///

Коронавирусқа қарсы вакцина жайында не білеміз?

955 рет қаралды

Иә, вакцина вирустан емдемейді, қорғайды. COVID-19 пайда болғалы әлем вирусологтары оған қарсы вакцина жасаумен айналысып жатыр. www.healthline.com сайтының мәліметіне сүйенсек қазір әлемде 100-ден аса жоба дайындалған. Мамырдың 11-індегі жағдай бойынша, соның сегізі адамдарға салынып, тексеріліп жатыр. Мамырдың ортасында Ұлттық Денсаулық сақтау институтының өкілі вакцинаны жаппай тестілеудің  шілдеде басталуы мүмкін екендігін айтады, егер ол сәтті болса, келесі қантарда жұртқа сала бастамақ. Басқа сарапшылар вакцинаның 2021 жылдың жаз және күзінде дайын болуы мүмкін екендігін ескерткен. 

Төменде кейбір вакцина үлгілерін салыстырып көрейік: 

  • Moderna. Наурыз айында Вашингтон штатының Сиэтл (Seattle) қаласында компания  RNA (mRNA) атты вакцинасының алғашқы клиникаға дейінгі І фазасын тестілеуді бастаған. Мамырдың ортасында компания вакцина 45 адамда вирусқа қарсы антитела қалыптасқанын мәлімдеген. Мамырдың басында компания вакцинаның екінші кезеңін тестілеуді бастап кетті. Үшінші кезеңді шілдеде бастау жоспарлануда. Егер, үшінші кезең де сәтті болса, АҚШ Азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы оны жаппай қолдануға рұқсат беріп отыр. 
  • Inovio. Желтоқсан айында COVID-19 пайда болған кезде компания  MERS-ке (басқа коронавирустың салдарынан пайда болған) арналған вакцина дайындап жатқан еді.  Бұл вакцинаны олар жылдамдатып қазіргі  COVID-19 вирусына қарсы дайындауға мәжбүр болды. Сәуірдің соңында вакцина 40 адамға клиникаға дейінгі кезеңін тестілеу үшін салынған. Осы жазда екінші, үшінші кезеңдері сынақтан өтпек.  
  • Англиядағы Охфорд университеті. Cәуірдің соңында 500ден астам адам алғашқы сынақтан өткен. Охфорд университетінің өкілдері вакцинаның мүмкіндігін 80 пайыз деп бағалап, оның Қыркүйек айында дайын болатынын мәлімдеген. 
  • Австралияның Queensland университеті сәуірдің басында сынақ жасауды бастап кеткен. 
  • Johnson & Johnson және Sanofi фармацевтика компаниялары өз вакциналарын жасап жатыр. Өзге де фармацевтика компаниялары өз вакциналарын дайындап алғашқы сынақтан өткізіп қойған. 
  • Қазақстанда COVID-19 вирусына қарсы вакцина клиникаға дейінгі сынақтан өте бастады. Осылайша, Қазақстан ресми түрде COVID-19 вирусына қарсы вакцина әзірлеуші елдер қатарына қосылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың әзірлемесін тіркеуге алып, өзінің ресми сайтындағы клиникаға дейінгі сынауды бастауға рұқсат етілген COVID-19 қарсы вакцина жасаушы үміткерлер тізіміне қосты. Инактивтендірілген вакцинаны ҚР БҒМ Ғылым комитеті Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері әзірлеген. Ол Қазақстан аумағында науқастанған адамдардан бөлінген вирус штаммының негізінде жасалды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерін құттықтады. « Бұл қазақстандық ғылымның мемлекетіміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ елдің мықты ғылыми әлеуетінің дәлелі. Институт ұжымы қауіпті және аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналардың жаңа түрлерін әзірлеуде өзінің жетекші рөлін тағы бір мәрте көрсетті» делінген жеделхатта. Енді институт ғалымдары клиникаға дейінгі және клиникалық сынақ жүргізуі керек. 

Дегенмен сарапшылар вакцинаның жалпы халыққа жетуі үшін әлі 12-18 ай қажет болатындығын айтады.  

Есен Байнұр

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері