/

Алматыда жыл соңына дейін 19 электрондық қызмет енгізіледі

801 рет қаралды

Жыл соңына дейін Алматы қаласының сайтында 19 жаңа электрондық қызмет пайда болады, деп хабарлады қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Жанаргүл Хасенова.

«Жыл соңына дейін 19 электрондық қызмет енгізіледі. Қазіргі уақытта Алматы қаласының сайтында 92 ақпараттық қызмет бар. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдар мен мәліметтер базасының арасында интеграция құру жоспарланған», – деді ол сейсенбі күні «электрондық үкіметті» насихаттау бойынша баспасөз сапарында.

«Үстіміздегі жылдың желтоқсанынан 2012 жылдың сәуіріне дейін Алматы қаласының е-қызметтері мен республикалық маңыздағы е-қызметтердің арасында интеграция жасау көзделген», – деді ол.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ электрондық қызметтерді ілгерілету жөніндегі менеджері Алмас Толқыбаевтың атап көрсетуінше, бұл интеграция азаматтардың құжат алу процесін жеңілдетіп, жеделдетеді және мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландырады. Атап айтқанда, бұл баланың тууы бойынша қызметтерге қатысты.

«Баланың туу фактісі денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде тіркеледі, баланың ата-анасы туралы мәліметтер де енгізіледі. Бұл автоматты түрде АХАЖ-ға жіберіледі, онда сәбиге ЖИН беріліп, ата-анасы туралы мәліметтермен бірге жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасына жіберіледі. Баланың туу туралы куәлігі дайын болғанда, порталда тіркелген ата-анаға сәйкес хабарлама келеді», – деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, «жаңа қызметтің көмегімен процесс 5 жұмыс күніне дейін жеделдей түседі».
А.ТолқыбаевҚазақстандағы электрондық қызметтердің бәрі тегін көрсетілетінін атап көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстан азаматтары үшін электрондық сандық қол (ЭСҚ) алу да шығынды қажет етпейді, ал ТМД-ның басқа елдерінде олай емес.

«Өзбекстанда ЭСҚ жеке тұлғалар үшін 20 мың сом, заңды тұлғалар үшін 25 мың сом тұрады. Ресейде жеке тұлғалар үшін – 500 рубль, заңды тұлғалардыкі – 600 рубль. Әзербайжандажеке тұлғалар үшін – 14 манат. 1 манаттың 1 еуродан да қымбат екенін айту керек. Заңды тұлғалар үшін ЭСҚ бағасы – 60 манат, ал мемлекеттік қызметкерлер үшін – 134 манат », – деді ол.

«Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ-ның мәліметтеріне сәйкес, үстіміздегі жылдың басынан бері республикада электрондық қызметтердің көмегімен 6 млн 376 мың 859 анықтама берілді. Берілген ЭСҚ-лардың саны – 710 мың 070, бұл былтырғымен салыстырғанда 3 есе көп. Порталда 74 мемлекеттік қызмет және 2 мыңнан аса ақпараттық қызмет көрсетіледі.

Үстіміздегі жылдың соңына дейін денсаулық сақтау министрлігінің медициналық ұйымға тіркелу, дәрігер қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру, электрондық денсаулық төлқұжатын қарау, профилактикалық шаралардың тізімі сияқты электрондық қызметтерді іске қосы жоспарланған. Бұдан басқа, жыл соңына дейін коммуналдық қызметтер үшін төлемді «е-үкіметтің» порталы және жедел төлем терминалдары арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі енгізілмек.

Сондай-ақ, фотобейнетіркеу жүйелері тіркеген бұзушылықтар үшін айыппұлдарды «онлайн» режимде және ұялы телефон немесе жедел төлем терминалдары арқылы төлеу мүмкіндігін жасау қарастырылған.

«2014 жылы «электрондық үкімет» аясында мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 50%-ын электрондық түрге көшіру жоспарланып отыр», – деп атап көрсетті «Зерде» холдингінің бұқарамен байланыс менеджері Гүлмира Тажмағанбетова.

Дереккөз: thenews.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері