//

Қуат Мырза, «Оле Бразил» академиясының оқушысы: «Ала доп арқылы еліме еңбек етіп, жанұяма жәрдемдессем деймін»

1257 рет қаралды

Тарих парақтарына үңілсек Еуропаға енгелі Сербияны сан соқтырдық, үстіміздегі жылы Әзірбайжанды бір доп айырмасымен ұттық. Ортасында әлемдік тізімде соңғы орындарға таласып тұрған Андорра, Омандарға артық гол соқтық деп масаттанамыз. Аз-маз тең есептер бар. Көбнесе, көбнесе деппін-ау әрдайым не бағымыз, не бабымыз шаппай «тұсауы кесілмеген баладай» сүрінеміз де жатамыз. Соңғы минуттарға тірелегенде кежегеміз киін тартып, ұпай еншілейтін сәттер қолдан тайқып кете барды қанша? Жұрт содан соң күйініштерінің кесірін алаңда өнер көрсеткен футболшылардың арасында қазақтың аздығынан іздейді. Бүгінде бірнеше жасөспірімді  мұхит асырып, футболдың жілік майын шаққан Бразилияға жібердік, мақсат – қазақ футболының көсегесін көгерту. Ел сенім артқан жас футболшының бірі – Қуат.

– Әңгімені , туған жеріңнен бастасаң…

– Осыдан он жеті жыл бұрын, дала сарылыққа ене бастаған мезгілде Шырайлы Шымқалада, көп балалы отбасыда дүниегеи келдім. Ұйдің еркесімін. 4 бірдей ағам бар. Бірақ ешқайсысы спорт бағытымен кеткен жоқ.

– Футболға қалай келдің?

– 9 жасымнан бері жасыл алаңдамын. Бәрі сияқты аулада доп қуалап бастағанмын. Ата-анам спортқа құлшынысымды байқап облыстық футбол мектебіне берді. Осы жаққа аттанғанға дейін сол жерде шыңдалдым. Команда жасақталып талай турнирлерде бақ сынадық.

–  Алғашқы бапкерің кім еді?

–  Арсен Дүсүпів, Ғалым Дербісбаев, Әмірби Динаев және Ұлықбек Ириметов сияқты бапкерлерім болды, олардан көп нәрсе үйрендім. Футболдың мен түсіне бермейтін қарларына терең бойлатты. Тактикалық тұрғыдан да, психологиялық жағынан да жәрдемдері мол болды.

–  Алаңдағы рөлің қандай?

–  Жартылай қорғаушы, кейде қорғаушы қызметін де атқара берем.

– Сүйікті нөмірің ше?

– 8-ді өте ұнатам. Бірақ қазір 4 ші нөмірде жүрмін.

– Бразилияға жолдама алу сен үшін қиындық туғызбады ма?

– Маған жолдама оңайлықпен келмеді. Бірінші Алматы қаласында өткен іріктеуден өте алмадым, сонда да жасымай, еңсемді түсірмей екінші іріктеуге Астанаға келдім. Өзімді бар қырына көсретуге тырысып бақтым, бағым жанып, еңбегім еленіп сарапшылардың көзіне іліктім. Сөйтіп, біздің мектептен 3 бала болып осы елге табан тіредік.

– Өзіміздегі және Европаның қай клубтарының намысын қорғағың келеді?

– Қазақстанда туып өскен Шымкенттің командасында доп тепкенге не жетсін, ал Европадан немістердің бундис-лигасындағы командаларының жейдесін кию мен үшін үлкен бақыт.

– Жаттығудан босағанда немен айналысасың?

– Достарыммен болғанда ұнатам.

– Сабақ үлгерімің қалай еді? Қандай пәндер қызықтыратын?

– Сабақта орташа оқыдым, ұнататын пәнім жоқ десе де болады., мен үшін бәрі бірдей еді. Дене шынықтыруды есептемегенде, әрине)))

– Бразилия мен Қазақстан футбол мектептерінен нендей айырмашылық байқадың?

– Мұнда 5 жамар балада доп тебуге шебер, таланттар өте көп, варасынан жарып шығу үшін талмай еңбектене беруің қажет, ол да әр футбалистің жетілуінің алғыфшарты, мұнда академиялар өте көп

– Онда күніне неше сағат жаттығасыңдар?

– Бір жарым сағаттан екі рет. Мұндағы бапкерлер бізбен дос ретінде қарым-қатынас жасайды.

– Үлгі тұтар футболшың кім?

– Рональдо Фенамено. Фенамено- жалғыз ондай біреу ғана деген мағынада. Жартылай қорғаушы бола тұра, шабулшының ойын өрнегіне қызыққаның қалай деп тұрған шығарсыз, ол шын мәнінде өз заманының үздік бамбардирі болды.

– Арман- мақсаттарыңмен бөлісе кетсең…

– Кез келген футболшының арманы – өз елінің намысын абыроймен қорғау. Ең бастысы – әке-шешемнің үкілеген үмітін ақтау. Өмірімді тек футболдан көргендіктен еліме де еңбек сіңіріп, жанұяма жәрдемдесіп, туысқандарыма да қол ұшын созсам деймін.

– Өмірде мінезің қандай?

– Қазақтың қарапайым баласымын!(кейіпкеріміз осы жауаппен ғана шектелген болатын, достарынан сұрағанымда, салмақты да сабырлы, адамгершілігі мол, нағыз патриот екендігін айтты.)

– Әңгімеңе көп рахмет!

Сұхбаттасқан: Мөлдір ДАРХАНБАЕВА

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері