек бір ғана аналогты видеоға әлі жетсе, қазіргі таңда ол оншақты қатты дисктер электронды белгілерге сияды. Компьютерлердің өте үлкен  жадының арқасында видеоларды көріп қана қоймай, оларды монтаждауға да мүмкіндік бар.

Фотомонтаж: Спутниктік радио, интерактивті телевидение және сандық видео – бұл хабар тарату технологиясындағы жақында пайда болған аз ғана технологиялық жаңалықтардың бірен сараны.

Федералды үкіметпен мақұлданып, қысқартылған сандық видео формат жаңа стандартты сандық теледидардың пайда болуына мүмкіндік туғызды. Бұл стандарттардың негізі – 2009 жылы аналогтық каналдардан сандық каналдарға ауысумен байланысты. Бірақ көп жылдар бойы каналдар мұндай стандартқа ауыспай жүрді. Себебі бұл қымбат еді. Сандық теледидарлар әлдеқайда арзан болды, сол себепті халық оны сатып ала бастады. Мұндай теледидарлар бүкіл отбасыны бір теледидар алдында жинай алады. Дегенмен, теледидарды жалғыз көретіндер де бар. Не десе де, ол адамның талғамына байланысты.

Бәсекелестікте озып шығу үшін, желілер прайм-тайм уақытында хабарларды беруді ұсынды. Оның бағасы 1 минутқа 1,99 доллар. Бірақ бұл уақытта «Эппл Компьютер» корпорациясы   iPod-ты айналымға шығарып қойған.  Ол видеоларды оқитын. Бұл әрине өзінің рейтингісін жоғарылатады.

Жаңа медиа дәстүрлі телевизиялық жарнамаларға үлкен қауіп төндіруде. Кез келген адам Google-дан тегін немесе ақылы видео жүктей алады. Желілі ақылы бағдарламалар кабелді және сандық телевидениеде де бар. Бұл ақылы киноға барғанмен тең процесс. Қазіргі таңда, әртістер, жазушылар, компаниялар, желілер және  т.б. табысты дұрыс бөлісуді талқылауда.

Интернет өзіне видеоны қандай көлемде сыйғыза алса, сол көлемде  теле корпорациялардың бәсекелестері болуы мүмкін.  Телекоммуникациялық компаниялар мен ақпаратты технологиялық компаниялар IPTV-ді дамытып жатыр. IPTV – Интернет – теледидар. Жас продюссерлардан қандай жаңа видеолар мен хабарлар және жаңа компаниялардан не келіп түсетінін кім білген? Бірақ бір нәрсе естеріңізде болсын, дәстүрлі хабар таратушы компаниялар оңай жеңілмейді де, орындарын оңайлықпен бермес.

“Media Emerging” журналын қазақшаға аударған Асхат Еркімбай

Барлық авторлық құқықтар қорғалған. Автордың рұқсатынсыз көшіріп, жариялауға болмайды (с)

Мақалада келтірілген пікірлер АҚШ үкіметінің саясатын немесе көзқарасын білдірмейді.

________

АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің халықаралық ақпараттық бағдарламалар бюросы «АҚШ э-журналы» белгісінің аясында төмендегідей бес журнал шығарады: «Экономикалық басымдықтар», «Ғаламдық мәселелер», «Демократия мәселелері», «Сыртқы саясат» және «Қоғам мен құндылықтар».

Жаңа журнал ай сайын ағылшын тілінде жарық көріп, бірнеше аптадан соң испан, португал, орыс және француз тілдеріндегі аудармалары жарияланады. Кейбір сандары сонымен қатар араб және қытай тілдерінде де басылып шығады. Әр журналдың шығу жөніндегі есептік мәліметтері бар. Томы, яғни баспа шыққаннан бергі реттік томы мен кезекті нөмірі және ағымдағы жылға сәйкес нөмірі.

Журналда айтылған пікірлер АҚШ үкіметінің көзқарасын білдірмейді. АҚШ мемлекеттік департаменті журналда көрсетілген сайттардың мазмұнына жауап бермейді. Ол ресурстардың бар-жоқтығына оны шығарушылар жауапты. Журналдағы мақалалар, суреттер мен кесіндерді егер мақалаға қатысты авторлық құқыққа қатысты арнайы шектеу немесе нұсқау болмаса, Америка Құрама Штаттарынан тыс жерлерде жариялауға және аударуға болады. Өйтпеген жағдайда журналда аты аталған автордан рұқсат алу керек.

Журналдың ағымдағы немесе өткен сандарын және алда жарық көретін сандарының электронды нұсқаларын Халықаралық ақпараттық бағдарламалар бюросының сайтынан «http://usinfo.state.gov/journals.htm» табуға болады. Ұсыныстар мен ескертпелерді өз еліңіздегі АҚШ елшілігіне немесе төмендегі поштаға жолдаңыз:

Editor, eJournal USA

IIP/T/GIC

U.S.Department of State

301 4th Street SW

Washington, DC 20547

United States of America

Электронды адрес: ejglobal@state.gov

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Астана қаласындағы «Шабыт – шығармашылық орталығы» ЖК
    қазақ тілінде сапалы шығармашылық туындылар әзірлеу арқылы заңды тұлғаларға, шығармашылық-ғылыми нысандарға, халыққа мынандай қызмет түрлерін көрсетеді:

    • Сахналық және экрандық қойылымдарға, көркем және деректі фильмдерге, телевизия бағдарламаларына, шығармашылық кештерге, шоу қойылымдарға, мәдени іс-шараларға, фестивалдерге, әзіл-сықақ театрларына, КВН топтарына, түрлі мерейтой салтанаттарына арнап тапсырыстармен сценарийлер дайындау және очерк, эссе жазу;

    • БАҚ редакцияларының тапсырыстарымен әртүрлі жанрлар бойынша туындылар жазып жарыққа шығару;

    • Қазақ тіліне әдеби-көркем публицистикалық аудармалар жасау және дайындалған мақалалар мен кітаптарды редакторлау, баспаға ұсыну;

    • Компаниялар, фирмалар, кәсіпорындар мен сауда маркаларына олардың тапсырыстары бойынша жарнама мәтіндерін дайындап беру, PR-мақалалар мен теле-радио бағдарламалардың мәтіндерін жазып беру;

    • Ғылыми ізденушілер – магистрант, докторанттар еңбектерінің қазақшасын редакторлауға, рецензиялауға, өңдеп жетілдіруге, ағылшынша, орысшаға түйіндемелер әзірлеуге кәсіби көмек көрсету;

    • Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша ЖОО қызметкерлеріне білім беру стандарттарына сай оқу-әдістемелік кешендерін, оқу құралдарын, тест сұрақтарын ұтымды әрі сапалы жасауларына көмектесу, әдістемелік кеңес беру;

    • Дизайнер, суретші, журналистика, арт-менеджмент, кинотану, театртану, драматургия, операторлық өнер, режиссура секілді шығармашылық мамандықтарын таңдаған талапкерлерді ақылы түрде арнайы дайындықтан өткізу;
    • Журналистика, арт-менеджмент, режиссура, әдебиет және өнер сыншысы мамандықтары бойынша ақылы түрде семинар-тренингтер, білім жетілдіру, қайта даярлау курстарын, шеберлік-сынып дәрістерін ұйымдастыру. (телефоны: 37-39-05 қосу-129; ұялы тел.8-701-4818918)

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі