//

Журналистік білім беру: Теория мен тәжірибенің үндесуі

1046 рет қаралды
4

Алматыда Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінің 230 аудиториясында “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Қазіргі кездегі журналистік білім беру: идеялар, тұжырымдамалар, жаңа технологиялар” атты дөңгелек үстел және журналистика факультетінің қазақ бөлімінің мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг басталды. Шара ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының қаржылай қолдауымен өтіп жатыр.

Павлодардан келген Асыл Әбішев пен Жаңарқа Ибраева

1-қарашада өткен дөңгелек үстелде бүгінгі журналистика және журналистік білім берудің кейбір проблемалары сарапқа салын. Дөңгелек үстелге Алматы мен Астанадағы жетекші ЖОО-лардағы оқу орнының оқытушылары, өңірдегі журналистика факультетінің ұстаздары, бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Ең әуелгі проблема – теория мен практиканың өзара үндесе алмай жатқандығын, студент 4 жылы базалық білім алғанымен, газетке қызметке барған кезде екі ауыз сөздің басын қоса алмай қиналатыны екендігі айтылды.

СЫРТТАЙ ОҚУ ЖАБЫЛДЫ

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультеті деканының ғылым және инновациялар жөніндегі орынбасары Қарлыға Мысаева мен КИМЭП университетінің “БАҚ журналистика” департаменті “Журналистика және БАҚ” кафедрасының меңгерушісі Шолпан Қожамқұлова

Дөңгелек үстелге қатысқан Қазақстан журналистикасы Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев ХХІ ғасыр технология ғасыры компьютер басты адам мен баспасөз релизін ақпарат ретінде пайдаланатын журналистерді тудырғанын айта отырып, журналистика факультеттерінде сырттай білім берудің тоқтатылғанын жеткізді. Сағымбай Қозыбаев бүгінгі таңдағы басты проблема оқтыушылардың өзінде екендігіне де тоқталды. Өйткені, өздері журналистік қызметтің қыр сырынан бейхабар, ақпарат жазуды білмей тұрып, оқытушы студентке не бере алады? деген пікірмен бөлісті.
Қазір Мемлекеттік білім беру стандарттарын жасайтын оқу орны – ҚазҰУ. Жалпы мемлекет тарапынан міндеттелетін пәндер бүгінде азайған. Демек, оқу бағдарламасын әрбір оқу орны өзі жасайды. Әрине, мемлекет тарапынан міндеттелетін пәндер баршылық. Алайда, Болон үрдісінің негізгі мақсаты студенттерге таңдау еркін беру. Кредиттік технология дегеніміз осы.

ЭКОНОМИКА ТАҚЫРЫБЫНА ЖАЗАТЫН ЖУРНАЛИСТЕР ТАПШЫ

Семинар басталардан бұрын

“Қазақ газеттері” акционерлік қоғамының президенті Жұмабек Кенжалин Қазақстанда экономика тақырыбын жазатын журналистердің тапшы екенін айтты.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінің деканы, профессор Өмірхан Әбдіманұлы дөңгелек үстелдің мәні мен маңызын таныстырып тұр

– “Қазақ газеттері” акционерлік қоғамында алты басылым бар. Олар “Ана тілі”, “Экономика”, “Ұйғыр авази” газеттері және “Ақиқат”, “Мысль”, “Үркер” журналдары шығады. Осылардың арасында “Экономика” газетіне кадр таңдау өте қиын болып тұр. Себебі осы тақырыпта сауатты және салиқалы талдау жасай алатын журналист жоқтың қасы. Аталған газетке бірнеше журналист қызметке алдық, алайда олар ұзақ уақыт жұмыс істей алмады. Алты ай бойы мүмкіндік бердік. Егер тақырыпты игеріп кете алмаса, амал жоқ ол адаммен қоштасуға тура келеді.Сол секілді халықаралық тақырыптар мен заң тақырыбында жазатын журналистер де некен-саяқ, – деді ол.

КАДР – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛЫП ОТЫР

Бұған дейін журналистер Алматы мен Қарағанды университеттерінде ғана оқытылып келсе, қазір Қазақстанның барлық өңірінде Журналистика факультеті немесе журналистік бөлімдер ашылды. Сол себепті де журналист мамандар медиа нарықтың сұранысынан артық дайындалуда. Сөйте тұра маман тапшылығы көзге ұрып тұр. Оның себебі неде? Дөңгелек үстелде сөз алған “Қазақстан-Zaman” газетінің президенті Ахмет Аляз қазіргі қазақ журналистикасындағы екі проблеманы сөз етті. Оның бірі – журналистика факультетінде тәжірибенің аздығынан, оқуды бітірген адамдардың арасында дайын мамандардың аздығы. Екіншісі, журналист маманның еңбегінің тым төмен бағалануы.
– Өндірістік тәжірибеге келген студентті арықарай тәрбиелеп, жақсы маман ретінде баулып алғаннан кейін, жалақының аз төленетіні себепті олар нәпақаны басқа саладан іздей бастайды. Сөйтіп, жақсы журналистер жоғары жалақылы жұмысты іздеп кетеді, – десе:

Павлодар облыстық “Сарыарқа самалы” газетінің бас редакторы Асыл Әбішев аймақтық журналистика үшін мамандар тапшылығының ең басты мәселе екендігін айтып өтті. Ол мамандарды мектеп қабырғасынан дайындауға басты назар аударатынын сөз ете отырып, негізінен Астаналық Еуразиялық ұлттық университеті мен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен келісім шарттақ отырдық деді.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық қорының ақпараттық даулар бойынша Халықаралық сараптама орталығының жетекшісі Ғалия Әженова құқықтық журналистиканы оқытудың өзекті мәселелерін сөз етті

– Қазір “Дипломмен ауылға” атты жақсы бағдарлама бар. Ол бойынша, мұғалім, әлеуметтік сала мамандарының ауылға келуін ынталандыру үшін арнайы жәрдемақылар төленіп, баспанамен қамтамасыз ететін арнайы жеңілдіктер бар. Ал журналистің арнайы дәрежесінің айқындалмауы салдарынан, оларды “Дипломмен ауылға” бағдарламасы аясында өңірлерге шақыра алмаймыз. Сол себепті де аудандық қазақ газеттері дизайнер, беттеуші секілді қазіргі заманда сұранысқа ие мамандарға зәру, – деді.

Сөз соңында жиынға қатысушылар студенттерді тәжірибеден өткізу үшін студенттік жалпы қоғамдық ақпарат құралын шығару қажет деген қорытындыға келді. Дөңгелек үстелге қатысушылар журналистік білім беруге қатысты өз ұсыныс, талап тілектерін айтып оны журналистік білім беруші ЖОО-ларға, журналистік ҮЕҰ-дарға және Білім және ғылым министрлігіне жіберу қажет деп тарасты.

“Мінбер-ақпарат”.

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Жоғарыда аты аталған адамдардың сөйлеген сөзін Мінберден оқи аламыз ба?

  2. Салем, Жандос! Алғашқы презентацияларды “Мінбер сайтына қоя бастадық. Сілтемесі мынау: “http://www.minber.kz/2012/11/%D0%B0%D2%9B%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%A3-%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%BC%D1%83%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3/
    Кейін “Журналист болам десеңіз” деген айдарға кіріп бақылап отыруыңызға болады.

  3. БЕГЖІГІТ отыр…. Бітірген ештеңесі жоқ… Алдыңғы қатарда))) ҚАЗАҚ-ТҮРІКТІҢ журналистикасын көтермей ме?

  4. Бұл форумның өткізіліп жатқандығы жақсы бастама болды. Жер – жердегі журналистер мен оқытушылардың бас қосқан дөңгелек үстелінде өте өзекті тақырыптар қозғалған екен. Әсіресе, сырттай оқудың жабылуын қолдаймын. Қабілеті мен атағы, жақсы келбеті немесе материялдық жағдайына көп сүйеніп, журналистиканың не екенін мүлдем білмейтін, көпке топырақ шашпайын, саны көп, сапасы жоқ мамандар көбейіп кетті.Солардың көбі-эстрада жұлдыздары екені мәлім. Сондықтан теория мен практиканы мықты меңгермей нағыз маман болу екіталай!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі