Мына шалдар кетеді ертең, дау бар ма?
Біз өзіміз айналамыз «тауларға».
Мейірхандар қартаяды қудай боп,
Есенқұлға ақсақалдық ауғанда.
Мүлде бөлек ұлысы да ұраны,
Ойхой, шіркін, ел боламыз мұралы.
Өтежандар шығады ертең бізден де,
Енді, әрине, өзгелер де шығады.
Шығады өрге жүйріктер мен жабылар
Бүркіті бар,
Жапекеңі тағы бар,
Өзіміздің Олжасымыз болады,
Бір Олжасқа бір тәржіман табылар.
Бүгінгі күн Қадекеңде тұрған бақ
Ауысайын қайсыңа деп жүр барлап.
Н. Рубцов болам дейді Аманхан,
Сонда біздің Тоқашымыз кім болмақ?
Қазірден-ақ шаруасына тас, мығым,
Сейтқұлдар шығар, бәлкім, бастығым.
Байбота шал отырады балконда,
Қай пәтерде калды екен деп жас күнім.
Өрекпімей, байқай шабар ма екенбіз,
Өрге қарай шайқай салар ма екенбіз?
Қырық жастан асқаннан соң біздер де
«Атақ бер» деп айкай салар ма екенбіз?
Ұсақ емес, сақалар ма екенбіз,
Атан бермей, ат алар ма екенбіз?
Қазақ үшін жан қинамай жүріп-ақ,
Қазақ жазушысы атанар ма екенбіз?
Мұрагерің біз боламыз, жарық күн,
Сен де бізге басқа емессің, ғаріп түн.
Қасиетің де, қасіретің де – еншімде,
Қара өлеңі қазақ деген халықтың.
Әңгіме ме, болмас, бәлкім, болар шен,
Туады өлең – сене бергін, оған сен.
Жұлдыздардай самсап өлі тұрамыз,
Жұлдыздардай сирейміз біз содан соң…
Содан соң ба?
Күледі жел жындана,
Күрсінеді жасыл қала, гүл қала.
Содан кейін… отырады ойланып,
Біздер жайлы өлең жазып бір бала…
Есенғали Раушанов. Әдеби жыл қорытындысы баяндамасына қосымша

Соңғы жазбалар
Жапырағы жасыл жаутерек, Жайқалмағы желден-дүр… /Шалкиіз/ Жиырма жетінші жылы туғандар… Алыптар шоғыры. Ұлт руханиятының тұғырлы тұлғалары.
Тамыз айының екінші жартысына аяқ бастық. Алда жаңа оқу жылы басталады. Осы тұста еліміздегі Жалпыға міндетті
Қоғам қайраткері, оппозициядағы саясаткер Балташ Тұрсымбаев 76 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл хабарды серіктері әлеуметтік
Абай облысы, Аягөз қаласы, Ысқақ Сүлейменов көшесі, 17 В мекенжайына орналасқан жатақхана тұрғындары туралы, дәлірек айтқанда
Дәстүрге айналған халықаралық “Қасиетті қазақ елі” V өнер фестивалы 11-12 тамызда тарихы терең Тараз қаласында өтті.
Тамыз айы келісімен ата-аналар әбігерге түсе бастайды. Себебі әне-міне дегенше жаңа оқу жылы басталады. Оқу жылына
Әріптеске араша. Әсел Жақыпбекова екі баланың анасы. 2020 жылдан бері қос бүйрегі ауруға шалдықты. Содан бері
«Басында әр түйіршігінен ләззат аласың, уақыт өте келе эйфория басылады. Сол кезде ештеңе сезінбесең де, қолдануың
Орал қаласында тұратын Гүлназ Асқарқызы (46 жаста) көп балалы ана. Ол биыл алтыншы баласын дүниеге әкелді.
19- шілде күні Мінбер сайты«Көп балалы аналар» жобасы аясында апта сайынғы тікелей эфирін өткізді. Бұл жолғы