///

Сагарра қазақ боксын көгерте ала ма?

1515 рет қаралды

Бокста кубалықтардың десі басым. Бостандық аралының өкілдері Олимпиадада жиған алтын жүлдегері бойынша Америкаға ғана жол беріп тұр. Куба құрамасын табан аудармастан 36 жыл баптап, 32 олимпиада алтынын олжалаған әйгілі бапкер Карлос Альсидес Сагарраның ерлігіне әрбір кубалық бас иеді. Басқасын былай қойғанда, Феликс Савон мен Теофилио Стивенсонды олимпиада тұғырына үш мәрте қондырғының өзі нағыз ерлердің қолынан келетін іс. Жақында әйгілі маман Алматыға келді. Бұдан былай ол кісі Қазақстан боксының өркендеуіне үлес қоспақшы. Мұхиттың арғы жағынан Альсидесті Алматыға алып келген Республкалық спорт колледжінің директоры Амалбек  Қозыбақұлы.   Алматы қалалық бокс федерациясының басшысымен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

–  Амалбек  аға, «Кубаны тастап ешқайда кетпеймін. Менің жүрегімде елдің символы корольдік пальма өсіп тұр» деп ағынан жарылған Сагарраны Қазақстанға қалай алып келдіңіз?

-­­­ Өзіңіз білесіз, бүгінгі таңда Алматы қалалық бокс федерациясының басшылық  қызметін атқарудамын. Сол себепті, ел жанкүйерлері мен бокссүйер қауымның алдында көрсеткен нәтижелеріміз үшін басыммен жауап беремін. Әлемдегі ең танымал, ең білікті, талантты тап басып танитын, көше баласынан күллі дүниені аузына қаратқан чемпион тәрбиелеп шығарған Карлос Альсидес Сагарраның Қазақстанға келуі жанкүйерлер үшін үлкен жаңалық болғаны рас. Кубаға барған алғашқы сапарымда әйгілі бапкермен жүздесіп, әңгімелесудің орайы келді. Дастархан басында күліп –ойнап, бокс турасында ой – пікірлерімізбен бөлісе отырып, Карлос мырзаға Қазақстанға  кел деп қолқа салдым. Міне, Карлос аяулы Алматыға  ат басын бұрды. Мен бұл қадамға не үшін бардым? Ең бірінші кезекте, бапкерлердің біліктілігін арттыру. Бапкерлердің деңгейін көтеру үшін әлі қанша жұмыс атқаруымыз керек. Сөзімді қорытып айтар болсам, мықты боксшы өсіру үшін бапкердің білігін арттыруға міндеттіміз.

– Сөзіңіздің жаны бар, әрине. Енді Сагарра мырза Қазақстанда қанша уақыт болуды көздеп отыр?

– Бір жылда Сагарра менің кеңесшім қызметін атқарып, Алатау бауырындағы қаланың құрамасына бас көз болады. Алматыда бір жылдай болады. Сагарра қазір  75 жаста, бірақ жүріс-тұрысы жас жігіттен кем емес. Өте зиялы, көргені мол адам.

– Айтулы бапкердің Қазақстанға келгеніне бірнеше айдан асыпты. Біздің өмір салтымызға бейімделіп қалған шығар…

– Екі бөлмелі пәтерде уақытша тұрып жатыр деп жоғарыда айттым. Мені таң қалдырғаны, Сагарра көп тамақ ішпейді, Жеңіл тамақтанғанды жөн көріп, үнемі көңілді жүреді. 32 олимпиада чемпионын  дайындаған маман деп айтпайсыз. Өте қарапайым.

–  Амалбек аға, осы орайда олимпиада чемпиондарын тәрбиелеген отандық бапкерлерді қаншалықты құрметтеп жүрміз деген сұрақ туады. Бапкердің статусы спортшыдан кем болмауы керектігін де жақсы білеміз…

– Шыны керек, олимпиадада топ жарған батырлар мен олардың бапкерін қазақ ұмытқан жоқ. Ешқашан ұмытпайды да. Төрт жылдық бәсекесінен оралған бетте халық оларға сый-сияпатын жасайды. Қазақ тарихында олимпиададан жүлде әкелген ұлттың ұлы тұлғалары ретінде қалды. Енді  одан артық не керек? Өмір бойы халық оларға қарыздар болып өтпейді ғой. Бапкерлерде бір орында тұрмай, ілгері  қадам жасауы тиіс. Мәселен, Сагарра! Бір емес, 32 олимпиада чемпионын баптады. Бірақ астамсымайды, қарапайым қалпынан айнымайды. Карлостың бұл қасиеті үлгі алуға тұрарлық деп ойлаймын.

– Отандық бапкерлердің кемшілігі неде деп ойлайсыз?

– Бокста ең бірінші бас жұмыс істеуі керек. Аяқ ойнап тұруы тиіс. Спортшы ақылға салып, соққы жасаудың кереметтігін ұғындыруға міндеттіміз жас дарындарға. Боксшы жекпе-жек кезінде бір секундқа жетпейтін уақытта шешім қабылдап, соққы жұмсайды. Ал ол үшін физикалық күштен бөлек, баспен дұрыс ойлану керек қой. Екіншіден, өз ісінің шынайы жанкүйерлері азайып кетті.

– Бакуде аяқталған әлем чемпионатында алтынсыз қалдық. Ал Лондон Олимпиадасының алауы жанатын күн алыс емес. Бас жүлдесіз қалудың басты себептері не деп ойлайсыз?

– Серік пен Әділбек төрешілердің кінәсінен алтыннан қағылды деген пікірмен өз басым келіспеймін. Мәселен, Серік бүкіл әлем спортшылары таниды. Өз салмағындағы қарсыластарды жіті зерттеп алды. Финалда Тарас Шелестюк жүзін жауып, қорғанды да жүрді. Ал Серік оның қорғанысын тас  талқан ете алмаған соң, төрешіге наз айтудың қажеті не?! Әділбектің кубалық қарсыласы әлі жас бала. Бірақ, жылдамдығына сүйсінуге болады. Жеңіл салмақтардағы жараның әлі жазылмағанын байқадық. Ел чемпионатының ақтық сынында жеңіл салмақтағы боксшылар футболдағы есеп сынды, 2-3, 1-2 есебімен жеңіске жетіп еді. Осы қорқыныш алдымыздан шықты. Жеңіліп қалдық. Бірақ, байбалам сала бермей, нақты іске, қызу дайындыққа көшуді  қолға алған жөн.

– Қазір көптеген маңдай алды боксшыларымыз  бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB)  бақ сынап жүр. Кәсіпқой мен әуесқой бокстың араласып кетуіне қалай қарасыз?

– Негізі, бұл жобаны өз басым құптамаймын. Себебі, бокс тазалығын жоғалтып алатын сияқты. Кәсіпқой бокста үлкен ақшаның жүретіндігін біз білеміз. Мүмкін, жастарды қаржы қызықтыратын шығар, мүмкін ұлттық құрамадағы орнын осылай қайтарып алғысы келетін шығар. Бірақ, әуесқой бокс пен кәсіпқой бокстағы жұдырықтасу мәнері әртүрлі. Бірде әуесқоймен, енді бірде кәсіпқоймен шұғылданып жүрген жастар өзіне не керектігін білмей қалуы мүмкін. Қазір «Астана арландарына» өте көп мөлшерде қаражат бөлінуде. Алайда, біздің жігіттер өз мүмкіндіктерін жіберіп алғанын федерация басшысы Тимур Құлбаевтың өзі мойындады. Бүкіләлемдік бокс сериясының ең алғашқы маусымына әлемнің мықты боксшылары қатысқан жоқ. Сол мүмкіндікті біз пайдалана алмай, финалда жеңіліп қалдық. Енді топ жару қиын болатын шығар. Федерация басшысы егер осы маусымдағы нәтиже ойдан шықпаса, «Астана арландарына» бөлінетін қаржының қысқаратынын айтты. Мен бұл ұсынысты қолдаймын. Көрсеткіш төмен болса, қыруар қаржыны құр шығындамай, спорт мектептерін салуға неге жұмсамасқа?!

– Алматы қалалық бокс федерациясы қаржыдан қиындық көріп жүрген жоқ па?

– Шыны керек, асып – тасып жатқан жоқ. Алайда, бар қаржыны орнымен жұмсап жатырмыз. Жылдың жоспарын жасап қойдық. Қандай жарыстарға кім барады, қай елде қандай жаттығу жұмыстарын жүргіземіз деген мәселені де алдын ала шешкнебіз.Мәселен, алда үш халықаралық турнир өтеді бокстан. Сол жарыста бақ сынайтын спортшылар әлдеқашан анықталды. Осы орайда басшылықтың боксқа, жалпы

Әңгімеңізге рахмет!

Қасенова Дана,

ҚазҰУ-дың студенті.      

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар