//

Түркияға қазақтарды қабылдаған Қаулыға 60 жыл толды

695 рет қаралды
1

Иә, айтулы құжатқа қол қойылған күн – 1952 жылдың 13- наурызы.
Сол күні Демократиялық Партияның төрағасы және Басминистр Аднан Мендерестiң басқаруында жиналған Түркия Республикасы Министрлер кабинеті Пәкстан, Үндістан және Кәшмірдегі 1850 қазақтың Түркияға қоныс аударуын қабылдаған шешімді мақұлдаған-ды.
Осы құжатқа 60 жыл толуына байланысты Түркия қазақтары 17 Наурыз 2012 сенбі күні сағат 14.30-да Топкапы ауданындағы Басминистр Аднан Мендерестің кесенесіне барып, оның аруағына Құран оқып түрік халқына деген алғыстарын тілге тиек етеді.

Осы іс-шараға бір қатар саяси партиялардың өкілдері, Қазақстанның Түркиядағы  елшілігі және консулдықтың қызметкерлері, жергілікті қазақтар, олардың ұйымдары, журналисттер, ғалымдар және көптеген адам қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар, бұл іс-шарада Түркияның 1991 жылдың 16 желтоқсаны  күні Қазақстанның тәуелсіздігін әлемде тұнғыш таныған ел болуы, сондай-ақ, 2 Наурыз 1992 жылы екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарының басталуының 20 жылдығына байланысты қазақ халқының алғысы айтылады. Сол үшін Басминистр Аднан Мендерестің кесенесінің қасындағы Президент Тұрғыт Өзалдың да бейітіне барып аруағына Құран бағышталады.
Жасасын түрік – қазақ халықтарының достығы, жасасын Түркия мен Қазақстан Республикалары.

Әбдіуақап Қара,

Мимар Синан инстиутының профессоры,

Ыстамбұл.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Қазақтың қаралы көшінің ізі қайда қалмады… Түрік бауырларымызға Алла разы болсын!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі