//

Аудармадағы түйткілдер талқыланды

1071 рет қаралды

Бүгін, яғни тамыздың 23-інде, Алматыда Достық қонақ үйінің конференц залында  “Қазіргі ғылыми аударма теориясы мен практикасы” атты дөңгелек үстелде “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясындағы “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасын іске асыру барысы талқыланды.

Шараға жоғары оқу орындарының оқытушы-ғалымдары, аудармашылар, редакторлар, баспагерлер, тілші және әдебиетші мамандар мен жауапты мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы аясында аударылып жатқан оқулықтарды аудару барысындағы қиындықтармен, түйткілдермен және проблемалармен бөлісті. Бірінші мәселе, осы уақытқа дейін бірізге түспеген терминдер, ағылшын, орыс әлемімен сай келмейтін қазақы дүниетаныммен үйлестіру, ұғымдармен сәйкестіру секілді түйткілдер болса, екінші мәселе – әлі де электронды айналымға енбеген қазақ тілінің түсіндірме сөздігін, фразеологиялық, тұрақты сөздердің орыс-ағылшын тілдерімен салыстырмалы баламалы ұғымдары, әлемдік классиканың қазақ тіліндегі аудармаларының интернетке орналасуы секілді мәселелер талқыланды.

www.minber.kz 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі