///

E-learning бағдарламасының ақыры

2036 рет қаралды

Коронавирус пандемиясы Қазақстанда қаншама бағдарламаның шала қабылданып, ат үсті жасалғанын көрсетіп бергендей.

Бір айдан бері еліміздің жоғары оқу орындары жаппай онлайн оқуға көшті. Ал бүгін еліміздегі 8 мыңдай мектепте жаңа тоқсан басталды. Алғашқы күннен-ақ онлайн оқытудың мүмкін еместігі айқындалды. Қазір оқушылар жаппай қашықтан оқуға кірісуде. Бұл білім сапасына айтарлықтай кері әсерін тигізетіні анық.

Осы орайда біз Білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және E-learning туралы зерттеп көрдік. E-learning бағдарламасының негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарын электронды оқытумен қамтамасыз ету. Бағдарламаға сәйкес 2020 жылы білім беру мекемелері 90 пайызға дейін қамтылуы тиіс еді. Бүгінгі күннің шынайы бейнесі бұдан мүлдем алыс жатқанын танытты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 6 маусымындағы № 631 Қаулысы бойынша электронды оқыту жүйесі Ұлттық ақпараттық жүйелер қатарына енгізіледі. Ақпараттандыру туралы заң негізінде жоба интеграторы ретінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» (НИТ) АҚ тағайындалады.

Деректерге сүйенсек, аса қымбатқа бағаланған бұл жоба басталмай жатып, басынан дау арылмаған екен. Айталық, 2013 жылы аталған компания мен Білім және Ғылым министрлігі өзара соттасып, келісілген 25  миллиард теңгенің 9,5 миллиардын бюджетке қайтаруға әрекет етеді. Ашық дереккөздері 2011-2014 жылдар аралығында осы мақсатта 27,5 миллиард теңгенің жұмсалғандығын айтады. Ал, 2015-2017 жылдарға тағы 16 миллиард бөлу көзделген.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» (НИТ) акционерлік қоғамының ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, электронды оқыту бағдарламасының алғашқы үш жылының бюджеті төмендегідей болған.

67,2 % (18 956 732 мың теңге, шамамен 104 млн.долл.) – негізгі жабдықтар, сервер, компьютер, және оргтехника;

10,8 % (3 045 931, 2 мың теңге, шамамен 16,7 млн.долл.) – 2013 жылы сандық білім беру ресурстарын дайындау;

8,6 % (2 424 068, 9 мың теңге, шамамен 13,3 млн.долл.) – Интернет жүйесіне қосу қызметтері;

6,8 % (1 928 949, 3 мың теңге, шамамен 10,6 млн.долл.) – қызметтерді іске қосу, жобаның техникалық қызмет көрсету жүйесін басқару, консалтингтік қызметтер;

4 % (1 124 539, 4  мың теңге, шамамен 6,2 млн.долл.) – лицензияланған бағдарламамен қамтамасыз ету;

2,6 % (725 940 мың теңге, шамамен 4 млн.долл.) – жүйенің бағдарламалық шешімі

2016 жылы сол кездегі Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов еліміздің бүкіл білім беру ошағының электронды оқыту жүйесіне дайын екендігін айтып, жобаны іске асыру үшін  2020 жылды күтудің қажеті жоқ екендігін жеткізген.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ)– Қазақстан ақпараттық технологиялар нарығындағы ірі компания, 2000 жылдан бері жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы білуге болады. Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы мәліметке сүйенсек, компанияның мемлекетке төлеген салығының көлемі төмендегідей болған екен.

БИН/ИИН 2014 2015 2016 2017 2018
000740000728 1 662 562 757.97 1 451 409 425.21 2 076 319 490.00

 

3 657 974 960.00 0.00

Дереккөз: Госзакуп сайты

Өкінішке қарай, бүгінгі ауылдағы интернет провайдерлердің күші өте төмен. Кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілді деген күннің өзінде, оның жылдамдығы жайында әңгіме қозғау артық. Жақында 31 телеарнаның «Информ бюро» бағдарламасы ауылдағы студенттердің интернетке қосылатын желі іздеп, тау-тасты сағалап кеткендігін көрсетті. Енді оған мектеп оқушылары қосылды. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің статистикасына сүйенер болсақ, 2018 жылы Қазақстанда 7,047 мектепте 3 миллионға жуық (2,972,319) оқушы білім алған. Оның ішінде ауылда 5,348 (1,394,785 оқушы оқиды) мектеп бар, оның 2944-і (204,121 оқушы оқушы) шағын кешенді мектеп.

2019 жылдың Қазан айындағы жағдай бойынша, 93 мектеп интернетке мүлдем қосылмаған (бағдарламаның басты мақсаты бойынша кең жолақты интернет барлық мектепке жетуі керек еді), ал қалған 684 мектептегі интернеттің жылдамдығы өте нашар.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі