//

«Тобылдың» басынан бақ тайды ма?

1469 рет қаралды
3

 Иә, биылғы маусымда «Тобылдың» ойны мүлдем жүрмеді. Былтырғы чемпион мүлгіп-қалғып барлық жүлделерден құр қалды.

«Тобылды» үнемі жүлдегерлер қатарынан көруге көз әбден үйреніп қалған. «Тобыл» чемпион болды», «Тобыл» Кубогты жеңді» десең ешкім таң қалмайтын. Ал «Тобыл» ештеңе ұта алмады» деген құлаққа оғаш естіледі екен. Талай жылдар бойы көрермендерін жүйелі ойнымен қуантып келген команданың дәл көз алдымызда «өшуі» көңілді көншітпейді, әрине.

«Тобылдың» биылғы «бахытсыз» маусымы Санкт-Петербургте өткен ТМД Кубогында өнер көрсетуден бастау алды. Бұл жарысқа дайындық жаңа ойыншы алу, басшылықты ауыстыру секілді клубтың өз ішіндегі өзгертермен қатар келді. Бірақ команданың ойыны жақсарғанның орнына керісінше нашарлай бастады. Ары қарай Суперкубог күтті. Тура чемпионат басталарда мұндай матч өткізу-өткізбеу керектігі жөнінде сұраққа шалынар ойында қос команда да жанын сала тайталасты. Аты маңғазды Кубогты «Локомотив» ұтқан-ды. Жә, онша маңызды емес жартылай ресми жарыстағы ұтылысқа көз жұмдық делік, бірақ «Тобыл» «бөрі арығын білдірмес, түгін сыртқа қампайтар» дегендей сол матчты ұту арқылы чемпиондық дәрежесін дәлелдеу керек еді. Ұжым чемпионатқа «шикі» келді. Команда маусым барысында жасақталды, ойыншылар бірін бірі танып үлгермей жатты. Бапкер болса күнде ауысып жатыр… Әрине, мұның бәрі команда ойынына тікелей әсер етеді. Кейін келе ұжым басшыларының ойына ең болмағанда алғашқы алтылыққа ену керек екенідігі сап ете түскенде алдарында азулы «Ордабасы» тұрды. Чемпионаттың алғашқы жартысында «Ордабасыны» ұтуға не кедергі болғаны белгісіз. Өйткені, «Тобыл» Чемпиондар Лигасының квалификациялық кезеңінде Словакияның «Слованымен» сондай тамаша ойын көрсеткен. Өз алаңында 1-1 есебімен тең түссе, тек Братиславада қожайындар қостанайлықтарға 2 голды ойын ережесін бұзу арқылы ғана соққанына көбіміз куәгер болғанбыз.

 

Енді не қалып еді? Екінші алтылықтың «чемпионы» болуға күресіп Қазақстан Кубогын жеңуге күш салу қалып еді. Бірінші тапсырманы орындаса да Кубогті төбелеріне көтеру бұйырмапты Беляков шәкірттеріне. Алайда не кедергі болғаны белгісіз. Мүмкін бұрынғы ойыншылар ойнаған кездегі чемпиондық рух жетіспеген болар. Қостанайда 10 жыл бойы жарқын ойын көрсетіп команданың қозғаушы күші мен ажырамас бөлігіне айналған Нұрбол Жұмасқалиевтің Астанаға көшуімен «Тобылдың» басынан бақ тайды ма? Кезінде «Тобылдың» UEFA Intertoto Cup аясында Владимир Мұханов бас болған кездегі «сең бұзар» екпінді ойыны әр жанкүйердің есінде болар.

«Тобылдың» биылғы қаражолақты маусымын қорытындылай келе, мынадай түйін туды: Жыл сайын чемпион атану ешкімнің қолынан келмейді. Тіпті, мойындалған, «ұлы» деген командалардың өзінде құлдырау кез болады. Бұл командаға атқарылған істерді саралап алға мақсат қоя дамуға ұмтылу қажет секілді. «Қазақстанда футболды қай өлкеде жақсы көреді?» деген сауалға кезкелген «Қостанайда» деп жауап берсе қате айтпас еді. Сондықтан «Тобылдың» асулары әлі алда. Қостанайлықтарға қажырлы еңбек пен оң пиғылдан артық ештеңе керек емес.

«Тобыл» намысын 2011 жылғы Қазақстан чемпионатында қорғағандар:

Виталий Волков (1981, Ресей) — 31–4, Сергей Гридин (1987) — 30–12, Александр Кислицын (1986) — 30–4, Самир Бекрич (1984, Босния және Герцеговина) — 29–7, Сергей Костюк (1978) — 28–2, Евгений Овшинов (1980) — 28, Ненад Шливич (1985, Сербия) — 27, Ермек Куантаев (1990) — 25, Штепан Кучера (1984, Чехия)- 22, Олег Лотов (1975) — 21–1 (1), Анатолий Богданов (1981) — 19–3, Игорь Юрин (1982) — 18–4, Олег Шептицкий (1986. Украина) — 18–2, Ярослав Багинский (1987) — 17 (- 27, 2-уі пенальтиден), Александр Петухов (1985) — 15 (- 17, 1п), Бауыржан Жолшиев (1990) — 12–3, Алексей Малышев (1989) — 12–1, Роберт Зебелян (1984, Ресей) — 11–2, Даурен Жатеков (1991) — 9, Алексей Данаев (1979) — 7–1, Ермек Нұргалиев (1986) — 7, Дмитрий Богдан (1989) — 5, Евгений Романов (1990) — 5, Ринат Хасенов (1987) — 5, Анатолий Стукалов (1991)

Маусым барысында келгендер: Д. Богдан («Қайсар»), Б. Жолшиев («Атырау»), Р. Зебелян («Динамо», Минск, Беларусь)

Маусым барысында кеткендер: А. Данаев («Ертіс»), Р. Хасенов («Қайрат»), О. Шептицкий

Олжас ОҚАСОВ

Мінбер-Спорт

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Биыл шымкент бәрін “жыртты”. Келер маусымда “шахтерді” де жыртады!!! Алға Шымкент!!!

  2. Жарайсың Олжас мырза! Осындай халыққа қажетті, әрі қызықты мақалалармен Мінберді толтыра бер!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар